Қоғамдық көлікке табличка ұсынамын!


Қоғамдық көлікте күнде жүретіндіктен адамдар арасындағы мәдениетсіздікке көп тап боласың. Мысалы, телефонмен ұзақ сөйлесу, айқайлап сөйлесу, бір-бірімен ұрысу және т.б. Сол себепті әрбір қоғамдық көлікке әдептілікке, мәдениеттілікке шақыратын табличка жасауды ұсынамын. Кім біледі, бір күні әкімшілік менің блогымды оқып, кеңесіме құлақ асып қалар. Сонымен, табличкада мынадай әдепке шақыратын сөздерді болса:

1. Қоғамдық көлікке кірген соң, орны бос жерге барып отырыңыз. Көшеде, жерде тұрған сөмке, дорбаларыңызды бос орынға қоймаңыз. Өзіңізден кейін кіріп, отыратын адамды да ойлаңыз.

2. Егер бос орын болмаса, бір адам тұратын жерге икемделіп тұрыңыз. Час Пик кезінде адамдар көлікте тығындалып қалады, сол себепті бір қадамға ары жылжып, басқалардың да кіруіне мүмкіндік жасаңыз. Сіз ғана жұмысқа, не оқуға асығып тұрған жоқсыз.

3. Жасы үлкен, аяғы ауыр әйелдерге, балалы адамдарға орын беріңіз.

4. Қоғамды көлікте ұялы телефоныңызға біреу хабарласса, елдің бәрін өзіңізге қаратпай, айқайламай жауап беруге тырысыңыз. Және қоңырау шалушыға шұғыл дүние болмаса кейін хабарласуын сұраңыз.

5. Ұялы телефон этикеті бойынша ұялы телефонмен 3 минуттан артық сөйлесуге болмайды. Сол себепті әңгімені ұзақ созбай, елдің мазасын алмай, қоңырау шалушыға «Кейінірек хабарласуын» сұраңыз.

6. Егер көлікте адам көп болып, шығуға ыңғайлансаңыз, барынша аяқ астыңызға қарап, абайлап басыңыз. Қоғамдық көліктен шыққандағы кір-кір аяқ киім – кімге де болса жағымды көрініс емес.

6. Қоғамдық көлікке кіргенде өз құжаттарыңызға, сөмкеңізге абай болыңыз. Барынша ұялы телефон, әмияндарыңызды қалтаңызға салмауға тырсыңыз.

7. Қоғамдық көлікте жүйке сыр беретін уақыттар аз болмайды. Көршіңіздің өтінішіне құлақ асып, орындауға тырсыңыз. Әр дөрекілік әркез адамның өзіне қайтып келетінін ұмытпаңыз. Бүгін сіз күле қарасаңыз, ертең сізге күле қарайды.

Бір-бірімізді сыйлайық! )

Қалай? ))))) Тағы сіздер не қосар едіңіздер?

Сурет мына жерден алынды.
Бөлісу:

69 пікір

patick
1. Телефондағы әуеннің дауысын айқайлатып тыңдамаңыз.
2. Автобус теңселіп-шайқалған кезде өзге адамдарды емес, арнайы тұтқаларды ұстаңыз
3. Адамдардың арасымен өткенде соқтығысып, сүйрелеп емес, барынша кедергіні келтірмеуге тырысып өтіңіз.
Zilola
1)Ұялы телефонды көлікке мінгеннен діттеген жерге жеткенше мүлде қолдануға болмайды деген табличка ұсынамын.
2)Көлікте тамақтануға (әсіресе дөнер-самса), балмұздақ жеуге, пісте шағуға, қатаң тыйым салынады.
3) Көлікте ұйықтауға қатаң тыйым салынады, аялдамаңызды өткізіп алып тағы кондукторға ренжисіз ))
Zere
Жалпы сол кондукторлардың өздерін мәдениеттілікке шақыру керек па деймін. Автобус бір өзінің жеке көлігі сияқты "Ұнамаса таксимен бар" дейтін дөрекілігін қайтесің. Сонымен қатар әрбір аялдама сайын түкіріп… одан қалса айқайлап, шықшы бері деп төбелесетіндері де бар.
Zilola
қызмет көрсету саласына жұмысқа аларда алко-нарко-психотесттен өткізіп бірақ алу керек сияқты негізі, өмірде жолы болмағандығын елден көреді көбінесе. Сондықтан да таңатпастан елдің көңіл-күйін ноль қылып, кешке ұйықтар алдында елдің бәрін наққа жіберіп жатады солар. Таңертең қайтадан сол жыны басылмаған күйі жұмысқа шығады
Esmeralda
Сол кондукторлар жайлы 8-ші пункт қылып жазуыңыз керек ед)
manshukn
Темекі шегетін шопырларға да табличка керек ау дим. өзім білем деп темекісін шегіп отыра беред.
TOTY
Иа, сондай жайттар біздің қалада да көп
Aigolek
Сосын ана Алматынын автобустарындагы валидаторларды алып тастасын.
Zere
Керісінше сол валидаторлармен біраз тәртіп орнаған сияқты. Автобустар бір-бірімен жарыспайды, жүргізуші тек зарплата алады болды.
Qojeke
Иә, сол валидаторлардың істемейтін кездері аз болмайды.
Aigolek
ойлашы, автобуста еки жуз адам. Сен барып валидаторга ахша салуын керек. Берип жиберсен егер он тенгеликтерден бесеуи боса валидаторга жеткенше жартысы калат. Сосын ол палеси кейде билет бермит. Сосын кобинесе мен сияктылар текке журе берет. Валидатор дурыс кой, бирак ол Алматы сиякты калага жарамайды. Оны Актауга, Оралга халкы аз калаларга койсын. Бизге справочниктын ролин аткаратын, урсысатын, тукиретин, жарыстарга май куйып туратын кондуктор керек.
Qojeke
жарыстарга май куйып туратын кондуктор керек.
Майдың арты МАИ болар. Көрмедің бе, Алматыда Фурманов пен Абайдың қиылысы болса керек, МАИ қызметкерлері мінген өлікті қағып, батальон бастығын өлікке айналдырып жібер жаздаған автобус жүргізушісін 5 жылдық түрме өмірі күтіп тұр. Осының бәрі жарудың, жылдамдықты шектен тыс асырып шайтанмен жарысудың салдары, әбілдер. Не болды, 100-200 неңге үшін біреудің комаға түсірді, өзі түрмеге түскелі жатыр.
Beytanis
Әр адамның САНАСЫ жетіп, САНАЛЫ түрде мәдениеттілікке ұмтылмаса, ешбір таблішкі, ереже, дүре соғу, т.т. көмектеспейді.
Gastarbaiter
Әр адамның САНАСЫ жетіп, САНАЛЫ түрде мәдениеттілікке ұмтылмаса,
Қыртыған әңгіме, ондай санаға дамыған елдер талай ғасырлар инквизиция, бұзақының бұтағын шабу, өртеу, мен штрацтық санкциялардың есебінен жетіп Шайтанға намаз үйреткен таяқ.
Gastarbaiter
«штрафтық»- кешірерсіздер.
Beytanis
Инквизицияның не мақсатта қолданылғанын біліп алып жазшы, әуелі. Міндетті түрде түзу жүру үшін ұртоқпақ қажет пе? Нағыз құлдың психологиясы.
Gastarbaiter
Жоқ, кішкентай кезінен сондай тәртіп көрген балға ұртоқпақ қажет емес. Бірақ ондай орта бүкіл Қазақстанда болу үшін, дисциплина керек.
Көптеген саналы шетелдіктер, Қазақстанда ұзақ тұрып, араққа тойып алып, асфальтқа сіңбіріп, фонтанға сиіп кетсе ешкім жазаламайтынын білген бойда, өздері мәмбеттенгенін байқамай кетеді.
Тәртіпке бағынған құл болмайды © Бауыржан Момышұлы
Beytanis
Мен тұратын кентте бір бала (20 жаста болуы керек) аллеядағы отырғыштардың арқалықтарын сындырып жатқанда ұсталған ғой бейбақ, полицейлерге. Сөйтсе, әке-шешесі жұмыссыз екен, мүгедек пе тағы бірдеңелері бар, әйтеуір 45 мың теңге айыппұл салды. Жаңағылардың жылағанын көргенде аядым, бірақ істегеніне жауап беруі керек қой. Дені сап-сау бала, оқу жоқ, тоқу жоқ, қам-қарекеті тағы жоқ, масыл оңбаған. Табатын тиын-тебені жоқ, артын қыспайтындарға қапаланамын. Бірақ оған сабақ болды дегенге сенбеймін.
Gastarbaiter
Басқаға сабақ болады есесіне. Мемлекетке пайда
Qojeke
Ниетің жақсы екен. Бірақ дейміндә, осыларды оқып тұрғанда қанша адамның ұялы телефоны қоkды болып үлгерер екен?
nurjanbay
Түрік жазушысы Әзис Несиннің ескертпе тақтайшалар туралы күлдіргі әңгімесі бар еді. есіме түсіп кетті ғой.

бір мекемеге бір қуғынбай директор болып келеді. келген бойда мекеменің іші-сыртына ескерпелер іліп тастайды. «ауладағы гүлді жұлуға болмайды», «аулада бала ойнатуға болмайды», «аулада ит-мысық жүрмесін», «мекемінің шарбағынан секіріп өтуге болмайд, есіктен кіріңдер», «дәлізде темекі тартуға болмайды», «анау болмайды, мынау болмайды, бүйт, сүйт» деген сияқты. оның бұл әрекетіне бері күледі де қояды. «мекеменің айналасында ешқандай гүл жоқ қой. қайдағы гүлді жұламыз», «бұл жерде баланың, ит-мысықтың не шаруасы бар» дейді. келесі күні адамдар аулада өсіп тұрған тікенек шөптерді жұла бастайды. бала көтерген, бала жетектеген әйелдер, қаңғыбас иттер мен үйсіз мысықтар қаптап кетеді. ешкім есіктен кірмейтін болады. бәрі шарбақтан секіріп өтіп күнде шалбар, көйлектерін жыртып жүреді. ал дәлізге бәрі шығып темекі тартып, тұқылын еденге лақтырып кетеді. бір күні директор жоғалып кетеді. бәрі жабылып іздеп таппайды. кешке қарай пол жуатын әйел қойманың жанынан өтіп бара жатса біреудің ақырын даусын естиді. дауыс қоймадан шығып тұр екен. сөйтсе директор екен. оқиға былай болыпты. директор бей шаруаларымен қоймаға барады. қайта шығайын десе есіктің үстінде «шығуға болмайды» деген ескерту тұр екен. терезеден шығайын десе «терезені ашуға болмайды» деген жазу бар екен. енді айқайлап көмек шақырайын десе қойманың ішінде «дауыстап сөйлеуге болмайды» деген ескерту бар екен. «енді есікті ашып сізді шығарып алайық десе», директор бей «олай істеуге болмайды» дейді. ақыры ойланып-ойланып қойманың ішіндегі «болмайдыларды» жоққа шығаратын бір тақтайша жасап есіктің астындағы қуыстан директорға береді. осылайша директорды директорды шығарып алады.
Beytanis
Нұреке, мынауың күлдіргіден гөрі шымшыма секілді.
nurjanbay
автобустың ауассын бұзуға болмайды.
Beytanis
респитатыр рекомендеймін!!!
TERISKEY
Ілмектерге қарағанда, мұның басым көбі сол 99-аптауыстың атмосферасында туған ойлар ма деп қоям. "...Ұялы телефон этикеті бойынша ұялы телефонмен 3 минуттан артық сөйлесуге болмайды." — «Менікі тәрип, айта бер» деп қоқиланатындарға обал ғо
Beytanis
Е, айта берсек кілтипандар шыға береді ғой. Жүрісте олқылық, тұрыста олқылық, сөз саптау быт-шыт, т.т. деп жылай берсек көз жасымыздан жаһандық топан су қаптайды. Ақылгөйлер көп, ретсіздік қайдан?! Әлемді түзегің келсе өзің түзел деген бар, тыңайтқыш болуға татымайтын көпәріп көпсөзден, бір нақты өнегелі іс артық.
izbasar
Телефонда музыкан қатты қойып тыңдамаңызшы жыным келеді.
meirzhan
аха, жарайд
izbasar
Басе ақылың бар екенін кондуктор айтып еді.
qisyq
Сіз бір тролейбустың бір тролейбусты қалай басып озғанын көрдіңіз бе? Ал, мен көрдім. Очм, былай болды. Алдымен ағып келе жатқан алдыңғы тролейбусты көрдік. Артынан бәсекелесі келе жатыр екен. Бірінші тролейбусқа жете бергенде, артқы көліктің кондукторы екінші есіктен атып шықты да(на ходу), тролейбустың мұртшаларын сымнан ажырата қойды. Сол екі арада кондуктордың траллигы ана бірінші боп келе жатқанды қатты жылдамдығының накатымен басып озды. Кәдімгі обгонмен. Озып алдына шыққан кезде, кондуктор екі мұртшаларды «шырт-шарт» еткізіп қайта тоққа қосты да, өзі артқы есікке секіріп мінді. Әбіләкімнің ізімен.
izbasar
<blockquote></blockquote><u><s><em><strong></strong></em></s></u>
qisyq
Scheschesse… Өмірдегі смайлигіңіз де осындай ма?
Altygradus
Сіз бір тролейбустың бір тролейбусты қалай басып озғанын көрдіңіз бе? Ал, мен көрдім 
о заманда бұ заман деген
satibaldi
Бұл ізгі ғақылия мұғжиза инструкцияны сақтайтын періштелерге есікті ашып та қажеті жоқ шығар: терезеден ұшып кіре береді…
satibaldi
2. Егер бос орын болмаса, бір адам тұратын жерге икемделіп тұрыңыз.
Сол ғой: кейбіреулердің икемделетіні соншалық, артында тұрған адам иемденіп жатқан сияқты әсер қалдырады, камасутрасынсстың.
satibaldi
8. Көршіңіздің басы сөмке қоюға ыңғайлы болғанымен, мүмкін болса тізесіне қоюға тырысыңыз.
satibaldi
9. Егер қыстырылып қалу себепті, осы аялдамадан түсетініңізді айтуға деміңіз жетпей қалса, терезені тарсылдатып қағыңыз.
Gastarbaiter
Автобустағы адамның тәртіпсіздігі табиғи нәрсе. Адам өз аясы тарылған сайын агрессивті болады. Бірақ, сырттан қатаң тәртіп орнатса, біраз жылдардан соң, тәртіп әдетке айналады.
Зере үлкен тақырыпты бастады. Бірақ автобуста бізде этикетпен бас қатыратын бай адамдар мен интеллигенттер ғана емес, қарапайым қаражұмысшылар мен жартылай гомосапиенс студенттер жүреді.
Олардың этикет жаттап жүретін жағдайы жоқ. Өмір олардан агрессивті, ұр да жық болуды талап етеді. Сондықтан, оларға гуманизм идеясын түсіндіріп жатқан нәтиже бермейді, тек жаза қолдану. Штраф, т.б.
Gastarbaiter
Ең дұрысы қалада өз машинең болғаны. Бірақ, шағымы бітпейтін адамдар, онда да жылап, ызыңдап мазаңды алады, жолтығындар зайыпты алды, менттер қанды ішті…
Кейінгі кезде сөйтіп айтатындардан жалығып кеттім.
Aldarkose
менттер қанды ішті…
Жол ережесін білмейтін, жиі бұзатындар, құқықтарын білмейтіндер солай асанқайғылана береді.
Janasil
Ұялы телефон этикеті бойынша ұялы телефонмен 3 минуттан артық сөйлесуге болмайды. Сол себепті әңгімені ұзақ созбай, елдің мазасын алмай, қоңырау шалушыға «Кейінірек хабарласуын» сұраңыз.
мынауыңызды актив, велайндар естімесін.
Aizhantabyn
Дұрыс, Зере! Бәрі де бірақ әр бір адамның жеке басының тәрбиесіне байланысты. Үйдегі тәрбие түзде де «работает»). Бала кезден бастап "үлкенге орын бер", "қоғамдық жерде қатты күлме, айқайлама, жылама, тәртіпті" бол деп тәрбиеленсе бала, автобуста проблема туындамайтын сияқты.
Мейлі ол студент болсын, кеше ғана ауылдан арман қуып келген, қаражұмысшы болсын қаратерге батып қара тиынға еңбек етіп жүрген, интеллигенттілік ақша көлемі мен жұмыс дәрежесіне байланысты емес деп ойлайм.
Бар болғаны үйде тәрбие керек!
Onlasyn
Сонымен қатар жүргізушілердің алдына тақтайша қою керек:
1- Асықпай жүріңіз
2- Сіз тірі адамдарды алып келе жатырсыз
3- Жол ережелерін сақтай жүріңіз

деген сияқты
Qojeke
Тағы мынаны қос. "Ептібайымайт, темекіден өлсең де, шекпеші. Үзілісте шегесің!". Темекі шегетіндер мен темекі шеккеніне үндемей отыратын сүмелек жолаушылар ұнамайды.
asaubota
проезднойы барлар «Проездной» деп просто айтпай, шығарып көрсетулері керек.

сөйдеп отыра беретіндерді көп көремін Астанада. кондукторлардың барлығы телепат емес қой.
Janasil
Ана бастан қысыл келіп жол ақысын беріңіз десе, «А… менде праезной» дей салады. Сол кездегі кондуктордың түрін көрсеңіз.
Zere
Бір жағынан шынымен қуған нәрсе жазған сияқты болуым мүмкін. Бірақ кейде осындай мәдениетсіздікті көріп, неге осылай екен деп ойланамын. Содан осы адамдарға қалай дұрыс жүру/тұруды ешкім үйретпеген шығар деген қорытындыға келемін. Бәлкім, осындай бір тақтайшадағы жазуды оқып, ойланар деген ниет… )
Qojeke
Бәлкім, осындай бір тақтайшадағы жазуды оқып, ойланар деген ниет
бастары ойлануға жетскенімен ары қарай соны іске асыруға жетпейді.
satibaldi
Бір жағынан шынымен қуған нәрсе жазған сияқты болуым мүмкін.
Шынымен, екі ұзақ затяжка жасап алып, әлі су ішкің келмей тұрғандағы кайфпен қатып алып жазған сияқтысыз.
nurjanbay
4. Қоғамды көлікте ұялы телефоныңызға біреу хабарласса, елдің бәрін өзіңізге қаратпай, айқайламай жауап беруге тырысыңыз. Және қоңырау шалушыға шұғыл дүние болмаса кейін хабарласуын сұраңыз.

5. Ұялы телефон этикеті бойынша ұялы телефонмен 3 минуттан артық сөйлесуге болмайды. Сол себепті әңгімені ұзақ созбай, елдің мазасын алмай, қоңырау шалушыға «Кейінірек хабарласуын» сұраңыз.
автобус опера театыры емес. қоғамдық көлікте "үлкен кісіге, жүкті әйелге, мүгедекке орын бер", «ит-мысықпен кіруге болмайды», «балмұздақ, сусын жеуге болмайды» деген сияқты ережелер бұрыннан бар. ал телефонмен сөйлесуге шектеу қоюды бірінші рет естіп тұрмын.
Zere
Сосын ғой, дәл сендейлер қалаға келіп автобуста өсек соғып тұрады. Барлық жеке мәселелерді қоғамнан тыс жерде шешу, айту, әңгімелесу керек.
Janasil
дәл сендейлер қалаға келіп
ууууу… ууу..! дәл осы жерде артық кеттіңіз ау.
Zere
Ауылдан келген адам міндетті түрде сауатсыз, мәдениетсіз дегенді білдірмейді. Ауылдан да керемет мәдениетті болып келетін балалар бар. Бәлкім ол үйдегі тәлім-тәрбиеге байланысты шығар, және өзінің оқып-тоқығандығында. Әйтпесе оқып жүргендер біледі ғой, мысалы Жапонияда метроға кіргенде бәрі ұялы телефондарын тіпті сөндіріп тастайды.
Janasil
дәл сендейлер қалаға келіп
Бәрі бір артық айттыңыз. Тез кешірім сұраңыз Қазақтың жартысынан.
Zere
Бәлкім дұрыс айтпаған шығармын. Кешірім өтінемін. Бірақ менің түпкі мақсатым елді оқу-тоқуға, мәдениетті болуға шақыру еді.
Janasil
Ниетіңіз түзу екенін сезген едім.
nurjanbay
Жапонияда метроға кіргенде бәрі ұялы телефондарын тіпті сөндіріп тастайды.
олар осылайша телефонының зарядкасын экономдайтын шығар.
Meru
Тариф деп қойып басқа адамдарға керексіз әңгімесін соғып тұратындарға жыным келеді, жай сөйлесе бір жөн айқайлап сөйлеседі ғо, сосын аяғыңды басып былғап алып кешірім сұрамайтындарда бар…
Qojeke
Лібәәә, каменттерді охуй отыра мынадай қортындыға келдім: біздің қоғамда топастар мен малдар бар. Олар Интернетке кіріп, камент жазбайды сендер сияқты
Qojeke
Дұрыс түсіндім бе ұзын сөздің қысқасын, джамаат ул-кереки?
Zere
Жартылай шындық. Алайда біз оларды тіпті кейде түсіріп аламыз. Мысалы, біздің Қазақстан телеарнасынан «Менің ұлдарым» деген корей сериалы жүрді. Ол туралы менің блогыма көп іздеу салынатынын байқадым. Алайда дәл «Менің ұлдарым» деп кәрісше, ағылшынша, тіпті орысша да ешкім мәлімет салмайды. Сондықтан оның басқа тілде қандай екенін ешкім білмей, дәл осылай қазақша іздеп келе береді. Бұдан қазақтардың да интернетпен қолданысының кеңейгенін байқауға болады. Сол себепті керекинфоны да сырттай біреулер оқып отыруы мүмкін. Дәл сол сериалдар жайлы мысалы. Одан соң барып осындай мақалаларды да оқып қалуы мүмкін. Сондықтан олар туралы тіптен төмен ойламайық.
Qojeke
Рас-ау. Кім біледі, арамыздағылардың да арасында сондайлар болуы мүмкін, мысалы, менің де дәл сондай мал екендігіме сену-сенбеу мәселесі болады.
asaubota
интернетке жету, одан осы сайтқа жету, тіркелу, сосын жазу… ұзақ жол. бұған кез келген мәмбет жете бермейді.

бәріміз де мәмбетпіз ғой. мысалы бір тақырыптарда мен біреуге мәмбет болсам, біреулер кей тақырыпта маған мәмбет.
Gastarbaiter
бәріміз де мәмбетпіз ғой. мысалы бір тақырыптарда мен біреуге мәмбет болсам, біреулер кей тақырыпта маған мәмбет.

«Мәмбет» сөзінің мағынасы онсыз да кең. Сен оны Дәмегүлдің дамбалындай далыйтып жіберіпсің ғой. Іздеген адамға интернетке дейін де мәдениет те, кітап та болғанын және «мәмбет» сөзін жалпы бейкомпетенттік, жалпы надандық, немесе қарапайым ақпаратсыздықпен шатастырмаған дұрыс.
Әйтпесе, вордпрессте блогы жоқтардың бәрі мәмбет деген тұжырымға келуге сәл-ақ қалдық
neoman
Мейлінше ұялы телефонмен сөйлеспеуге тырысыңыз деген тақтайша керек-ақ шынымен.

Негізі қаладағы автопарктерктерді жүйеге келтіріп, автобус санын азайтып, бірақ сапасын дұрыстап (жүргізушілерді де жөнге келтіріп), жол ақысын 200 теңге қылу керек. Велосипед мініңдер, керек болса! Ал автобустар таза, жолаушы саны аз, сапар өте жайлы болады. Дегенмен, утопия… вахаха армандап қойсақ осылай
KILYZAMAN
Қоғамдық көлікке емес сол көлікті қолданушыларға мәдениет керек. Майшабақтай нықталған көлікте қайдағы мәдениет? Мәдениеттің көкесі соры қайнаған тасымалдауды ұйымдастырушылардан (үйлестірушілерден) сұрай білуде! Адам емес малдың үзі қоғамдық көлігімізде жүруге қарсы болар, біреусінің мүйізі сынып, енді біреусінің көзі шығып, қайбіреулері жұмыртқаларын жарып дегендей :-( (Асқабақтардың қаншауы жарылып)
Aramza
Бос айқай, проблема табликада емес, проблема өздеріміздің басымызда