Супермаркеттердің қулықтары
Үлкен супермаркеттер барлық қалаларда бар. Бағалары арзан деп көбінесе соларға барамыз да ойлағанымыздан көп ақша төлеп шығамыз. Арзан сияқты болып көрінеді, бірақ бәрін қосқанда біраз ақша шығады. Көпшілігіміздің басынан өткен шығар мұндай нәрсе?
Мұның бәрі маркет менеджерлерінің қулықтары мен тұзақтары. Қарап көрейік:
1. Қол арба
Мүмкіндігінше көп зат алсын деп қойылады кіреберіске. Тіпті қазір балаларға да арналған түрлері шықты. Толтырып олар да алсын деп. Егер алатын затыңыз көп болмаса кішкентай сепет ұстаған жөн.
2. Кіреберіс
Кіреберіс бөлімге көбінесе қымбат заттар қойылады. Адам енді ғана кірген кезде әлі ешқандай стресі жоқ және қоларбасы да бос. Ұнаған, көзіне түскен нәрселерді ала салуы мүмкін. Көбінесе кіреберіс жаққа киімдер, гүлдер, қымбат тамақтар, көрпе-көпшік сияқтылар қойылады.
3. Иіс
Кірген адамды иіс арқылы да алдау бар. Сондықтан кіреберіс жаққа гүлдер немесе парфюм сияқты иіс шығарғыш заттар қойылады. Иіс адамның басын айналдырып, көп зат алуына себепкер болады.
4. Жасырынбақ
Супермаркет ақымақ емес, не үшін келгеніңізді біледі. Сондықтан нан, сүт сияқты басты заттарды алыс бұрыштарға тығып тастайды. оларды іздеп табамын дегенше неше түрлі заттарды көріп шығасыз және бірнешеуін аласыз жолда кетіп бара жатып.
5. Оң мен сол
Супермаркет ішінде жүрген адам машина жолындағыдай оң жақпен жүреді. Сондықтан маңызды тауарларды көбіне оң жақ сөрелерге қояды. Адам солдан гөрі оңға көп қарайды.
6. Көз бойы
Қымбат тауарларды адамның көз бойымен есептеліп сондай биіктікке қойылады. Адамның көзі бірінші соларға түседі. Ал арзан пакетке оралған арзан тауарлар төменгі және жоғарғы сөрелерде жатады.
7. Кішкентай бала көзі
Бұл да көз бойының кішкентай бала түрі. Балалардың көзі түсетін биіктікке қымбат тәттілер, ойыншықтар қойылады. Алып бер қыңқылдағасын ата-аналар әрине алып береді көздері соған түсіп тұрғасын.
8. Акциялар
Жеп көру, иіскеп көру, ішіп көру, жағып көру сияқты тегін акциялар. Осылардан кейін адам іштей ұялып қатты керек болмаса да алуы мүмкін.
9. Түстер
Қою түстер адамды шаршатып, ұйықтатып тастайды екен. Ал ашық түстер, ақшыл көк, ақшыл жасыл түстер адамға күш береді, ақша шашуына көмектеседі.
10. Музыка
Төбеңізден музыка келіп тұр ма? Өте дұрыс. Жәй, баяу музыка адамды асықпай жүргізеді, нәтижесінде керегінен көп нәрсе алып қояды.
11. Ұсақ-түйек
Касса жаққа жетіп, кезегіңізді күтіп тұрған кезде қол жыбырлап неше түрлі шоколад, тәтті, сағыз аласыз.
12. Дисконт картасы
Дисконт картасы иә кішкене болса да жеңілдік әкеледі. бірақ, сізді сол супермаркетке байлап қояды

Кейбір темір жүйкелілер қатайып тұра береді ғой, балаларын аңыратып қойып ))
— айлық алған кезде немесе шабашка істеген кезде бармау керек. ақша тегін келгендей қатты шашып жібереміз.
— ішіп алып бармау керек. бос нәрселерді көп аламыз.
— карточкамен төлеймін деп бармау керек. ақша бар ғой деп керексіз қаржау жасаймыз.
— ең дұрысы әйелің жазып берген тізіммен және қалтаға шамалап есептеп ақша салып бару керек.
— ал ең дұрысы әрине үйдің қасындағы дүкенге бару.
Күнде әртүрлі затқа акция жасап алдайды және.
Өткен жолдары Әли мынандай тамақтар алып бер деп қанды ішіп еді:
«Болмайды! Бұл — қояндарға беретін тамақ. Мынаны аюлар жейді. Көрдің ба, қоянның, аюдың суреті тұр» деп құтылдық. Әзірге осы әдіс өтімді болып тұр ))
бірақ, ептібайымайттың баласы ертегілер алайық деп кірген дүкеннен 3200-дің Крейзи Фрогын құшақтап шықты
Алып бермей-ақ, «жарайды» десе, мәз болушы едім.
Жалпы, өзіңнің барахолкиңг жасаудағы ынсабыңды тия алатын болсаң, тізімсіздіктен қорқу болмайды. Ақшаны оңды-солды талан-таражға салатындар бар, әрине небір жылтырақты көргенде. Мен мысалы етті мүмкіндік болса супермаркеттен алуға тырысам базардан гөрі. Соңғы уақытта жұмсақ ет, филе аламын десең, нән сүйек алуды міндеттейтінді шығарыпты. Одан қалса, етті сақтау технологиясы көп ретте сақтала бермейді.
Көзің ашылғыр, біраз нәрселерді білдік. Енді супермаркетке алданбаспын
Очм, жағдаят былай:
— «FoodM...r» ЖШС тауық еттерін супермаркетке өлгенде жібітілген түрде әкелмейді — тиімсіз. Ендеше, супермаркет тауық етін он бес килограммдық жәшікпен алғанда — 2 киләсі мұз бов шығады (жақын жердегі Дачыдан сығалап тұрып байқағаным).
— Манағыер 2 килә мұзды қайткенде де ет қылып сату керек. Ендеше, ол тағы да су шашып, тоңазытқышқа салады. Тоңазытқыш жағындағы «мамандар» ол мұзды — еттен ажырап қалмайтындай қылып қатырады!
Дәл сол уақытта лоқ тұтыушылардың нөпірі есіктен толастамай кіріп жатады.
— Бүгін акарашка істий салсақ қайтед?
— Дабай зайыбал, тез піссе болды ғой, ұйықтау керек…
Кейде затты жұмыстың қасындағы «Рамстордан» ала саламын.
Бір қызығы, бұл жақтағы Рамстор басқаларынан біраз арзан, әсіресе сүт өнімдері.
Магнум алыс, бірақ оның еті жақсы. Ет алуға сонда ғана барам.
Өз басым, ондайлықты алдауға түсіп көрмеппін, маргаринді май деп сатып алатындай.
Супермаркеттен балаларға киім сатып аламын. Смоллдың «еркеш», «бөпеш» деген киімдері жақсы.
.
соңғы рет барған кезімде осында өзім жазған нәрселерді еске алып, қателікке бой алдырмауға тырыстым
"Қап, неге көп алмадым" деп қаласың ғо ондайда
ақыры жарнамалаттың ғо
Онда бірнеше адам жиылып барайық Гринге)
Боян тақырып қой негізі. Бірақ әлі актуалды.
Бұл итке де тек поштамды оқимын да шығам деп кіреді ғой көбісі
Осыдан 1-2 жыл бұрын, жарты жылдай супермаркетте жұмыс істеп көргенмін…
Супермаркет аралаған, және керек дүниеңді содан алған әрине жақсы! Бірақ, ішінде жүріп түрлі қулық-сұмдықты көріп алған соң, ендігі барғанда күмәнданбай тұрмайсың… Алдау барлық жерде бар ғой, бірақ өз көзіңмен көрмеген соң оны тіпті байқамайсың да… Сонымен, мен болған жерде халықты қалай алдайтын еді?..
* Барлық дайын түрде өлшеп салатын тауарларға (мысалы, өлшенген қант, ұн тағамдары, конфеттер. салафан қаптамадағы жеміс-жидектер) үстіне грамм қосып сататын. Оларды басқа бөлмеде өлшеп, дайындайды, өлшегенде, үстіне ауырлау кішкене зат қойып қояды, мысалға кірдің шетінде конфет тұрады.
* Жарамдылық мерзімі өтуге жақын тұрған тауарлар үнемі алдында тұрады, тез өтіп кетуі үшін, жаңадан келген тауарлар үнемі артында.
* Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарлардың қаптамадағы жазуы өшіп қалады. Сондықтан оны білдіртпей сүртіп тастап сата береді.(Мысалға, жылтыр қағаздағы орехтар) Жарамдылық мерзіміне міндетті түрде көңіл аудару керек!
* Ашылған грек жаңғағының яғни, сол сияқты орехтардың ішінде құрт көп жүреді. Оны алып тастаса, құртын түсіріп, басқасын судай жаңа салафанға қайта салып, датасын жаңадан қойып сата береді.
* Көп тұрып қалған конфеттердің, пішінәләрдің күніне жаңа күнді қайта шығарып, үсіне жабыстыра салады.
* Алмалардың көбісі қытайдікі! Оны ешқашан қытайдікі деп айтпайды. Өзіміздікі дейді. Ел оны мәз болып алады.
* Жер қияры мен Миринда деген қиярлар өте ұқсас. Жер қиярының тікенегі аз болады. Және арзан болады, ал миринда қияры біткенде. миринда деп соның бағасымен жер қиярын сата береді.
* 40 теңгенің орамжапырағын 85 теңгеге сатады.Арзан картоп келсе бағасын, атын өздері өзгертіп қымбатқа сатады. Сөйтіп, өздеріне пайда түсіреді.
* Қымбат алмалар бітіп қалса, орнына арзан алманы сол бағамен сата береді.
* Тағам сататын жерде сіздің көзіңізше ғана арнайы қолғап, таяқ қолданады. Жинайтын кезде оны сатушы қолымен асап-асап жеп, бүкіл микробын түсіреді. Таңертен оны сатады. (Салаттар көбіне)
Осы сияқты айлалары көп-ақ. Әр тауардан артық пайда көргісі келеді. Біз білмейтіндері қаншама ғой...( Орыстар 3 сағат жүріп таңдайды, иіскеп, айналдырып, келіп өлшеп… Сондықтан, асықпай қарап алғандарыңыз дұрыс…
(Бұл менің 1 супермаркеттен ғана көргенім..)