Ең, ең, ең... Мәншүктен

Ең бірінші мақалам «Ұлан» газетіне шыққан. Сол кезде қатты қуанып, аспанға ұшардай әсерде болғам. Ол тоғызыншы сынып болатын.

Ал ең бірінші маған келген шақыру хат «Айгөлек» журналы ұйымдастырған фестивальге шақыру хаты болатын. Ең қатты қуанған күнім десе де болады.

Ал мектепте ең бірінші танысу хаты 5-сыныпта орыс сыныбында оқитын Лена деген қыздан келген. Дос болйық деп әр түрлі ручкамен қазақша-орысша жазып жіберген болатын. Бірақ ол хат сақталмапты.

Ең бірінші алған соткам 11-сыныпта. Самсунгты үш жыл ұстадым. Арасында батарейкасын ауыстырып тұрдым бұзылғанда. Кейін мүлде қосылмай қалды.

Ең бірінші рет интернеттің не екенін 7-сыныпта көрдім. Мұғалімнің бізге үйреткені бар болғаны майл.ру ғана.
Ең ұзақ жол Үшбиіктен Семейге таңғы 4-те мініп, 7 сағат ұйықтамай барғаным (электрик деген пойыз). Өзіміз тойдан шыққан бетіміз, өлердей шаршаған шығармын.
Бөлісу:

22 пікір

meirzhan
Максимум 7 сағат жүрдің бе?? ал Алматыдан Астанаға қанша сағатта барып едің?
manshukn
Электрик пойызда жеті сағат отырып көрмеппін, шаршап тұрған маған ол тым ұзақ жол болды.
satibaldi
Ал мектепте ең бірінші танысу хаты 5-сыныпта орыс сыныбында оқитын Лена деген қыздан келген.
Қазір қалай енді достықтарың?
manshukn
Достығымыз жақсы, араласып тұрамыз
balzaminka
көбісі таныстықтарын самсунгтен бастаған екен
manshukn
ал сен ше?
balzaminka
мен нокианы сатпайм ғо  бірақ, соңғы уақытта галаксиге көшкім бар
Aikona
менде нокиаға адалмын
Altygradus
Үшбиікте нестеп жүрсің?Қашан барғансың?
manshukn
Қыркүйек айында саяхатқа шыққанда. Курстасымыздың тойына бардық.
Zhanylai
Айкона, туған күніңмен!
meirzhan
 Мәншүктің азан шақырып қойған атын өзгертіп жібердің бе?
Zere
Сенің де көзіңе Үш биік деген сөз оттай басылды ма. Мен енді сұрайын деп жатсам сен сұрап қойыпсың ))
TERISKEY
Ең алғашқы саған арналған өлең, оны да жаза кетсеш
Aikona
ну мағанда қызық
Aikona
Журналистикаға қадамды мектептен бастаған екенсің ғой
TERISKEY
Seni apay oltirem devatr
manshukn
Тыныш отшиш, Теріскейййййййййй
Zhan
Ең бірінші мақалам «Ақ желкен» журналына шықты. Кейінгі жазғандарым "Ұланға" шыға бастады. Бір қызығы, сол "Ұланды" еш киоскіден көзім шалмай жүр.  "Ұлан" талай балалардың жазу стилін қалыптастырып, арманына қанат қақтырған газет қой. Сонысымен ыстық!
manshukn
Таралымы аз болған соң, киоскілерге шықпайды-ау. Сосын биыл "Ұландықтар" тендер алмады. Ол да әсер етуі мүмкін.