Түркістан легионы
Түркістан легионы туралы не білеміз? Біреулер үшін олар батырлар, ал біреулер үшін олар Отан сатқындары, жаулар. Қалай болғанда да олар болды, тарихта қалады.
Түркістан легионы 1941 жылдың аяғында Мұстафа Шоқайдың өлімінен кейін 1942-де Вели Каййум хан тарапынан құрылған екен. Тұтқындағы түркістандықтарды құтқарып қалудың басқа амалы болмаған сияқты ол кезде. Бір жағынан жан сақтап қалу, бір жағынан 30-шы жылдардағы аштықты, 37-дегі қызыл қырғынды көрген бұл адамдар орыстарға қарсы соғысудан қашпаған сияқты.
Дженгиз Дағджы деген жазушы легион сапында болған екен. Ол кісі жақында қайтыс болған. Түркия қазақтарының көшбасшыларының бірі профессор Абдулвахап Қара Фейсбуктегі бетінде Дженгиз Дағджының Түркістан легионы туралы кітабы қазақшаға аударылды, жақында жарық көреді дейді. Біраз сұрақтарға сол кітаптан жауап табатын шығармыз.
Түркістан легионының біраз суреттерін таптым интернеттен. Біразын Абдулвахап Қара Бундесархивтен алып Фейсбукте бөліскен екен.
түркістандықтардан басқа Қалмақ, Азербайджан, Грузин полктары да болған көрінеді.
Бірақ қызыл әскерде мысалы, шошқаның косервісін дініңе-түріңе қарамай бере берген. Ал анда намаз оқуға рұқсат бергендер тамақтарын да дұрыстап берген болуы керек.
Жалпы, намаз оқуға рұқсат бергені мен үшін жаңалық болып, осы суреттер жарияланғаннан бері Екінші Дүниежүзілікке көзқарасым өзгеріп, сең жүріп жатыр. Әрине, дачым болмаса да.
мына жерде көп сурет бар екен. Ақтөбе обл, Ырғыз ауданында туған Тәжбағамбет деген тұтқынның құжаттары. әйелінің аты жөні және мекенжайы да жазылған.
Мұнда да Бөрі!
www.diapazon.kz/aktobe/aktobe-face/33947-ja-byl-v-turkestanskom-legione.html
Әлде ұйғыр диаспорасы Германияда соғысқа дейін де болған ба екен?
Қазақтар мен қырғыздарға өзбек тіліне қарағанда ұйғыр тілін түсіну жеңілірек. Дәл солай өзбектерге де қазақ/қырғыз тілдеріне қарағанда ұйғыр тілін түсіну әлдеқайда жеңіл. Ортада тұрған тіл, яғни.