Ең....

Ең жолым болған кездер:
1990 жылы КазГу-ға оқуға түсуге құжат өткізіп, үш емтихан тапсырдым, жалпы үш «төрттік» деген баға алдым, бірақ, конкурстан өтпей қалдым, еш жеңілдік жоқ, қабылдау комиссиясына құжаттарды алуға бардым, хатшысы бермей қойды, қазір еліңе қайта бер, шешім қабылданып, оқуға түссең телеграмма саламын, ал түспесең, документтеріңді бандерольмен салып жіберемін деді, бір жұма өткен соң телеграмма алдым, әлгі тәтейден))) Қазір ойлаймын, сонда құжатарды қолыма ұстата салса…

Ең қиналып кеткен кездер
1995 жылы ит арқасы қияндағы, орыс-қазағы аралас селода мектепте мұғалім болып жұмыс істедім. Жұмысы ұнайтын, бірақ, бөтен жерде, алты айлап айлықсыз, пәтер жалдап күн көрдік, мектеп ұжымы жақсы, ұйымшыл көрінетін, бірақ ақшаның, электрдің айлап болмайтыны қатты қиын тиді. Сондай қысылтаяң кезде мектептің жылу жүйесі қатып қалып, істен шықты, сынып бөлмелерінде «буржуйка»-пештер қойдық, мұғалімдер орманға барып отын дайындадық, сақылдаған сары аязда, дегенмен ешқандай көңіл шытқанды, тыжырынған әріптесті байқамадым. Қыстың ортасында дайындалған қайың кеспелтектері-дымқыл пеште тұтанбайды, жанбайды, сыныпты жылыту-қыямет-қайым. Тағы да бір жас мұғалім-жігіт екеуміз ауылдан 5 шақырымдай жердегі тракторлар тұратын жерден ұзын (қазыр есімде жоқ, бірақ 2-этажды мектептен биік) алюминий тұрбаны қар астынан қазып алдық, өліп-талып ауылға сүйрелеп жеткіздік, көлік атымен жоқ, машина омбы қармен жүре алмайды, сапқоздың тракторлары талан-таржға түскен))) Әйтеуір жеткіздік, терезенің фортішкесінен қылқиып шығап тұрған пештің мұржасына беттестіре тесіп, бекіттік, сыныптағы пеште от жақсы жанатын болды. Екі күн өткен соң әлгі тұрбаны ұрлап әкетті, «Цветмет», тексеріп келгенімде, сол сыныпта оқитын бір баланың әкесі болып шықты, 4 бөтелке араққа сатып жіберіпті, әлгіні соққыға жыққаным үшін, басым істі болып, сотталып кете жаздағанмын, сонда көргем, менттердің кім екенін, әрбір мент жақсы адам болуы әбден мүмкін, бірақ олардың системасы адамшылыққа негізделмеген. Бес жылға кетесің деп, следак қыртылдатты, ақша берсең іс бері қарауы мүмкін дит, ал айлап алмаған ақшаны оған түгіл, маған кім берсін, маған поқи боп кетті,
Содан соң әлгі мен соққыға шыққан жігіт өзі заявасын қайтадан алыпты, мені сосын жібере салды. Содан кейін мен қалаға кеттім.

Ең қуанған кезім
Былтыр, 22 қыркүйекте келіншегім кішкентай Гауһарымды дүниеге әкелді. Қуанғаным сондай, әлі күнге дейін… Жақында тәй-тәй басп жүріп кетті. Жұмыстан келгенде сол бөбегімнің қарсы алғаны неге тұрады.

Әзірше осы… Кейін болса қоса жатармыз…
Бөлісу:

6 пікір

araika
Қызыңыз атаулы күнде туылған екен.
Ottegin
Тілдерді құрметтеу күнін айтып отырсыз ба? Әлде түн мен күннің теңелетін меңзедіңіз бе?
araika
алғашқысы, соңғысы 6 айдан соң емес пе көрсетілген күннен?
Ottegin
Онда да да солай))
Janasil
Жамандықтың да бір жақсылығы болады. Егер әлгі ұрыны ұрмағаныңызда қыналы қарда тағы біраз уақытқа қалатын едіңіз.
sammita
әсерлі жазылған.
ит арқасы қияндағы, орыс-қазағы аралас селода
Қызылту, Уәлиханов жақтар ма?
жылу жүйесі қатып қалып, істен шықты
дәл сол жылы біз де осындай жағдай болған. Демалыс берді, уақытша басқа жерге орналастырды студенттерді.