КерекИнфо қолданушысы, кім ол?



КерекИнфо қандай сайт?
КерекИнфо Livestreet CMS арқылы жасалған блог жүйесі. Бұл форматта коллективтік блог (қауымдастықтар) және жеке блог жүргізуге болады. Ешқандай техникалық білім қажет емес. Тіркелген қолданушы бірден өз блогына мақала жаза алады, сурет, сілтеме, аудио, видео қоса алады, сауалнама жүргізе алады. Сондай-ақ бұл жер еркін пікірталас алаңы. Пікірталас бар жерде әрине оффтоп та флуд та болады. Кейде мақаладан гөрі пікірлер қызықты болып жатады. Көпшілікке де ұнайтын нәрсе осы пікірталасу.

Қолданушылары кімдер?
Жас деңгейі әр түрлі. Басым көпшілігі 22-30 жас арасындағы контингент. Бірнеше адамнан құралған негізгі белсенді топ бар. Олар бұрынғы Керекинфо, Солай.де, Жастар, Кездесу.ком сайттарынан келе жатырған, бірін-бірі бұрыннан танитындар. Сондай-ақ көпшілігі дербес блогерлер.

Тақырыптар қандай?
Еркін блог жүйесі болғандықтан кез келген тақырыпты талқылауға болады. Тақырыптар барлық қолданушыларға ұнамауы да мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Әркім өзі қызыққан тақырыпты оқи алады.

Қандай тақырыптар "өтеді"?
Бұл сайтқа ренжитіндердің көбісі: тақырыптары "өтпей" қалғандар. Көп жағдайда БАҚта, басқа сайттарда әбден мезі болған тақырыптар мында келген кезде "өтпей" қалады. Себебі Керекинфошылардың басты қасиеті: шыншылдықтары. Ұнамай ма ұнамайды деп айтады, ұнаса ұнайды. Жақсыны жақсы, боқты боқ деп әр нәрсені өз атымен атағанды ұнатады. Адам қазақша сөйлесе демек ол қазақ. Ал қазақ онсыз да ұлтшыл халық. Сондықтан ұлттық тақырыптағы құр айқайлар мында "өтпейді". Тілін ойлаған адам алдымен сол тілде өзі сөйлеуі керек. Ал бұл жердегілер солай істеп жүр. Сондықтан ұлтшыл тақырыптарымыз өтпей қалды деп бұл жердегілерді ұлтшылдықсызбен кінәлау орынсыз. Біздің қазақ интернетті де газет-журнал сияқты "қасиетті" көреді. «Галстук киіп» жазу керек деп ойлайды. Керекинфошылар интернеттің олай емес екенін дәлелдеуде. Негізінде дәлел керек емес, онсыз да солай ғой? Керекинфошылардың бар «кінәсі» шынайылығы. Қоғамдағы екіжүзділікті бұл жерден көре алмайсыз.

Қандай қолданушылар шыдайды?
Базына айтып кеткен, айтпай кеткен, кірмей кеткен көп қолданушы бар. Бірақ, сайтты оқушылар саны күннен күнге өсуде. Демек сайт бұрынғыдан да қызықты болуда. Әлсіздер кетіп, күштілер қалуда. Кеткендер кімдер? Бұрын тек мақтау естіп үйренген, мында келіп өлеңдерінің шын бағасын білген ақындар. Абыройдан айрыламыз деп ойлайтын журналистер. Ұлтшыл сайттарда жүретін, мында келіп құсықтарын «пихаттайтын» "ұлтшылдар". Күтпеген пікір алып ренжитіндер.

Бір жерге жаңа адам келген кезде ол әрине басында жатырқайды, оған әрине бұрынғылар тиіседі. Бұл барлық жерде солай. Шыдайтындар шыдады, мойындататындар мойындатты.
Бөлісу:

186 пікір

Janasil
Көп сөздің түйіні!!!
asaubota
маған ұнайтыны бұл жерде адамдар әр нәрсенің, әр кімнің шын бағасын береді. шынайылық!
Zhan
Кейде мақаладан гөрі пікірлер қызықты болып жатады. Көпшілікке де ұнайтын нәрсе осы пікірталасу. «Галстук киіп» жазу керек деп ойлайды.  Керекинфошылардың бар «кінәсі» шынайылығы. Қоғамдағы екіжүзділікті бұл жерден көре алмайсыз. Бір жерге жаңа адам келген кезде ол әрине басында жатырқайды, оған әрине бұрынғылар тиіседі. Бұл барлық жерде солай. Шыдайтындар шыдады, ---Аршат, осы айтылған пункттерге қаншасы шыдамай кетіп қалды екен? Жарайсың, бұл сайт қандай өзі деп жүргендерге орнықты жауап болды.
Zhan
Кейбір сайттарды ашып қарасаң тез жалығып кетесің. Өйткені, онда не туралы, не жазатыны, не айтатыны, не деп ақыл айтып мыжитынын бірден біле қоясың. Сен іздеген нәрсе жоқ, болса да өте сирек. Тақырыбы да еще шіріп кеткен, құсқың келеді. (Өзім де талай мыжым, ақыл айтқыш мақала жазғанымды мойындаймын) Сосын ууфф деп шаршап кетесің. Осы сайтқа бірді-екілі жазғандарым шықпай қалған кезде, менде аздап типа ренжіп емес, техқате болды ма деп түсінбегем...Қоғам қай кезде де жаңашылдыққа тосырқап қарайды, бірақ өзім осы сайтқа күніне бір кірмесем «басым ауырады».
asaubota
мақалалардың бәрі шығады ғой, тек барлығы алғашқы бетке шыға бермейді. кем дегенде 8 + қойылған мақалалар алғашқы бетке шығады.
Zhan
Иә, оны өткендегі жазбаңды оқығаннан кейін түсіндім ғой.
sigma
админге үнаға мақала плөссіз де шыға беред
Zhan
Вот именно админ ұнатқаны үшін қай мақаланы шығаруды өзі біледі… Біздікі значить оған ұнамаған
Ottegin
Біздікі значить оған ұнамаған

Сіз осы жердегі жаамат туралы айтып отырсыз-ау…
Zhan
жазба туралы айтып отырмын  ЖАЗБА
Ottegin
Сол жазбаңыз қауымға ұнамаған деп топшылап отырмын деп едім…
19852407
тоңын отқа жаққан жарандарға ссылка жіберсеңдерші
Onlasyn
Сволочи — кто они???
)))
KILYZAMAN
Жас деңгейі әр түрлі. Басым көпшілігі 22-30 жас арасындағы контингент.
— кезбе шалдары болса ше?
asaubota
шал, кемпірлер де бар әрине. мен басым көпшілігі дедім.
Nurgisa
Басым азшылығы кезбе шалдар, деп қосып қоя салайық сіз үшін, Қилеке!!! Сіздің керек инфоға толы жазбаларыңыз, аудармаларыңыз көрінбей кетті, айтқандай, соңғы уақыттарда.
KILYZAMAN
Екі қолға бір күректі ұстайтын кез келп қалды… Күз — қыс дегендей. Құрылысымда бітпей, не жұмыс жоқ. :-( Былайынша айтқанда Сандалбайодақтың(союз) белсенді мүшесінің қызыметін адал атқарып жатырмын. :-)
sammita
Құрылысымда бітпей
Асар деген жақсы дәстүр бар, Алматылықтарға ет асып, шәй қайнатып нетіп жібермейсіз бе)
KILYZAMAN
Қайрат көрсетіп, бел қайыстырар ауыр жұмыстары біткен. Ендігісі әрлеу жұмыстары. Типың-типыңы мен мыжымасы көп, үйлестіріп, ұйқастыратын жерлері де өзінше бір асу дегендей…
Ottegin
Ойбу, мен де кірмей қалыппын, дегенмен шалдар да бар деп жазуға болатын секілді)))
sammita
Жарайсың, Аршат!
Әлгі… сыра… немістер..
asaubota
сыра демекші бүгін бір группаласыммен сыралатайын деп отырмын. если что кел. АКҮ-ден гөрі біздің әңгімелер қызық: саясат, футбол, қыздар, приколдар…
AKY
Ия, не дегің кеп отыр?
asaubota
қыздардан гөрі еркектердің әңгімелері қызық деймін да
AKY
Аааа, иеее… Оның рас енД
sammita
оның рас. АКУ қызықсыз екен, кеше тайып тұрды «хош» деп.
AKY
Иятсыз апашка.
sammita
жан досым, үстем болсын мерейііііңң. Жақсы жансың. Жалпы.
AKY
Сен де жаман емессің. Негізі.
sammita
Тимуррға асылып, тұрысыңнан соо.
AKY
Ық-ық. Менің орнымда болсаң өзің де еще как асылар едің. Асылып тұрған мен емес.
sammita
қолының ұзынын-ай.
Жалпы асылу жақсы емес, құрсын.
Abilakim
АКҮ асылып тұрған жоқ, басымен мені жасырып тұр))))
AKY
Негізі бұдан удачныйлау шыққан фотолар бар ед, ия? Асылмаған, жасырмаған деген сияқТ…
sammita
оыыбай, аяқ тоздырып Алматыға барғаның құрсын бүйтіп
AKY
Сенің көзіңмен қарасақ, Теріскей Маншүкті немесе Балжанды белінен құшақтап тұр деп жорамалдауға болады екен.
Abilakim
Розатайдың орнында бір жігіт болғанда бұлар әдейі басын тіреп тұр дер еді)))
AKY
 Бұларың кімдер?
qisyq
Мен жақсы түскем бәрі құрысын.
AKY
Сен Жалғас Ертайдың тізесіне қолыңды қойып отырсың
sammita
Жалғас "қоя тұршы, ұят болады" деп отыр ма
AKY
Мхм, 5-қауымдастығынсс…
qisyq
Қуасың ба? Жалғас менің тіземе қолын қойып отыр. Бррр…
AKY
Бррр… девотқаның байқалмайд чет суреттен. Мәз болып құшақтап апсың
sammita
оның рас. Әбіл өзін қалай танып тұр, а? Тым құрыса, 1 көзі көрінсеші.
Abilakim
Осы суретке түсер сәтте Аршат, ЕрНұр және мен далада темекі шегіп тұрғанбыз. Жүгіріп кеп тұра қалған түріміз ғой. Екі-үш рет жарқ ете қалды. Бір жерде көрініп, бір жерде көрінбей қаппын)))
sammita
рәсуә болған темекің
көрінген жеріңді көрсетсей.
TERISKEY
Ernur jane Totydan keyingi 3-turgan Abilakim goi deym.(turgan — nu, korinbey turgan )
sammita
Ал кеп Теріскейді іздейін
Көбін танымаймын.
Aikona
Теріскей Маншук пен Балжанның артында тұр ғо
sammita
таптым негізі көбін танымаймын. Бальзаминка қайсы?
Zilola
ол көзбен Бальзаминканы да біреу аямай құшақтап тұр ))
AKY
Патиктің сол жағында тұрған кім, а?
AKY
Аа, кім ойлаған десиш Бальзаминканы…
Zilola
Балжанды ойлап отырмын, үтпеп едім ондай қылық ))
Zilola
күтпеп едім деп оқыңыздар
balzaminka
ya, kim oilagan, tipten adam basyna kelmeitn is we
Nurgisa
Пәтиктің сол жағында Аршатты көріп тұрмын. Жеңісказ оң жағында
Zilola
кеше Хабар арнасынан (қателеспесем) Сахабалар жайлы кітапты таныстырып отырған Жеңісказ ағаны көрдім! Кәдімгідей қуанып кеттім ше, көп болған еді көрмегелі.
sammita
кел
жекеше түрде… тыныш отыр
AKY
А я и не претендовала
sammita
саған іренжіген ол. Ерлердің белсенділігінде нең бар еді, құдаяяй))))
AKY
Тап сол күні Едігенің достығымды қабылдамай қойғанын айтам да
sammita
көргенді жан екен, сезімтал)))
AKY
сырын біле алмай өтетін болдым Саммитажан, саған аманат
konvict
Бір апта керекке кірмеймін деген адамның отырысы мынау
AKY
Ердің екі сөйлегені — өлгені. Ал әйел* адамның 3 рет сойлесе де еш сөлекеттігі жоқ деп отырушы еді Мастұр батыр әлгі жері тірісінде.
* — жынысын айтып отырм.
sammita
 сыйлыққа-Қарақыз*
*- торттың аты.
AKY
Рахмет*
* — алғыс
konvict
Ұнамаса тыныш қана кетіп қалмай ма екен. Иә, басында біраз түсініспеушілік болады. Бірақ соған бола тонын отқа жағуы керек пе
AKY
ойбай, су ми, сен де келдің ғо жаңа болмайтын нәрсе үшін ажырасам деп © Алдараспан
Onlasyn
қалғандары подтверждать етіватр да ))
konvict
деп боғын жеп кетеді.
бәсе жеп отқан нәрсемнің дәмі біртүрлі болып еді. сөйтсеееем
xawgim
jalgasti kuxeye berwine tilewlestik bildiremin
Temirkazik
ассаламауагалейкум! Сайт жайлы жазгандарын дурыс болды. Жана колданушымын.
2-3 рет кирип тусине алмай дал болып ем! Енди уккандаймын. Барлыгына кайырлы кун деймiн!
KILYZAMAN
Уәлейкүм. Халық іші қазына, төрлет! Базыналатуға асықпасаң болды. Бұл ауылдың тентектері, ерекше тентектер өзі :-)
Abilakim
Бұл сайтқа келдің екен темір бол және қазық болып қағыла біл
a63a1
тастай батып судай сіңді де қосып қой
Daniar-Alan
темірқазағаң қағылмады ау дим осы
omarbirat
Мына мақаланы жоғары жаққа FAQ сияқты қылып жариялап қойса қалай болар екен?
Erke
Дурыс жазылган екен, ризамын Админ! Колына жалау!
yerbol89
Қазіргі кездегі КерекИнфоға қатысты сұрақтар мен оған берілген сайт админінен нақты жауап! Респект ағасы! +1
nurjanbay
Ерболдың барлық ойы
сұрақтар
мен
жауап
болып кеткен бе.
yerbol89
Хе-хе-хе мәселе менің ойым барлығы сұрақ пен жауап болып кеткен емес. Керек десеңіз Сұрақ-Жауап.кз-те де белсенділігім шамалы. Менде қазір бір сондай кезең болып жүр, бір тақырып бастауға зауқым жоқ. Тек оқумен шектіліп жүрмін. Бәріне кіналі журек соғысы! )))
nurbergen_makym
Қыртып кетіпті, Админ. Толықтай қосылмаймын!
sammita
қолжуғыш сыртта, аяқ киімді шешіп кіресің мында
Жаза келе түсінесің, ережесіз төбелес бұ жер
meirzhan
Abilakim
Есікті керме, табалдырықты баспа, құдыққа түкірме деген секілді ме?
AKY
Эротикалық әңгімелер жарияласам.
рұқсат
Порновидеолар салсам бола ма болай ма?
жо-жоқ, атай көрмеңіз.
meirzhan
өзіңнің ұятың не дейді. соған да құлақ түріп қойсаң
asaubota
порноны ашықтан ашық жұрттың көзінше қарай бермейтін шығарсың? және аузыңа келгенді де қоғамда ашық айта бермейтін шығарсың?
asaubota
әрине болады. егер өмірде де сондай ашық болсаң.
sammita
«Не верь, не бойся, не проси»
AKY
«И успокойсяяяяяяяяяяя!»
sammita
өткір, үшкір, кескіш заттар ұстауға болмайды. Шмонды Абыль жүргізеді
meirzhan
Еркін блог болғандықтан бәрі регламенттелмеген деп ойлаймын.
жазылмаған заңдар да болады ғой.
satibaldi
Пяншіктер! Мазмұнына қарамай, таза сырттан қарағанның өзінде ше? Таң атпай жазылған пост түс ауа 80-нен каммент жинайтыын бірде-бір қазақша пыртал жоқ! Иә, жылдаңар, қызғаныштан куба сигарасын шегіңдер, бірақ жоғы — жоқ.
Айтпақшы, 2008 жылы Солай.Де-де болған, ұмытпасам — ҚанатСая деген алқаш қазақта «н» деген әріп жоқ деген пост жазды ма деймін
sammita
«н» ма "ң" ба?
немен аяқталды?
satibaldi
Ұмытпасам, «н» деген әріп жоқ, орнына "ң" пайдалану керек деді. Ауру пяншіктен әрең құтылғанымыз бар еді нақ
qisyq
Мысалы былай:
Пяңшіктер! Мазмұңыңа қарамай, таза сырттаң қарағаңңың өзіңде ше? Таң атпай жазылғаң пост түс ауа 80-ңең каммеңт жиңайтыын бірде-бір қазақша пыртал жоқ! Иә, жылдаңар, қызғаңыштан куба сигарасың шегіңдер, бірақ жоғы — жоқ.
Айтпақшы, 2008 жылы Солай.Де-де болғаң, ұмытпасам — ҚаңатСая дегең алқаш қазақта «н» дегең әріп жоқ дегең пост жазды ма деймің.
Мыңқылдап отырсақ.
satibaldi
Ол өзінің постын дәл осылай жазатын.
satibaldi
Лібә, бір күні осы сурет черно-белый сияқты көнеред, ҚазНет тарихы кабинеттерінде «Интернет алқашөтушілері» деген жазбамен ілініп тұрад, тарихқа құрметі жоқ диспетчер суреттің сыртына — сабақ кестесін жапсырып кетед, туалетке бара жатқан @AKY оны көріп, «эхх, дәурен-ай...» деп күрсінед…
Aikona
шаң басқан қатты дисктерден табалымыз )))
satibaldi

balzaminka
Jannaga kraski jetpei kaldy ma?
satibaldi
Жанна алпыс жылдан соң да дәл сондай бов тұрад, теңізбалдырларынсстың
Aikona
ну? әлде жапон тілшілері архивтелінбей ме?
asaubota
Aqiqat кеше басқа едің, бүгін өзгеріп кеттің ғой. кеше қатты жүр едің ғой. масканы шештің бе?
asaubota
Aqiqat-тың барлық никтері, пікірлері, посттары өшірілді.
Onlasyn
Енді оның кім екенін айтсайш
qisyq
Айтпай-ақ қойған дұрыс шығар, Оңласын. Неғыласың. Қалсын осында.
AKY
Ия, тап осы жерде қалсыншы. Басқа еш жерде емес
meirzhan
«Вор должен сидеть в тюрьме» ©
айтсын
qisyq
Дауысқа салайық.
AKY
Айтсын дегенге бердім даусымды.
sammita
аузымды ашып күлуге қорқып қалдым, құрсын.
qisyq
Жалғыз өзімнің қарсы шыққаныма қарап кейбір адам «осының өзі емес пе, епті» деп отырған шығар
sammita
 бір жарқ етіп жоғаласың… не болса да Админ біледі құпияны
meirzhan
сен азшылықсың. 3-1
Onlasyn
Айтсын! Айтылсын, Айтылсын, құйылсын деп па ))
asaubota
айтқанда анық білмеймін ғой, тек айпи номерлері бірдей
balzaminka
bilelik degen kisilerge men de kosylam
AKY
Бұрынғы нигін де жіберу керек банға. Троллингті жазалау керек!
balzaminka
Anka-pulemetwi elestep ketti koz aldyma
blackbeard
aha IPin karauga basy jetpeid dep oilaid naktar hotya by anonymizermen kirse goi
meirzhan
hotya by anonymizermen kirse goi
ох, идея
Aqiqat
Қарапайым қолданушы Веб Технологиялармен айналысатын фирмада программист болып жасайтындардың ақылына қайдан жетсін. Бірақ, анонимайзер қойыма керек пе?

Мегалайнның барлық ip адрестері Қазақтелекомның атына жазылған. Абоненттерге динамикалық ip беріледі. Кімге қай уақытта қандай ip бергенін «салмақты негізсіз» Қазақтелеком өлдім бермейді.
Aqiqat
Жазылған пікірлерде басқа қолданушымен бірдей ip-ма? Әлде сессияда бірдей таптың ба?
asaubota
қай қаладан екеніне қарап бір қолданушыға блеф жасап едім Ақиқат деген *** сияқты деп, ол Ақиқатқа жеткізіпті солай деп айтқанымды. сосын ол почта адресін мен айтқан адамның атымен өзгертіп қойыпты  типа шынымен солай ойласын деп.
Aqiqat
игералмадым. анықтаудың қарапайым әдісі базадағы _comment таблицасында comment_user_ip полесін салыстырып жіберу керек еді. Мен байқамай 1 ip адрестен екі аккаунттан кіріп пікір білдіріп қойыппын. А сен өшіріп тастадың
balzaminka
Takyryptan alwak jazsam ewkim renjimes, ya?

Sol kuryltai kezinde 1 jigit zvondap kaidasn dep suragan, men 2-wi auditoriyadamyn dep srazu jauap berdim kim ekenin suramastan. Kaz sonwa uakyt otse de kim boldy degen surak mazalai beredi  Negizi men 1 kisige oilagam go, soitsem ol emes eken, nomeri 775-ten bastalady, beeline dep jursem activ eken, ony jakynda bildm  Nege jazp otr desenizder, bilgim keledi, orgkomitetten ekeni belgili, 1ak kim, sol belgisiz bolp kinalp jurm
qisyq
Тақырыпты әдемі бұрдың, Рысбек
Қазір осы пікірдің астына хай-вай кетеді))
meirzhan
суреттегінің біреуі ғой точно
blackbeard
Самса (тауық етінен) — 75 тг
Самса (қой етінен) — 75 тг
Самса (картошкадан) — 75 тг
(КИМЭПтің алдындағы самса сататын дүңгіршек «прәиіс листінен»)

Не ғой Өткееенде айтып едің Әлі таппадың ба?
balzaminka
bagasy ozgewe me baska jerden?

Ne goi, izdegen jok edim we
Aqiqat
Керекинфошы болу сөзсіз заманының озық азаматы болу деген сөз. Шорым-порымдар керекші бола алмайды. Бұл жерде талайдың тезінен, тозақтың өзінен аман-сау қалғандар тұрақтап қалады. Сондықтан қатарымызға қосылғандардың кім екенін, немен айналысатынын, не ойы барын тыңғылықты зерттеп алуымыз керек. Әйтпесе, ақсүйектігімізге сын болады
blackbeard
Джаным-аууу не дейд тағы??? План Барбароссоңдысссс…
Gastarbaiter
Керемет, бірақ компромисс табуға болатын сияқты. Керекшілердің сектасына қатысты жазулар тек керек еткен адамдардың мониторында көрінсе.
Қазаншы туралы мақалды айтқым келмейді ептінің… Бірақ шындығы сол.

ПС. Кейде біз де Ницшенің «суперадам», Гитлердің «таңдаулы ұлт» идеяларын сүйреп, кішігірім фашизм белгілерін көресететініміз бар.
Өйткені қарап отырсақ, ешбір керекші жеке-жеке алғанда жауыз емес. Басы қосылды дей бер, бітті Ол толпаның құрбаны болғанша, екінші рет піштірілгенің артық
Сонда не істейміз? Ештеңе істемейміз, өстіп өмір сүреміз, білгенімізше дұрыс шешім қабылдауға тырысып, Одан басқа амал бар ма?
asaubota
Ештеңе істемейміз, өстіп өмір сүреміз, білгенімізше дұрыс шешім қабылдауға тырысып, Одан басқа амал бар ма?

сөйтеміз, амал жоқ
Aqiqat
Жөн сөз. Мен қосыламын сізбен. Ештеме жасамау керек. Адамдардың өздері икемделуі керек.
izbasar
Ұлтшылдар шыдамаса да ұлтжандылар бар деп есетеймін.
asaubota
қайталап айтайын қазақпын деген адамның бәрі ұлтшыл әрі ұлтжанды. тек біреулер ұлтшылдықтарын қатты айқай-шу, үлкен ұрандармен, агрессиямен көрсетеді. ал мындағылар олай емес.
izbasar
Жөн екен. Сабырлық, нақты іспен тындыратындар дейсіңбе?
asaubota
менің ойымша қазақша сөйлеп, қазақша ойлаудың өзі қазақ болу, ұлтжанды болу.
serjan
Байқаймын Ақиқаттың техникалық шеберлігі мықты — ау.
omarbirat
Сіздің пернетақтаңызбен @Aqiqat бақырып жылап тұр.
Aya
Керекинфода отыра бергім келеді, отыра бергім. Шынайылық болғасын ғой, еш жалықтырмайды. Жігіттеріне қызығааам сосын, «сайдың тасындай» болып қайдан жиналып қалған деп
SaryQazaQ
Қысқа да нұсқа әрі нақты жақсы жазыпты. Біз сияқты жаңадан кіргендерге жақсы анықтама.
chimaq
men qaldym. kushti ekenbin!
satibaldi
Егылтетын жазбаларыңмен егылтып жұрсың һоі, боғіреееем, сен һалмағанда кем һаладе-ау!
chimaq
maqtap tursyzba?kekep tursyzba?myim jaqsy istemeidi...
satibaldi
Маһтауға бүріннан жоһ едім боғіреем, ауеземнан жаһсі сөзҒ шығеп көрген емес-ау ешһашан, шындыһ һоі, шындіһ!!!
chimaq
onda egildirip jure berein....
adayqyz
Бұл бізге алдын ала қыр көрсету ме?! ААА?
merekeee
Қазір соншалықты шынайы емессіңдер. Бұрыннан келе жатқандар өтірік бірдеме жаза салса да көңілжықпастықпен плюстеп қоясыңдар. Ал новенькийлерді даже оқымайсыңдар да :p
ken
Бұрыннан сондай.

Бірақ сайт бұрынғыдай емес.
bake
Өз міндеттін атқарды деп «зейнеткілікке» шығарғанға ертеме? Алғ(қ)ашқы прецедент жасап, тіпті феномен болды деп «пафосты»-пен пьесаны аяқ(сыз)талғаныма…
ken
а?
bake
Ақпараттық ресурстың "өмір циклі" бойынша жаңа "қан құйылмаса" тек "қолдау" және «демеу» ғана қалады.
Ispek92
Біраз шер тарқатып тастапсыз)))