Жазба неге құсық? (4-ші және соңғы бөлім)


Жазба оқырманның қиялын қоздырмайды.

Алғысөз

Омарбыраттың кейбір жазбаларында мықты теңеулер мен сөз ойындарын қарап көріңіз. Немесе, Дәруіштердің әңгімелері адамның қиялын оятады. Олар кез-келген әңгімесін, мейлің ол әскери құпиялар жайлы болсын, киноталдау болсын, мейлің аңқылдақ арзан әзіл болсын, қыңқылдаған қымбат қайғы болсын образдық суреттеуді кеңінен қолданып, ішкі сезімдерін бейнелеуде еш аянбайды.

Өкінішке орай, Дәруіштердің жазбаларының көбі қызықты болуы «олардың фишкасында», яғни «боқтықпен сөйлеу мәнерінде» деп ойлайтындар да бар екен.

Жедел-жәрдем

Көңіл күйді суреттегенде, немесе қиын терминдер мен құбылыстарды тілге тиек еткенде теңеулерге, салыстырулар мен тұрақты тіркестерді қолданудан қорықпау керек. Тіпті ең ақылға сыйымсыз, қисынға келмейтіні болса да.

Әйгілі Альберт Эйнштейн, ойына бір идея келгенде оның соншалықты абсурд болғанына таң қалып, ішек-сілесі қатып күлетін көрінеді.

Артқысөз (резюме)

Ия, бәріміз жабылып, әр қайсымыз өз талғамымызға сай түрлі талаптар тізуге болатын еді. Бірақ тақырып мақсаты сізді мықты жазушы қылу емес, тым болмағанда ешкім оқымайтын мұңайған боқ жазып, сан соғудан сақтандыруға арналған. Кәсіби жазушылыққа бойламай-ақ әр жазбаңызды қызық қылғыңыз келсе,

1) Жаңа ақпарат ұсыныңыз
2) Сылдыр суды көбейтпей, нақты және бөліп-бөліп жазыңыз
3) Әңгімеге арқау болатындай етіп жазыңыз
4) Адамның қиял/фантазиясын оятыңыз

Осы 4- себепке жадыңыздан бір мегабайт орын бөліп, әр жазба жазғанда есіңізге салып тұрсаңыз, тіпті ең ақымақ ойларыңыз бен ең іш пыстырарлық жазбаларыңыз әрлене түсіп, блогосфераға біршама жағымды өзгерістер енгізетініне сенемін.
сурет: www.proza.ru
Бөлісу:

10 пікір

meirzhan
Блогосфера дамып, уақыт өте келе жаңа талаптардың қосылуы заңды, иә?
Gastarbaiter
Жоқ. Ерекше таланты жоқ адамдар осының өзін ұстанса да жетеді. Жазушы болам, гуглдың топ блоггері болам дегендерге пиар жасау, жарнама қолдану, сілтеме алмасу, әлемді шарлау сияқты т.б.-ларды қосқаным жоқ.
Қайткенімен, мақаланың аты "Қалай жазбамды көп талқылатамын" емес, қалай "құсық" емес жазба жазуға бағытталған.
«Маған раздевалкада ұялмай шешінсем болды» дейтіндерге холестерин мен аденозинтрифосфат қышқылы жайлы айтуды қажетсіз санаймын.
VKM
білім базама қосып қойдым)))
nurjanbay
төтреуін де оқыған жоқпын.
AL-ASTER
Төрт қағиданы ескеретін жамағатқа рыспекттен басқа айтар жоқ
asaubota
жазылған пікірлер ұнамай қалып, сын көтере алмай посттарын өшіріп тастайтындарға қандай кеңес бересің Гаста?
Gastarbaiter
Еркін блог тұғыр ғой, өз туындысы, өзі туды, өзі өлтірді. Оған не дерсің.
Білмеймін, ондайлардың шағымданып, «неге қудалайсыңдар осы?» -деп жыланғанын естімедім. Егер өшіріп тастағанының орнына одан да жақсы бірдеңе жазуға талпынса әрине құптаймын. Одан керекинфоның құны кеміп қалмас.
Егер жыланып алдыма келсе, «білә, сондай қойня, жазам да өшіріп тастай берем, енді не істейм?» деп жесе:
"Ішіп кеп жазбаңдар" дер едім. Өйткені шегіп кеп жазған әлдеқайда қызығырақ:)
Бірдеңе жазу үшін жазбаңдар, ойларың пісіп, іштеріңді тесіп, шығарға жол таппай, ұйқыңды бұзса ғана жазыңдар дер едім.
Әрине, мен айтатын ақыл емес.
Тіпті солай көзмайымды ағызып жазған талай поэма, өлеңдер, прозалар жазылған
200 бет күнделігімді отқа жаққаным бар.
Кейін қайта есіме түсіргенімді бөлшектеп іздеп зайыбым шықты.
Өйткені өзім кішкентайымнан шығарманың мазмұнына бес, тазалығына екі деген баға алатынмын. Кілең жөндеулер, сызулар, қыстырылулар…
Әркімнің стилі әрбөлек.
asaubota
Егер өшіріп тастағанының орнына одан да жақсы бірдеңе жазуға талпынса әрине құптаймын. Одан керекинфоның құны кеміп қалмас.

солай ойлайын ендеше. а то жаман пікірлер жазылып, мәдениетті түрде жазбаң құсық шыққан екен деген пікірлер айтылғасын өшіріп тастады ма деген ойлар келіп қалады кейде.
bake
Істің төресі болғаны жақсы, ережесі бар ойын секілді. Ережемен келіспесе ойыннан шыға береді. Бірақ ереже сай "өз аясын" таба білгендерге қызығасын