91 пікір

urimtal
блогшылар бір-бірінен алшақтап бара жатыр деп ойлаймын. Блогқұрылтай арқылы блогстандағы мәселеге назар аудартуға болатын тәрізді. Бірақ бір есептен саясатқа үш аласым, бес бересім жоқ деп қарайтындар бұған не дер екен?
Abilakim
Блогқұрылтайдың дәстүрлі түрде өтіп отырғаны жақсы ғой. Бұл, өзімізге пайдалы, ал, саясаттағылардың не ойлайтындығы мен үшін маңызды емес.
urimtal
иә, @erlankarin «Бірақ, басқа жағынан Уордпресс-тің төңірегендегі жағдай, басқа да мәселелерді көтерер едік. Ақпарат министірін шақыртайық»деген соңғы пікіріне қарағанда мәселеге назар аудартуға болатын мүмкіндік деп қарайтын тәрізді. Егер жиын болса, онда оны Блогқұрылтай емес, жай кездесу дегендері жөн шығар. Блогқұрылтайға шетелден қазақтар келуі керек қой
Abilakim
Шетелдерден қазақ алдыра салу проблема емес қой, егер шын мәнінде өткізгісі келсе. Бірақ, араға жыл салу керек секілді. Әйтпесе, «Екі жұлдыз» секілді алты-жеті ай сайын бола берсе сәні кетер
Gastarbaiter
Осы жерде қателестің. Жәй жиналып тұру үшін десең, былай да өзіміз жинала салуға болады.
Бақташылар шақырса, олардың сені бауыздарға, немесе жүніңді қырқып жөніңе жіберуге шақырғандығын анықтап алған жөн. Оларға не керегін, және саған олардан не керегін алдын ала ойластырып қатысқан жөн саясаткерлер қатысқан ортаға. Және, сол кездесуден бір нәтиже шығаруға, саясаткерлер арқылы жамағатқа бір месседж айтуға, не пиар жасауға тырысу керек. Есесіне, олардың да месседжін насихаттайсың.

Олар сенімен әнек айтысып, өтірік әңгімелеріңді тыңдауға келмейтіндігі анық.
urimtal
Ерлан Қариннің ниетін түсіну үшін онымен кездесу өткізу керек болар. Астанадағы блогшылар ол кісімен кездесуге ниет танытар ма екен?
Abilakim
Ниет дегеннің өзі түпсіз терең құдық секілді нәрсе ғой…
urimtal
Әбеке, әйтеуір бей-жай қарамай үн қатып отырғаныңа қуанып отырмын. 10 адамға жазба ұнаған екен. Бірақ несімен ұнағанын ашып айтса ғой деген тілек бар…
Abilakim
Қазақ блогосферасының керегесі кеңейгені жақсы ғой әрине. Соған деген қадамдардың нәтижесінде «Бірінші Құрылтайымызды», журналисттер күніне қарсы ашылған «Казжур»блогтұғырнамаларында блогерлер санының жайлап болса да көбеюінен жақсылық нышандары байқалады.(Неге сол тұғырнамада спамдар көп?!)
«Жапалақты таспен ұрсаң да, жапалақпен тасты ұрсаң да жапалақ өледі» демекші саясаткерлердің саяси ойынына айналып кетпесе болды блогшылар. Ақындардың өзін Умраға апарып, кәмпит берген баладай қылып қойған жоқ па?
Gastarbaiter
Негізі жалпы ештеңемен ұрмасаң да ақыр түбінде өледі жапалақ.
Qojeke
Әбіл, қазір өмір солай. ПиАр деген бар. Біреудің асын ішіп, аяғына түкіре алмайтындай кіріптар болып қаласың.
Qojeke
Пост емес, постың сүйіншілеген тақырыбы мен мазмұны ұнаса керек
Gastarbaiter
Блогшыларға бәрібір ғой,
Тегін берсе, уксусты да «тәтті» дегізеді демекші, әншейінде өзге жұрт миллиардтап ақша құйған киносына еш ойланбастан «гәунө» деп жазатындарымыз әлгі киноны да көріп, жақсы жақтарын іздеп миымыздың бүкіл күшін салып ойландық емес пе?
erlankara
Саясаткерлер деп тақырыпқа шығарғасын — барлықтарыңыз құрылтайға саясаткерлер қандай қатысы бар, немесе қандай қатысы болу керек деп басқа тақырыпқа ауысып, бос даурығып кеттіңіздер. есімде болса, бірінші құрылтайды да өткізуге ұсыныс жасағанымда да осылай кейбіреулер күдіктеніп, сескініп, ол бастаманың астарында не жатыр екен деп талдап жатты. Кейін сол құрылтайды өткізуге бастаманы көтерсек те, оны ұйымдастыруға, ондағы тақырыптарды анықтауға ешбір араласпай, барлық жұмысты блогшы жігіттер өздері атқарған болатын. Сондықтан, күдіктің бәрі бос. Бұл біріншіден. Меніңше, жиынды қалай атасақ та өз еркіміз. Мәселе онда да емес. Жыл сайын кездесуге де болар еді. Бірақ, қазақ блогы — жаңа дамып келе жатқан жаңа бағыт. Қатары да шын айтқанда көп емес. Сондықтан, темтпі жоғалтпай, сол серпінді сақтау қажет. Ертең қалыптасып кетсе, қатары молайса, жыл сайын ба, төрт жыл сайын бәрібір бір дәстүрге көшуге болады. Соңғы құрылтайдан кейін Уордпрестің өзі бір емес, бірнеше рет жабылды. Блошылаодың көбісі басқа платформаға кетті. Кейбіреулері тіпті қойып кетті. Твиттерде 1 күнді қазақ тілі деп жарияласа да, орыс тілділерді айтпағанда, қазақ тілді блогшылардың өзі оны ұмытып кетті. Кейбір орыс тілді басылымдар соны керек болса бетімізге басып айтты. Қазақ тілінің заң жобасы талқылағанда қазақ журналситері мен қазақ блогшылардың ұйымдасқан даусы естілмеді. Сондықтан, қауымдастықты дамыту керек. Әзірше осы
Zhan
Дұрыс айтып отырсыз. Қауымдастықты дамыту керек.
Qojeke
Ереке-ау, қазақ блогшыларының саны сіз айтып отырған келімсек ұрпақтарының арасындағы блогшылардан аз. Бұл жерде масса да роль ойнайды.
Zhan
Өткені дұрыс, өйткені, блог бір ашылып, бір ашылмай тұр ғой.
Abilakim
Оның үнемі ашылып тұруы үшін емес, блогшылардың да айтары бар, азаматттық журналистикада жүрген жандар екенін көрсетуге және дәлелдеу үшін өткізу керек. әр нәрсеге шынайы көзқараспен қарау үкіметтік және оппозициялық арналар мен газеттерден көрі осы блогтарда көп байқалады
meirzhan
kk.wordpress.com-да бұрында жазылған жақсы жазбалар көп. және де блогшылар үшін жеке пәтер іспетті ғой. Түбінде жабылып қалса жаман-ақ, қанша жазылған дүниелер зая кеткен сияқты болады.
nurbergen_makym
Сол жерде блоггерлерді «Нұрмедиа» штатқа алса да болад…
aak
award.kz шаралары кезінде қазақ блогшылар өз кездесулерін ұйымдастырғаны есімде, оны Urimtal, Nurgissa, Timur, т.б. бастап жүрген. Осы жылы award.kz марапаттауы қарашаның 16нда өтеді www.award.kz/site/index/lang/kz.html Соған жан-жақтан келетіндердің, Алматыдағылардың бастарын қосуға болмас па еді?
balzaminka
jax oi eken. Wynymen de jedel turde 1 wara koldanbasa qazaq blogwylary tarih bolp kala ma dim. Kuryltai aldyndagy men keingi kezindegi blogwylardn karkyny jax edi, kazir uzak uykyga ketken sekildi, oyatatn osyndai is-warany koldaimn
asaubota
құрылтайларды Алматыда өткізе берген дұрыс сияқты менің ойымша. Астанада шыны керек потенциал жоқ. біз мында мына керекинфоның өзі дұрыс жинала алмаймыз, сондықтан ұйымдастыру жағы туралы мүлдем үндемегн жөн.
balzaminka
астаналықтар да өткізе алады, еріктілер де табылып жатыр ғой, мен де көмектесем қолымнан келгенімен. Астанадан қанша блогшы бар, бәрі де бір жаға мен жеңнен шығара алады деп ойлаймын. Бар болғаны, жауапкершілікті бір кісі алғаны керек Асхат секілді

Сосын, жоспарларды бұл жерде жарияламаған дұрыс шығар, жабық қауымдастықта ма дұрыс сияқты, әйпесе еш сыры қалмас
talgatjez
Екі қолыммен де қодаймын!
Үйлестіруші, (жүк тасушы, даяшы, аудармашы) болуға дайынмын!
Жұмыла көтерген жүк жеңіл!
Zilola
иии жаны )))
VKM
ертең сенің болатын туған күніңе де бола аламын)))хехе
Daniar-Alan
деп жазып отырған Талғат ақыр соңында тек құрылтай ғана емес, онан кейін де біршама шараларды өз мойнына алатынын ойлады ма екен?!..
talgatjez
 Келер форумды ойластыра беру керек. Қашан, қайда болады деп, жұрттар сұрап жүр. Ми шабуылын (Brainstorming) жасаймыз ба, Даке?
Daniar-Alan
бүгін ақылдасайық.
asaubota
мындай ой бар да: құрылтайларды ешкімнің жолақысын, жататын жерін төлемей-ақ нетуге болмас па екен? мақсат басқосу ғой, келгісі келгендер келер еді бәрібір.
Gastarbaiter
Соны айтам. Өзің де біреудің пирожкиін жеп, енді билеуге міндетті сезінбейсің. Сондай тегін акция, қырт-шырт дегендерді іздеп жүретін массовик затейниктер сөйлесінші.
asaubota
былтыр тегін барып, тегін жатып-ішіп қайттық. жақсы болды бәрі.

енді форматын шамалы өзгерткен дұрыс па деймін. мысалы презентация санын да азайтса. келушілер бір-бірімен уақыттарын көбірек бірге өткізсе жақсы болатын сияқты. бір семинарға келгендей әсер болмауы керек. жәй әншейін тусовка түрінде болса деймін. жеткізе алдым ба?
Gastarbaiter
Білмеймін, мен семинарға барғам жоқ, мен хаос пен импульстың адамымын, Көңіл күйім болса барам.
KILYZAMAN
Былтыр презентациямен мазаларың кеткен ау шамасы :-)
Bekjan
Жеткізе алған сияқтысың… Былтар презентацияларға барып үлгермей жүрдік..) сценариді жақсы ойластыру керек екен…
nurbergen_makym
енді форматын шамалы өзгерткен дұрыс па деймін.
Осы орайда, мынадай идея бар: ел бойынша, бес локация жасап, сонымен, не веб-камерамен, не ПТС-пен онлайнға шығап, пибі ішсек. Әлбетте, талғамға талас жоқ, махито қосылған манты жеуге де болад. Техмүмкіндік болса, қияли жағы қалай?
urimtal
Жақсы ой. Аршат, арамызда әлі де болса өзіңнен көп нәрсе үйренгісі келетіндер барын ұмыта көрме. Тусовка еркін араласуға мүмкіндік береді. Ол жағы сөзсіз. Тусовка форматында білгенімізбен бөлісудің жолын қарастырайық.

Блогқұрылтай семинар да, тренинг те емес. Егер бірінші блогқұрылтайдың қатысушылары өздерін солай сезінген болса, оған мен жауап бере алмаймын. Бар болғаны блогқұрылтайда әрбір келуші (орындық тасыса да) өзінде бір жауапкершілік барын сезінуі керек. Әйтпесе, мәні кетеді.
serjan
Нағыз елге керек жобасы барлар, ІТ тақырыбындағы келгендерге үйретері бар презентациялар ғана көрсетсе, оны алдын ала саралап іріктейтін бір топ болса деген ой ғой пақырыңыздікі. барлық адамға презентация жасауға міндеттеуді қойсаңдар деген ой ғой.
talgatjez
Не ғой, былтыр жолымның ақысын жұмысым төлеп берген (командировка деп). Қазақстан аумағында істейтін блогшыларға да солай істеуге болмас пе екен?
Abilakim
Менікін де жұмыс төлеген. Бұл жерде мынандай бір мәселе бар. Біреулердің жұмысы бойынша ақша бөліп жіберуге заңдық тұрғыдан қабыспай қалу қауіпі бар.
Abilakim
Ал, өз ақшасымен келу дегенге келісемін.
urimtal
Құрылтайдың мақсаты жай ғана басқосу емес, білгендерімізбен бөлісу, алдағы уақытқа ортақ жобалар болса, жүзеге асыру жолдарын қарастыру екенін ұмытпайық. Блогосферадағы мәселенің бірі сол, басталған жобалар коммерцияланбағандықтан әрі қарай дами алмай жатады. Құрылтай сөзсіз ешкімді де әлдебір істі істеуге міндеттемеуі керек. Біреу өз қаржысымен келеді, біреу көкесінің ақшасымен т.с.с. келеді. Онда ешкімнің шаруасы жоқ. Бірақ құрылтайда коммерциялық компаниялар болса, бұл әлдебіреулердің жобасына әрі қарай дамытуға жақсы мүмкіндік екені сөзсіз.

Бірақ коммерциялық ұйымдар болып, солармен еркін түрде байланыс жасаудың мүмкіндігі екенін ұмытпағанымыз абзал.
konvict
Қолдаймын, дауай жасайық. Біріншісіне қатыса алмай күләндә болып едім
Zhanylai
Презентацияларды іріктеуден өткізген дүрыс. Себебі былтыр өз блогтарын жарнамалағандар да болды. Жол ақысы әр адам өзі шығара алады деп ойлаймын.
meirzhan
Бір блогшы айтып еді: Тақырыбы ұқсас презентацияларды біріктіріп, бір аудиторияда өткізу туралы.
Qojeke
ДосТАР, мына жердегі қыртымбай-сыртымбай пікірлерді көріп, ДЕМОКРАТИЯЛЫ ЕЛДЕ ӨМІР СҮРІП ОТЫРҒАНДАЙ БӘДІКТЕРІҢДІ САПЫРМАҢДАРШЫ! БИЛІК ИНТЕРНЕТТІ ҮНЕМІ АЛАҚАНЫНДА ҰСТАУҒА ҚҰМАР! дегеннен басқа қысқа да нұсқа сөз таппадым. Ренжісеңдер де осы.
talgatjez
Нағыз қиын-қыстау заманда: интернет, тоқ, поез жоқ кездердің өзінде қазақтар съез жасап жүретін еді ғой. Қазір сол кезге қарағанда мүмкіндіктеріміз әлдеқайда көп!
nurbergen_makym
Со ғо, енд, Күлтөбенің басында күнде жиын.
Qojeke
Күлтөбе, Мәртөбе, Ордабасы, Қаратау, Алматы, Көкшетау, ....
Пікір өшірілді
Arhun
Жиі жиі өтсе екен осындай құрылтай; кішкене қазақтардың басы бірігіп, жақсы болып қалар еді
Пікір өшірілді
nurbergen_makym
Партия дегенде Ленин елестейтін шығар, ия, нақ?))))))))))
meirzhan
онлайн трансляция жүргізілсе жақсы болушы еді.
patick
былтыр Азаттық жасады, қателеспесем.
meirzhan
есімде, есімде. Веб-камера холлды көрсетті төбеден. Енді мүмкіндік болса презентацияларды да трансляцияласа деген ой ғой.
Gastarbaiter
Пікірлерге қарап кім «шахматист» Аршаттың терминімен, кім эмоционалды екенін білуге болады Әртүрлі мотивтер. Жиын біреу.
Janasil
2-ші Блог құрылтайдың алдындағы дайындық әрі 1-ші Құрылтайдан кейін не істелді деген есеппен кішігірім БАС ҚОСУ өткізу керек секілді. Бастысы жиынды міндетті түрде Астанада өткізу керек. Бұл жағдай balzaminka айтқандай Астаналықтардың арасынан бір лидердің шығуына, және Астана блогшыларына бір серпін әкеліп өз пайдасын тигізері сөзсіз.

Және бірнеше топқа бөлініп ыдырап кеткен блогтардың басын бір жерге жиыстыру керек секілді.
talgatjez
Өте дұрыс!
Qojeke
Астана болсаңдар, дұрыс болмағанда бұрыс бола ма? Әркім көрпені өзіне өарай тартады деген осы. Неге біреуің шығып, Уа, жамағат, келесі құрылтайды Интернет кеңестігінен шалғайда жатқан Ақтау мен Атырауда өткізейік! демейсіңдер? Жеңіле беретін және Алматы мен Астандан басқа қалаларда кездесу өткізбейтін футболдық-ұлттық құрамаға ұқсап тұрсыңдар.
AKY
Ол көрпені өзіне тарту емес. Жауапкершілікті мойынға алу дер едім. Блогқұрылтай өткізу оңай деп едің?
Qojeke
АКИ, сен де Астаналықсың ба?
Beytanis
Жерге бөлінбеңдер, бәттібайлар! © Стоун Хендж бағаналарындағы көсиеттен.
Qojeke
© Стоун Хендж
 Бопты.
KILYZAMAN
Жерге бөлінбеңдер, бәттібайлар!
— Сойылмаған жылқының қазысына таласып… :-(
serjan
Астаналықтардың лидері анық емес пе?
Daniar-Alan
қол шапалақтадым… шынында да лидер шықты және серпіліс алып келді…
talgatjez
Оффлайнда шешу керек сияқты бұл мәселені.
Aldarkose
Солай еткеніміз дұрыс. Интернетте мыжып отыра беретіндер көп қой.
KILYZAMAN
Онлайннан қашсаңдар, құрылтай не бермек елге?
monti
жылда, маусым айында Бурабайға жай 2-3 күндік тусовка ретінде қарастыруға болатын шығар)))) деп өзімше пляж ды ойлап кеткен дейд па))))

енд офиЧл версиям: көктем айында, блог құрылтай болып бұрынғыдай бола берген дұрыс, және әр қалада өткізетіндей болса, бұған себеп, қазнет өз аудиториясын жыяды, және қолдану ауқымыда көбейеді, мысалы, мінбер тренингі жылда жақсы өткізеді, соның аясында, журналист қауым жаңа күш алып, бәрі тренингке қатысқысы келіп жатады. бұлда сол сияқты, Блог Құрылтайды құрал ретінде, жайлап қазақшы контентті көбейтсе болатын шығар , инет деген бір үлкен алып күш барын сезіп/сезіндіру керек сияқты . 10-20 жыл бұрын ТВ көріп, как же так, үйінде отырып алып, инетпен тамақ/киім заказ берді деп АҚШ киноларына таңқалатын едік, қазір ол заманда бізге келді, сол үшін, заман ағымымен жүрейік, білгенімізді үйретіп, білмегенімізді үйренейік
urimtal
Достар, немқұрайлы қалмай пікір білдіргендеріңізге көп рахмет! Осы аптада Астанадағы блогшылар Ерлан Қаринмен кездесуі тиіс. Қосымша ақпаратты солардан күтеміз.

Көктемде Блогқұрылтай өткізер болсақ оны ұйымдастыратындардың арнайы ішкі хат алмасу тобы болғанын мен де құп көремін. Былтырғы тәжірибе соның дұрыстығын көрсетті.
TOTY
Асхаттың «бұл әлдебіреулердің жобасына әрі қарай дамытуға жақсы мүмкіндік екені сөзсіз» дегеніне қосыламын. Былтыр соның арқасында талай жоба грант ұтып алды емес пе? Қазір жан-жақ кеңістіктерге тарап кеткен блогшыларды бытыратпай, бір арнада табыстыратын тағы үлкен жиынның өтуі нұр үстіне нұр болар еді?

*Осы мен блогқа әлі кіре алмай жүрмін, материал да тіркелмейді.Жаздағыдай Операмен де кіре алмадым. Жаңа жолын білсеңдер, ортаға салыңдршы!
e_zhalgas
Екі қолды да, аяқты да аспанға көтеріп жіберіп қолдаймын. Алдыңғы блог-құрылтайдың әсері көп бастамаларға жол ашып, кішкене қазақ интернетіне жан бітірді деген бағыттың құшақтап алған жақтаушысымын. Форматты қайта қарап, пернесүйгіш қауымның көңілі мен қазақ интернетіне пайдалырақ болатындай етіп, жаңаша ойластыру керек дегенді қолдауға дайынмын. Формат ойлап табу процесіне бәрінің басын біріктіріп, әртүрлі ойларды қазанда қайнатып көру керек сияқты.

Жалпы, саясаткерлер ләм десе, бұл бағытта қимыл мен потенциалдың бар екенін аңғартса керек. Оған тек қуанудан өзге амал жоқ!
satibaldi
аяқты да аспанға көтеріп жіберіп қолдаймын
Иә, бұ бір сонша мұңлы көрініс болар еді…
e_zhalgas
 өзіңнің азғын ойларыңнан хабардар болып та қалдық!
satibaldi
Әдетте «Гүлфайрустың аяғын көтеріп» деп айту керек.
e_zhalgas
не айту керектігін үйретуің қалып ед!
satibaldi
949 адаммен жалғыз алыстым, кінә қойма нақ!
Abilakim
Осы жерде Сатыбалдымен келіспеске шара жоқ. Гүлфайрусқа замена болмақпысың?
e_zhalgas
заменаны қонақүйдің бөлмелерінен ізде  сөзге қыстырылмай!
Abilakim
Қайдан білейін, сау омыртқаңа радикулит тілеп отырған өзің ғой
e_zhalgas
не айтпағыңды түсіндім! менікі: всеми руками, ногами «ЗА» дегенді қазақшалаған түрім ғо…
satibaldi
Тәелсіздікке 57-ақ күн қалд, ғақылия жама'ат, тездетіп бірдеңе шешіңдер!
talgatjez
Екі айтарым бар:
1-Назарбаев Университетіні осы айдың соңына қарай Астаналық блогшылармен бейресми кездесу өткізгісі келеді (кейін, уақыты анықталғанда, тағы ескертермін).
2-Жақын уақытта, блогкемп мәселесі бойынша, Астаналықтар, кездессек?
Сосын, если что, Блогкемп өткізетін болсақ, «конференц холлды бере аламыз» деп айтты NU әкімшілігі.
talgatjez
Не ғой, уақыт аз деп қорқудың қажеті жоқ: алғашқы блогкемп емес қой. Не болса, да Блогкемп туралы түсінік пайда болған сияқты. Алдыңғылардың тәжирибелерінен пайдалануға болады.