Қолы қолдың қызыметін дұрыс атқара алатындарға кәсіп...

Шереметьевода быйыл бірінші капсуланы орнатыпты:
Бұл капсула әзірше көрнекілік құрал ретінде ғана тұр. Қабырғалары ағаш(пластик болсада жарайды) және екі орындық (жататын орындары поездің купесіндегідей). Sleepbox'тарда желдеткіш жүйесі және электророзеткасы(? Қазақша қалай), Wi-Fi қарастырылған. СК теледидар, сейф, домофон(? Қазақша) және автоматтандырылған төсеніш алмастырғыш орнатуға мүмкіншілік ескерілген. Қол жүкке де орын бар. Терезесі перделенеді
Мұндай капсуланың бір сағаттық жалдау ақысы 10 доллар. 0.5 сағаттан жоғары уақытқа жалдауға болады.
Капсуланың бапғасы 10000-40000 доллар аралығында. (бағасы материалы мен ішіндегі қондырғыларына қарай өзгереді)
Осындай демалысқа арналған капсулаларды тек аэропорттар мен вокзалдарда ғана емес түрлі көрме немесе сауда алаңдарында да қолдануға болатыны түсінікті.

***********************************************************************************************************************************
Бөлісу:

30 пікір

KILYZAMAN
Кәсіпорын ашайық, кім бар қосылатын? Нәсіп табу үшін кәсіп КЕРЕК заман бұл :-)
meirzhan
Идея жақсы ғой. Бірақ біз бұндай өркениетке жеттік пе сұрақ мазалайды. Ел дұрыс пайдалана ала ма, ақшасы жете ме.
Abilakim
қыз бен жігіт демалатын орынға айналып кетеді ғой бізде))) Бірақ, Қилеке, пайда тапсақ болды емес пе, я?
KILYZAMAN
Өз ара келісімдері болып қалтасы көтерсе, талтаңдай берсін мейлі :-)
Abilakim
Мына жақта бізде ақшасын қағып алып талтаңдай береміз дейсіз ғой)))
KILYZAMAN
Қонышымыздан басамыз. Қолдан келіп тұрған соң болды емеспе?
KILYZAMAN
Жеттікпе, жетеме деп жүргенімізде, өркениетбізді таптап өтіп кетер деген қауіпің жоқпа?
meirzhan
Өркениетке жетсек ешқандай сұрақ мазаламаушы еді. Дамыған елдер адамдарының IQ төмен болатыны бар ғой.
KILYZAMAN
Бидай еккісі келмейтіндердің сылтауы жайлы мақалдың есіме түспей отырғаны… IQ-ымның жоғарылығы байқалмайды.
a63a1
транспортировка жағы қалай?
KILYZAMAN
Орныда жиналатын нәрсе ғой. Қиып пішіуіне арнайы цех болады, арнайы қондырғысымен. Тапсырыстар қабылданған соң, алға Аманжол!!!
a63a1
Орында жиналатын болса вокзал ішіне орнатудың тиімділігі қандай?
KILYZAMAN
Іссапармен немесе басқа бір мәселемен жол жүргенде жарты сағат немесе бір сағат дамылдап, аяқ жазып демалғың келген кезің болды ма? Поезд немес ұшақтың кететін мерізіміне уақыт көп қалды делік…
a63a1
ия әрине болады ондай жағдай. Бірақ 10000 у.е. ге мұндай 1 күрке алғанша, вокзал жанынан уақытша қонақ үй салған тиімдіме деп ойлаймын
KILYZAMAN
Мәселе 10000 ға алу емес, осындай сервисті кәсіп етуде болып тұр… Ал енді, ол ұсынысыңа сұранысты көбейту саясаты басқа әңгіме…
Nurgisa
Мекемелерде орнату үшін жақсы идея екен. Гуглдың Сквандинавиядағы бір офисінде-ау деймін, осындай жанға жайлы инфрақұрылым қарастырылғанын көріп едім. Түскілікте үйге барып, сабылмай, жұмыста-ақ жүрек жалғап, үзілістің қалған уақытында осындай слипбокста көз шырымын алу жұмыс өнімділігін еселей түсер ме еді дәмеленуде әбестік болмас.
KILYZAMAN
Міне, міне жақындай бастадық…
patick
Арнайы мини-қонақ үй ашуға болады осындай капсулалармен. Қызық іздеген туристерді тартуға жақсы болар еді.
Abilakim
кабинетіңнің бұрышына шағын палатка тігіп алып, спальный мешокқа ұйықтай салсаң,ә)))
Nurgisa
Онша-мұнша жер үйге де алуға болады екен: мәселен, бөлмең аз, келетін қонағың көп және привэси мәселесі болса мыналар жақсы шешім болатын сықпытты.
Tarazkyzy
Той кезінде қандай жақсы:-))) Әр қонаққа бір-бір капсула дайындап қойсаң а. Бірақ қымбатқа түсіп кетеді. Көлсай сияқты жерлерге орналастырса жақсы болар еді
balzaminka
Airportta kerek-ak tranzitpen jurgende. Delide bar dep estip, 1ak izdep taba almadm. Bizde vokzalda tiimsz, arenda kymbat, sondyktan klientke de kymbat bolady. Eger ondiris cehy bolsa nege awpaska?
satibaldi
Қолы қолдың қызыметін дұрыс атқара алатындарға кәсіп…
"Қолы көтінен өспегендерге" дегің келіп ед, сақалың жібермей қалд, а?
KILYZAMAN
"Құйысқан аман болса, қалғаны табылар" — деген тұжырымның ақиқаттығын, дәлелдедің Сатекесі!
Aqiqat
Қилызаман қашан да тосынсый жасауға құмар. Автордың осы жазбасы да мен үшін күтпеген жаңалық болды. Қалайша осы кезге дейін бұл туралы ойланбағанмын?!
KILYZAMAN
Ойланбағаның дұрыста болған шығар… Ойланып қойыпты біз үшін :-)