Сисадминді наққа жібереміз!ба?ба?ба?

Құрметті Керектіктер! Тәәәәк бүгін не бүлдірдім? Негізі ешнәрсе! Мұнда Windows 7-нің кішігірім жыртығын таптым десем, асылық боп кетпес пе екен (мүмкін алдын байқағандар да бар шығар)! Кейде бір интернет кафелерге барғанда немесе жұмыс орныңызда бір программаларды орнатайын десеңіз Гость режимінде немеме Админ тарапынан шектеу болғандықтан орнатылымға рұқсат етілмей қаныңызды ішіп бітіреді. Ондай жағдайда көп мәселені былайша оп-оңай шешесіз!
1) Керекті программаңыздың .exe немесе жалпы орнатылу файлын көшіріп аласыз. Оны орнатам деп қанша талпынғанмен ешқандай да пайда жоқ, бәрібір «сіз Қонақсыз» немесе «Бұл бағдарламаның топтық политикаға байланысты қосылуы мүмкін емес, сисадмин деген бұтақбасқа хабарласыңыз» деген ескертулер шығып, сізді көз алдыңызда оңдырмай наққа жібереді.


2) Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Көшірген файлыңызды .zip форматында архивтейсіз.

3) Сөйтіп архивті ашамыз, және архивтің ішінен .exe файлды жүгіртіп жібереміз!


4) Ары қарай түсінікті ғой, Далее, Малее, анау мынау! Міне, осылайша Сисадминді әдемілеп тұрып наққа жібереміз
Жұмысында малагент орната алмай жүрген амиголар үшін Назарларыңызға рақмет, айналайындар!
Ал біржолата құлату үшін Zilola ның құрметіне мына сазды сәлемді тарту етеміз

Бөлісу:

24 пікір

blackbeard
Нәтижелер болған болса, жаза отырыңыздар!
Aldarkose
Нәтижесін сөгіc алғанда білесің )
socrates
Ай, маладес. Не нәрсе туралы жазғаныңды НАҚты білмеймін. Бірақ пайдалы нәрсе сияқты.
Janasil
Мммм да! Керек нәрсе екен.
serjan
архивтің ішінен .exe файлды жүгіртіп жібереміз!
Осы жерін түсінбедім.
Janasil
Архивты ашпай файлды іске қосасыз.
omarbirat
Файлды сол архивтің ішінде тұрған жерінен, яғни архивтен сыртқа шығармастан ашасың, Секе.
a63a1
Рахмет жақсы ақыл болды мынауың
sigma
@blackbeard
Сен сияқты юзерлер ғой қанды ішетін.
blackbeard
Сіз сияқты сисадминдер мынадай кейін оған жол бере қоймас
sigma
Жалпы сендей юзер қанды ішед дегенім, сендейлердің арқасында бір күндік нанымыз болса да адал болады дегенім ғой. Әйтпесе бар білетін блоктарды қойып, жүре береміз ғой. Тіпті десеңші, свет өшіп, кері жаған кезде (ондай да болады, кейде УПС мал боп кетед, суткілеп болмай қалғанда) серверлерді барып қосудан қалғанымыз рас, өздері свет жағанын біліп қосыла баред деген сияқты ғой. Ал мына приколың шымымен біздің мекемеде өтпейді. Біздерде сіздердікіндей юзерлердің өз компьютерлерінде орындары жоқ, әрине олар бар деп ойлайды, бірақ бәрі серверге сақталады, рабочии столдары да, ал сырттан келген файлдар (флешкадан болса да) міндетті түрде аудио, видео, орындалатын файлдарға тексеріледі, ия тек жұмыстың флешкалары стид жұмыста. Жақсысы мазаңды алмайд, кез келген компьютерге өз паролімен кірген адам өз жұмыс столында болады барлық өз файлдарын көреді. Сен де виндоусты кері орнату кезінде қиналмайсың, тлоық формат степ жібересің. Оны да барып стешең ше деп қойсам, оған жете қоймадым әлі. Желкем жібермей жүр MSI пакет степ алуға
balzaminka
оһһ, мынаны оқығаннан кейін жұмыс барысында форумдарда отырғаныма, құпия-құпия нәрселерді сақтағаныма өкініп отырғаным, ұят-аййй
sigma
Бір отырыстардан кейінгі фотоларды компьютеріңізге сақтағаннан кейін, админдеріңіз себепсіз жымимайды ма, кездескенде
balzaminka
құрбымның суретіне ғашық болып қалып, таныстыршы деген сисадмин болды  сол кезде жобаладым ғо қыдыратынын папкаларыма
sigma
Енді біреудің қалтасына ақша салып қойған сияқты ғой
KILYZAMAN
Тақырыпқа сай: Прогресстің тыңайтқыштарының тыпыры
Zere
Мынауың бір жақсы кеңес екен, Садко! Әйтпесе вечнонервный сисадминдерден бірдеңе сұрау қайғы. )
Zilola
Sadko rahmet, keremet an eken )
edige
@blackbeard қайдасың бауыр!!! Жиырма тоғыз айдың жүзі болғанда /c.satibaldi/ аватарың қылаң береді деп алаңдап отырдым…
Tamshy
Салам бердім осындағы жұртқа, Негізі ИСА сервер туралы көбірек білгім келед. Мұндағы жұрттың қарасы көп көрінед ишінде сисадминдерде барға ұқсайд. Өзімше жұмыста қоймай ақша жинатып сервер қойып (сервер2003) комптарды соған қосқам настройкасын өйтіп-бүйтіп болғандай болдым. Енді кейбір жұртты инеттен шектетуге сол исасервер қолайлы деп естіп ем.
Arys_arlany
Хайоломдасан ))))))))))
пысы: бляяяяяяяя сақал, балалық шағымды есіме түсіріп жібердің ғой…
Эххх, өтіп жатқан өмір… щщщщссссс