Күзді ұнатпаймын


Басқаларды қайдам, өз басым күз мезгілін онша ұнатпаймын. Бала кезден.

Дәл қазір Астанада түні бойы жауған жаңбырдан жер деген лайланып, күн бұлттанып, ызғарлы жел ұрып тұрғаны.

Күз келсе болды, онсыз да жүдегіш жаным екі есе жүдеп салады. Күз келсе болды, онсыз да депрессияға жиі түскіш басым, екі есе жабығып кетемін. Күз келсе болды, онсыз да мұңлы ойларымның мұхитына екі есе белшемнен бата түсем. Сол кезде жарқ-жұрқ етіп жүретін, ешқандай ауа райына, ешқандай мезгілге пысқырып қарамайтын адамдарға қызығып қарап қаламын. Қалай осылар сияқты ештеңені көңілге алмай жүруге болады деп? Сосын күз мезгілін ұнатам дейтіндерге де таң қалам. Жаны соншалықты қартайып кеткен бе деп. Жас адам көктем мен жазды жақсы көрмеуші ме ед?..

Күздің де өз әдемілігі, өз қолтаңбасы, өз сұлулығы бар. Бірақ, менің ішкі дүниемдегі жайнаң қаққан жаз айы мен көктемге қарама қайшы келетін құбылыс.

Ойладым, неге күзді ұнатпаймын деп. Күз кәрілікті бейнелейтін сияқты. Күз өміріңнің көктемі мен жазы мәңгі тұрақтамайды, ертең сенде мен сияқты қартайып, осылайша бар байлығың жапырағыңнан да айрылып, ақ қырау мен үскірік шалатын қарттыққа да (қыс мезгіліне) жетесің дегенді тұспалдап тұрғандай. Иә, білем, қарсы уәж айтқыңыз кеп тұр, “адамдар күзде де күледі, күзде де тойлайды” деп. Бірақ, сол Адамың көктем мен жазда да “жылайды”.

Адамның қуанышы мен қайғысы мезгілді таңдамайды. Жылағысы келген адам күзің не, жазың не, өкіріп отыруы мүмкін. Айтқым келгені, күз мезгілі – онсыз да өмірдің шындығына қасқайып тура қарайтын жандарды өткінші жалғанның бейнесімен екі есе қауыштырып, одан сайын қамықтыра түсетіндігінде.
Бөлісу:

28 пікір

madlen
Маған да ұнамайды. Студент кезден қалған. Күзде ауылдан кету керек болатын қалаға. Алматыны жазда мүлдем көрмейтінмін. Содан Алматыны осындай тұнжыраған күйінде ғана есімде сақтағанмын. Әр күз келгенде сол үйге деген сағыныш есіме түсіп, жылағым келеді.
araika
Күз құбылмалы ауа-райымен, сарғайған жапырағымен,өзіңіз айтқандай екі есе жүдетіп, депрессияға түсіруімен ұнайды.Тіпті маған романтика айы секілді.
Zhan
Туу, қандай күштісің, осы сәттердің өзінен романтика көре білетін… Сен сияқты болсам ғой шіркін…
Tarazkyzy
Бір досым айтпақшы "Әр мезгілдің өз романтикасы бар"
araika
солай ғой,өзіме күздегі романтика ұнайды. Сарғайған саябақ, жаңбыр және т.с.с
a63a1
Сосын күз мезгілін ұнатам дейтіндерге де таң қалам. Жаны соншалықты қартайып кеткен бе деп.
Күздің күңіренген күндері көңілге бір тыныштық орнатып, ой толғаныстарына ерік беріп, қиял әлеміне жетектейтін бір керемет мезгіл.
Abilakim
a63a1 , бүгінгі күнгі күздіұнатасың ба қаламыздағы?
a63a1
Әрине, құдайдың күнінің жаманы жоқ, бұлда күздің ерекшелігінің бір көрінісі де.
Abilakim
Ал, маған суреттегідей күз ұнайды. Балаққа жабысқан батпақ, жердің саздануы ұнайды десем өтірікші болармын. Онсызда жаншылып жүрсең, жанши түседі бұндай күндер
a63a1
Адам психикасына байланысты болу керек, күз мезгілінде басымнан талай қуанышты жайттар өткендіктен маған ерекше көрінетін шығар
direct
Әбіл мен Қабыл, күз ба, жаз ба, қыс па әлде басқама
Ботабекке бәрібір
a63a1
Жазда ұнайды, бірақ қала қаңсырап қалады, құлазып кетесің. Күзде ығы-жығы халық, студенттер, жұмысқа асыққан адамдар
AKY
Сол баяғы Пүшкен атамыздың «Люблю я пышное природоувядание, в багрец и золото одетые леса...» дегеннен басқа айтарым жоқ.
madlen
Ол атаң өзі бір қияли болған дегеннен басқа айтарым жлқ.
asaubota
кеше далада темекі тартып тұрып ойлаймын да ұнамайтындарға неге күзді жазбадым екен деп. сосын ойландым, негізі әр мезгілдің жақсы, жаман жақтары бар. жақсы көргің келсе күзді де жақсы көруге болады екен.
Gulistan
Суреттегі күзді ұнатамын
omarbirat
Күзде бір күн суып алғасын қайтып күн жылиды ғой. Ол кезде күн ашық болса да, үжі курткамен жүресің. Сондай мезгілі ұнайды
balzaminka
күз деген керемет қой деп осы жерде май құя түсейін

Күз несімен ұнайды?

Сегіз жыл интернатта оқып, сонда тұрдым. Оқудың алғашқы күнін асыға күтер едім. Себебі, майдың аяғында қоштасқан кластастарымды, достарымды көрер едім. Қатты жақсы көретін бастауыштағы Әйгерім апайым құшақ жая қарсы алатын, жоғарғы класқа өтсек те апайымыз бізді ұмытқан емес. Азан-қазан басталады, интернатқа жақын үйлерден толпа бала болып қауын, қарбыз сатып алып оны жерге жарып тұрып жейтінбіз. Демалыс күндері үйге қайтып, бірінші күні лықа толған автобустың терезесінен қала мен Тасбөгет ортасында көп болып өскен талдардың сап-сары алтын бейнесін көріп орманды аңсап кетер едім.

Питерде күздің жаңбырлы күнінде канал бойын жағалап, адамы аз қалада ешкім сені мазаламай, Қызылордамды, үйдегі мамамды сағынып, құстар әнін ыңылдап демалып жүрер едім.

Астанада алғашқы резиденцияның маңындағы паркте жерге түскен жапырақтардың жаңбырмен шыққан иісін тереңдей жұтып, әріптестермен түскі үзілісте жүріп қайтар едік.

Бірақ осылардың бәрі қыс мезгілінің орнын баспайды мен үшін
manshukn
Маған күз ұнайды. Сап-сапры жапырақтарымен. КазГУ күзде ерекше болып кетеді. Барлығы алтын түске оранып, картина болып тұрады. Тіпті жерде жатқан жапырақтарды басып жүруге қимаймын.
Gulistan
Мен әр маусымды соған сай елмен байланыстыра отырып, сонда өзкізгім келеді.
Мысалы,

күз — Корея (ол жақтың күзі мен үшін керрремет)
қыс — Канада, Швейцария (қалың қар)
көктем — Жапония (сакураның гүлдеуі), Нидерланды (Кеукенофф паркі)
Жаз — Бразилия (рио де Жанейро) — жағажай, таулар

сіздерде ондай ассоциациялар болмай ма?
a63a1
ассоциациялардан бұрын ақша болмай тұрғой
Qojeke
шешесссс жаттым
Qojeke
Бай болсақ болар еді
Qojeke
қыс — Нидерланды (жиған-терген анашаңды шегееееп жатасың қыстың суығында тасыңды езіііп)
көктем — Нидерланды (анаша егесің еңбек теріңмен)
Жаз — Нидерланды (Амстердам) — Улица розовых фонарей
күз — Нидерланды (анаша жинау науқаны, еңбек теріңмен еккен анашаңныңжемісін жинайсың)
Zilola
жазды жаксы корем. Бiрак баска мезгiлдер де ерекшелiктерiмен кызыкты.
Кузде бакта журiп кызарган, саргайган жапырактары бар талдардын касында суретке туссе супер!
Esmeralda
Жас адам көктем мен жазды жақсы көрмеуші ме ед?..

Күз болмаса көктем мен жаздың қадірін сезіне алмас едік