Жазба неге "құсық" (1-ші бөлім)


Бұл «жазушылықтан» мастер класс емес. Сайтқа жаңа тіркелгендер мен жуырда тіркеліп,«ағай, неге менің жазбаларымды ешкім оқымайды?» дейтіндерге арналған минималды талаптар жинағы.
Ас болсын ептібайымайттар. Сосын айтпады демеңдер.

Қысқасы, «жыртқан» жазбаны қыртқан жазбаға, пысық пікірді "құсық" пікірге айналдыратын сипаттардың бірнешеуі мыналар:

1 -себеп.

Жаңа ақпарат жоқ.


Әрине сен «жаңалық» деп тапқан дүние біреуге «боян» болу қаупі әрқашан болады. Дегенмен, сәл-пәл ғана ізденсең, көпшілігіміздің білетінімізден, білмейтініміз көп екеніне көзің жетеді. Егер өз ойыңа қызық ештеңе келмесе, бірақ әлдебір мақаланың қатты ұнағаны соншалық, қазақи аудиториямен бөліскің келсе, тым болмаса қазақ сайттарында жарияланбаған, тың және өзіңе шынымен де қызықты дүниелерді жазуға болады. Келісем, саған керемет жаңалық болған нәрсе, біреуге боян болуы мүмкін.
Бірақ, оған өз көзқарасыңызды, сезімдеріңіз бен эмоцияларыңызды қосып жазсаңыз, ескі дүниеге жаңа жағынан қарауға түрткі болуыңыз мүмкін.
Жаңа тың ақпаратты міндетті түрде журналдан, немесе «Хабар» мен CNN сайттарынан емес, көрші ауылдың шалдарынан, немесе қаладағы музей, кинотеатрлардан, "өлдім" дегенде көзіңіз қырағы, құлағыңыз түріңкі болса, көшеден алып келуге де болады.

(жалғасы бар)
Бөлісу:

6 пікір

Gastarbaiter
Танкисттерге арнайы ескерту, бля:

Бұл «жазушылықтан» мастер класс емес. Сайтқа жаңа тіркелгендер мен жуырда тіркеліп,«ағай, неге менің жазбаларымды ешкім оқымайды?» дейтіндерге арналған минималды талаптар жинағы.
Ас болсын ептібайымайттар. Сосын айтпады демеңдер.
Qojeke
Одминге айтып басты бетке іліп қой
asaubota
орысшадан көшіріп, сол күйінде қоя салатындар бар немесе кіріспе жасап, қалғанын мына сілтемеден қараңдар дейтіндер бар. мұндайларды аямай минустаймын.
Janasil
Алғашқы беттен түспейтін қылу керек секілді.