Мен ұсынатын қазақша әндер.

Мен де қазақша әндерден сүйікті үш әнімді ұсынайын. Маған қазақша әндерден тек ескі немесе халық әндері ұнайды. Қазіргі заманауи әндерге «фанатеть» етпейді екенмін. Әйтеуір көпшілікпен ілесіп МузАрт, Жігіттер және т.б. әншілердің әндерін еститінім болмаса, қалғандарын тыңдамаймын, сол үшінде болар қазақ әншілерін(жастарын) жақсы тани бермеймін.
Мен үшін бірінші орында:
1.Халық әні «Бір бала».
Осы әнді тыңдаудан жалықпаймын. Қалтафонымда бір ер кісінің айтатыны және М. Сәдуақасова айтатыны бар.


2. Қ.Әбілдинаның орындауындағы "Әгугәй" әні. Бұл әнді үнемі ыңылдап айтып жүремін. Даже папам да ыңылдап айтып жүретінді шығарыпты.))


3. Мақпал Диханбаеваның орындауындағы «Ауылым әнім» өлеңі. Тамаша ән, сұлу әнші. клипі де ұнайды.


Бұдан да басқа көптеген халық әндері, Шәмшінің әндері ұнайды. Кейде Әсет Бейсеуітовтің де өлендерін тыңдаймын.
Бөлісу:

25 пікір

AKA
Үшеуі де әдемі әндер, Мақпал Диханбаеваның орындауындағы "Әке — Ана" және «Сол күндер» әндері де күшті шыққан
araika
Соңғы екеуін бір кездері көп тыңдап(шамадан тыс), жалығып кеткенмін.
Aizhantabyn
Әгугайға ғашықпын!!!
VKM
мен де)Тамаша ән, Қарақаттың орындауында тіпті супер!
meirzhan
Баяу әндерді ұсыныпсың. Барлық ұнайтың әндерің баяу ма?
Erkekyz
Барлығы емес, бірақ көбі баяу.
bazuka
жақсы әндер рахмет!
myrkymbai
бірінші ән керемет
AKY
«Бір баланы» кешегі екі жұлдыздағы Ақылбек пен Тамараның айтқаны керемет ұнады. 40 балл қоймағанына жыным келді жюридің.
TERISKEY
Ordabayvtar деген kim, AKY hanim?
AKY
Танымайд екем
Анау Нүкесі алдыңғы маусымда Мұтырғановтың әкесімен қатысқан әйелге ұқсайды, сол ма?
TERISKEY
не а, оның аты Бибігүл емес пе ед. Нүке дегенге келіңкіремейд қо.
AKY
 Нұргүл емес пе ед?
TERISKEY
Нұргүл Нұғыманова дейд. Сонда бұл кім? Әнші ме, аткриса ма?
dark_nazgul
Нұргүл Нұғыманова деген қыз «Дара» деген топ болып («Мюзиколаға» ұқсайды) «Жас қанатқа» қатысқан бір кездері. «Ветер мне споет» деген әдемі әнмен. Семейдікі. Сол емес пе екен?
sammita
Даже папамда ыңылдап айтып жүретінді шығарыпты

жақсы әндер.
Erkekyz
түзетейін (ұялған смайл)
dark_nazgul
Мақпал «Ауылым әнімді» тым ырбитып жіберген. Маған ол әннің «Тарлан» тобының орындауындағы нұсқасы ұнайды.
Erkekyz
Ол топтың айтатынын естімеген екенмін.
AKA
Маған «Жігіттер» тобының орындауындағы соңғы шыққан «Неге солай» әні ұнады.

araika
Әннің аты — «Кешір мені, жаным». Сөзін жазған: С. Сейтман, әнін жазған: Майлыбай
TERISKEY
«тауға қарамаааай, бауға қарамаааай» ©
araika
 иә, мен де байқағанмын. Бұл әннің сөзінен гөрі музыкасы мықты және жеткізілуі де. Жігіттерді тыңдамаушы едім, Еркін кеткелі.
«Екеуміздің жүрегіміз жалғыз» деген тұсы ұнайды-ау