Көше этюдтері: Нұркен "Үлкен Үрей" (мультик сыр)

Барлығымыздың тоқ ішегіміздің түкпірінде жатқан үрейіміз бар. Олардың қорқыныштылығы сондай: тіпті дауыстап айтып көруге де тасың дірілдеп, мандраж ұстап сала бересің. Мысалы, жақын адамыңды жоғалтуды ойлап көру сияқты.
Бірақ, бала күндердегі үрейлер қазіргіден басқаша болған сияқты. Әйтеуір үрейіміз өлімнен басқа нәрсе болатын. Өлім туралы ойламақ түгілі, тіпті өлім — тек кәрі кемпір мен шалдармен болатын — ну енД, андай* оқиға сияқты көрінетін еді. Содан ба: кәрі-құртаң біреуді Аид патшалығына аттанып кетті десе… құлақ мүжіп, кәмпит жеймін деп пе, тіпті қуанатын да сияқты едік (мысықтілеу ептібайымайд-ай десейЧ!). Ендеше өлімді балалық шақтың үрейінен алып тастаймыз.
Балалық шақтың үрейі — төбелес еді. Лібә, кәдімгі төбелес. Себебі: жеңгеннің өзінде жаман күй кешесің, 75-76 жылғы пяншікатаңанәлардың ермегі үшін төбелесіп, мал боп кетесің. Өзіңе пайдасы тұл. Әрі малатасстардың өзіңе тым жақын баланы да айдап сала алатын ауыздарының дуасы бар еді. Елестет нақ: төбешікте досыңмен асық ойнап, жайбарақат жүресің, бір кезде 75-76 жылғы іші пысқан екі бұтақбас келеді де, шақырып алып, сөздермен ішіңдегі шайтаныңды оятып, жаңа ғана достықтан бауырың жабысып бара жатқан баламен төбелестіріп қояды. Тек: «о қалай нақ досыңмен төбелесесің?!» деп, бұтағымды жемеңдер. Айлалары көп. «Эй нақ, ойнап күресіп көріңдерш!» деп бастайды ғой олар! Немесе жұдырығыңды алады да, ананың бетін өз қолымен күштеп ұрғызады. Аспан Иелері! — тап жаңа Әулие Серафим шіркеуіне икон ретінде көшіруге болатын сондай бейбіт жүзді досың — тозақтың ең ыстық нүктесінен шыққан шайтан/Сотоно/диабло/шеттің өзі бов шыға келеді!
Ал осындай айдап салудың мастері — жұмысы жоқ, оқуы жоқ, жалпы — біздер сияқты құрт-шабақтардан басқада шаруасы жоқтай көрінетін Нұркен деген 75 жылғы жігіт еді. Лібә, құрдастары қатын алуды ойластырып жүргенде, бұл көше кезіп, мектепке барған/қайтқандарды бопсалау, ең құрығанда — төбелестіру еді. Оның менің қатарымның барлығының ішкі үрейі болғаны анық. Себебі, үрейлерімізді бірі-бірімізден жасырсақ та, барлығымыз Нұркен жүретін көшемен жүрмеуге тырысып, үйге мейлінше қуыс жағалап қайтатынбыз. Сайрап жатқан асфальт жолмен неге жүрмейміз десейш!

***

Бақытсыздық әдейі адамның ең бақытты да қамсыз уақытын аңдып жүреді. Ендеше, үнсіз келісіммен үйге қайтатын жолымызға айналған маршрутпен мәз-мейрам боп сабақтан келе жатқан бір күні, алдымыздан әзірейіліміз де шыға келді. Алдымен, уақ-түйек тиын жинады. Бердік. Айтпақшы, «ақша жоқ!» деп жылап жүретіндер Нұркенге тұтастай бес сомдық тапсырғанда, ішімізден «ох лібә, жылауық нақ!» деп, үкімін шығарып тастадық.
Келесі кезек — тартып алуға тұратын заттар қарау. Белбеуіңнің белдігі әдемі болса, не қаламың "үшпасталы" болса — Нұркен кәмпескелеп алатынына күмәнің болмасын нақ. Арасында себепсіз жұдырықтап қойып жүріп, кәкір-шүкірлерімізді тартып ала бастады. Со кезде кім өзі, Нұрбол ма екен, шыдамай кетті де… О, Зевс! — Нұркенді құлақ-шекеден парт-парт еткізіп, қойып қалды! Жұдырықтан гөрі, таң қалғаннан есеңгіреп қалған Нұркен "Үлкен Үрейіміз" көзі бақырайып, тіпті қорқып кетті! Сол-ақ екен, әбіржіген түрінен — шын мәнінде шымо табиғатын байқап қалған біз, тап сол жерде азаттық көтерілісін бастап кеттік! Лібә, әліміз келсін-келмесін, төпедік нақ! Ақыры таспен ұруға көштік. Лібә, аямадық! «Барлығыңды тігем нақ!» деп, қуалап жүріп, ұрғысы келіп жүрген Нұрекеңді, қорқаулардың әдісімен жабылып жықтық-ей! Тептік нақ аямай, ақыры нақ мектеп сөмкесімен ұра бастадық! Осы кезде бейшара көзіне ерік беріп, бақырып жылады:
— Ох, ептібайымайдтар шындарың ба? Айтыңдар, шындарың ба? Біртіндеп жүріп ұстап алып өлтірем! Жалғыз емес — Таңжарықпен бірге шығам, мылтығын алып!
Бейшара «мылтық» сөзінен пәлендей эффект күтті білем: бізді бұтқа жіберіп қойып, тайып тұрады деп ойлады. Бірақ біздер одан сайын өршелене сабадық, себебі айтып тұрған «мылтық» әкелетін Таңжарығы — менің ағам болатын…

Сол күн бізді жаңа белеске лақтырды, бәріміз көңілдене түстік. Суға барғанда ауыр арбамен көше айналып жүрмейтін болдық, белбеудің ең әдемі белдіктерін қорықпай тағып баратын болдық, айтпақшы кластасарымнан тіпті, тетрис сияқты тамаша ойыншық барын, күчТ электронды сағаттар болатынын, сынбайтын қаламдар барын сонда алғаш көргенмін!
Шешесстің…
Бөлісу:

15 пікір

blackbeard
Лібәәәә, Антошка нақтың! Қай-қайда жүріп еске түсіп… Айдос деген інісі екеуі лібәәәәәәә, типінақ король еді ғо!..
patick
Ондай 75 жылғы қаһарман барлық ауылда да болады ғой димін, есенболатссс
AL-ASTER
Дүкеннің алдында жомарттығы тасып тиын лақтыратын чувактардың жанында тақыстанып қалатын амиголар, жеке бастары үшін бұттары ойнағанда қалтасындағы барын шығарып келгенде іш күйетін.
asaubota
лібә шынымды айтсам ешкімнен қорықпайтынмын. біріншіден көгеретін көз, бет бәрі баяғыда көгеріп болды, айтатын ешкімім жоқ болғасын амал жоқ қайтпайтын едім ештеңеден. екіншіден бірінші пунктке байланысты кейін мен үшін тұратындар саны көп болды. обшым ыспакойны жүретінмін.
Zhan
Асаубота осы жерде қатты мақтанып кеткен жоқсың ба?
asaubota
қатты емес нормально мақтанып тұрмын.
Onlasyn
Лібәә, таныс оқиға ))))))
Zhan
Мәссаған, мынау кәдімгі дап-дайын, әп-әдемі шағын әдеби әңгіме ғой. Арасындағы «анандай» сөздерді алып тастағанда то есть…
patick
Осы сөзді айтқан 25879-шы адам болдыңыз! Құттықтаймыз!
Zhan
Құттықтауды ұмыт қалдырмағаныңа шүкір…
Onlasyn
Аутордың басқа жазбаларын ақтарып көруге кеңес берем
Zhan
Бақытсыздық әдейі адамның ең бақытты да қамсыз уақытын аңдып жүреді. — +5!!!
Beytanis
Сол бақытсыздықты «магнитше тартатын» адамның өзі.
Aya
«ақша жоқ!» деп жылап жүретіндер Нұркенге тұтастай бес сомдық тапсырғанда, ішімізден «ох лібә, жылауық нақ!» деп, үкімін шығарып тастадық.