Сыйлыққа альбом...

Ол жылдардың кеткеніне де көп бола қойған жоқ. Бірақ, әлі есімде. Біздер студент атанар жылдары, оның шамалы алдында 2000-2001, 2002 лерде сотосалондарда қызық дәстүрлер болатын. Бір фотосалоннан пленка алсан, сол жерде проявкалату тегін.Басқа жерге апарсаң 100 теңге болды-ау деймін шамасы.Қазір тиын тәрізді көрінетін 100 теңгенің сол кезде құны әжептеуір болған-ау деймін. Жұрттар жаңағындай акцияларға жақсы қатысатын. Пленканың қағаз қорабын жоғалтпауға тырысып жүруші еді. Әйтеуір, әпкем осындай жеңілдіктерді байқастап жүретін. Тағы бір акцияның түрі, 36 кадрында бір десме шығарсаң 25 беттік альбомды сыйлық ретінде алу. Сол кездегі ол альбомның құнының қанша кеніне мән бермеппін.
Сілтеме суретке
Бөлісу:

21 пікір

satibaldi
Қалталылар 400-дік дейтін пленка алатын, ал қарапайым сценариймен өлетіндер үшін — 200-дік дейтіндері де жараушы еді. Сабын-патаппараты бар @AKY -лер адам менсінбеуші еді, дәурен-ай…
Abilakim
Өтті де кетті
satibaldi
Онымен суретке түсіру керемет өнер еді. Коррекция-моррекция деген атымен жоқ, басжівересің де, құдай не берд деп ойлап жүресің. Біреулер Коника, сосын кешірерсіздер — Кодак пленкаларын көне Зениттерге салатын айла тауып, жынД тиын істеді, сурет сапалары әлдеқайда күчТ болатын.
Ал AKY қалай менсінбеді, солай менсінбей кетті ғой…
Abilakim
100-дік дейтін рленкалар тек далаға арналған ба еді? Біреу диплом алатын болса, әскерге кететін болса фотоапарат іздеу деген проблема болып еді. анау, бермей қояды ғой өзінше AKY -ланып
satibaldi
Иә, далаға, жабық жерге деп бөіп жататын. Айтпақшы, бір бизнестің түрі де шықты сабын-патапаррат арендаға беретін. Шаруасы жақсы жүрді, себебі фотоаппараты бар AKY сияқтылардан сұрау түгілі, жолау мұң еді.
Abilakim
Бұл фотоапараттар да өзінше қолмен айналдыратын, автоматты айналдыратын болып бөлінді-ау деймін. AKY -нікі соңғысы шығар
satibaldi
Иә, ел аузында автомат, жартылай автомат және қолмен айналдыратын деп бөлінетін еді. Қолмен айналдыратындардың фиксаторлары сынып қалса, кейде адамның жартысы мына пленкада, қалған жартысы мына пленкадан тұратын. Қырықаяғын сындырып алып, қожайынына қайтып бергуе қорқып жүретіндер қаншама еді. Ал AKY әрине, толық автоматты потаппаррат иесі болған шығар, әйтеуір менсінбеуі жаман еді адамды.
Abilakim
AKY секілділердің өз фотоапаратымен өзін суретке түсірейін деп жатқанда «ыспышкасынан қолыңды ал, ортасын дәлде» деген секілді ескертулерді естіп қалушы едік…
satibaldi
Иә, техномәмбеттігіңді бетіңе салық қылуды құр жібермеуші еді ғой AKY -тектестер.
AKY
Сен екеуіңнің неге АҚИып отырғандарыңды түсінбедім.
satibaldi
Батарейкаларының өзі жыр еді ғой! Сілтілі батарейлерді қымбатырақ сату үшін әдемілеп ағылшын акцентімен «Вам обычный, или алкалайн [әl:kjә:lain]» деп ауыз толтырып айтатын. Қалтаңа қарап көсілем деп, «обычныйын» ала салып, естеліксіз қалған бастаңғылар мен той-томалақтар болып тұрған бұ пяншік қу пәниде. AKY дегенің осы азаптың бірін де көрді дейсің бе.
konvict
Сол батерейкаларды заряд алсын деп тұзға салып қоюшы еді ғой
Abilakim
Тістеп-тістеп қайта салатындар да бар еді
satibaldi
Тез керек болған кезде тістеп-тістеп, тіпті шайнап-шайнап жіберіп зарядтап алатындарды көргенбіз. Әдетте тістелген батарейканың сыртындағы қағаз қабы қақ айырылып, ішкі жағында қытайша газет-журналдың мақаласы тұратын. Әрине, олай қор болмау үшін, арнайы AKY сияқты талғампаздарға арналған қымбат дүңгіршіктер де болды: батарейканың құны потаппараттың жартысына жуық тұратын. Кейде олардан да CONICA, SONNY деген масқара тауар белгілері шығып қалып жататын.
Abilakim
AKY тәрізділерді туған күніңе, тағы сол секілді кештерге ақысын төлеп шақырсаң 12 кадрлық пленкамен келіп, ақшаңды ұялмай қағып кете беретін
satibaldi
Оның не: ондайлар үшін сапасыз сурет деген түсінік болмайтын: көзіңді ағызып шығарған сурет болса да — 25 теңге, басың жоқ болса да — 25 теңгені үстелге. Иә, барлар жоқтарды қанаған заман еді де.
Abilakim
ауылдық жерлерде жұмыртқалай да есеп айырыса беретін
asaubota
1997-ге дейін фотомен айналысқам бөлем екеуміз. тойыс соның ассистенті болдым. пленка алып келу, проявкіге жүгіріп барып келу, шығарып алып келу, сосын бөлем бос емес кезде орта деңгейдегілерді түсіре беретінмін Зенитпен. жақсы ақша істедік.

1997-де Түркияға оқуға барғанымда ол жақтағы фотоиндустрияны көріп шошып кеттім. проявка тегін, тіпті ол үшін ақша алуды да ойламайтын. альбомды да тегін беретін, студент кезде сөйтіп бірнеше альбом істеп алып, каникулда таратып беретінмін соларды
Erlan
2000 жылдары болса керек, пленочный фотоаппарат ап берші деп алдырткам, алғаннан кейін 2 куннен соң, құрдас қызға берідім, ошым некерек артынан жасамай қалғанын айтты, оттын арасында қап қойған ба бірнарсе, сонымен фотограф профессиясына икс койылды.
Adiletshu
1996 жыл-ау дейм. Бір нәрседен сондай пленычный фотоаппарат ұтып алдық. Ол кезде ондай ешкімде жоқ қой. АКҮ типтестерден басқа. Бастапқыда көршілерді түсіріп, кейін басқа жақтарға да шығып ажептейуір ақша жасағанбыз. Ағаларым