Мектепке директор керек

Қойылатын талаптар
1. Ер немесе әйел
2. Білімі жоғары болмасада жоғарғы білімді анықтайтын қағазы міндетті түрде керек.
3. Аудандық, облыстық, республикалық «Жағымпаздар конкурысынан» алған мақтау қағаздарының көшірмесі (егер бар болса, жоқ болса міндетті түрде қатысу керек)
4. Дауысы Нұрлан Абдуллиннің дауысына жақын болуы керек, (мұғалімдерге айқайлағанда керек)
5. Боқтық сөздердің (орысша, қазақша) сыпайылау түрлерін білуі керек, анайылау түрлерін білсе тіпті жақсы.
6. Компюьтер білудің мүлдем қажеті жоқ, есесіне информатик пен хатшы қызға жұмыс істете білуі керек.
7. Банкеттерде тостты ұзақ әрі мәнсіз сөйлей білуіңіз керек.
8. Қол астыңыздағы мұғалімдерді түгел «Нұротанға» мүшелікке өткізе білетіндей шеберлік керек.
9. Әйеліңіз қайда жүргеніңізді сұрамайтын және қонақты жақсы күте білетін болуы керек.
10. Ақша жинағанда келіспеген мұғалімдерді орнына қоя алатын болуыңыз керек.
11. Астыңызда машина болса тіпті жақсы, өйткені аптасына аз дегенде 4 рет ауданға шапқылайсыз.
12. Бір соғым беріп жұмысқа кіргендерді қаржы полициясынан сәтті қорғап шығуыңыз керек.
Осындай қасиеттер бойыңызда болса мектепке келіңіз директор боласыз.
Бөлісу:

25 пікір

meirzhan
1-ші талап «жіңішке ағылшын қалжыңы» ма дедім. түсіну қиын.

Осы директор іспеттес немесе одан да жоғары лауазымдағылардың көпшілігінде ұйымдастырушылық қабілеттен гөрі зорлықшылдық қасиет басым ба дедім. Әлде партияға кіргізіп жіберу сияқты тапсырмаларды зорлықсыз орындау мүмкін емес пе.
edige
Астыңызда машина болса тіпті жақсы, өйткені аптасына аз дегенде 4 рет ауданға шапқылайсыз.
зовхозда көлік болса да болады
edige
Бұйырғанда өзіңіз сол креслоға отырып қалсаңыз басқаша болар ма еді, @serjan ағай?..
edige
@konvictтің ауылынан жынданба нақ, Тараздан екенің өтірік емес  сабақта «Яссауи» тобының әндері қойылып тұрылуын, әрбір мұғалім физрукке не жоқ дешиш Қасымның Қасымолжас емес Аманжоловтың андерін қалаған жерінен айтуға қабілетті болуын, мұғалімдерге киімді өзі алып кеп беретін директор өмір сүріп жатыр деп кеше көрсетті.
міне ол нағыз директор!!!!!!!
serjan
Мен де осындай қасиеттер қалыптастыруға тырасамын ғой.
Meru
Директоры осындай боса, мұғалімдері қандай болады екен?
TOTY
Ақша жинағанда келіспеген мұғалімдерді орнына қоя алатын болуыңыз керек.

*Осы тұсына коммент айтуға болады. Менің сіңлім қаладағы мектептердің бірінде мұғалім. Жалақы алған сайын біраз пайызын газетке жазылуға жинау, оны-мұны жоқ-жітікке жинау, туған күндер, бата т.б. сияқты дүниелерге тастап келіп отырады. Реніш білдіргендерді мүдірлері орнына бір-ақ сөзбен қойып отырады екен...
serjan
Мүдір деген сөзіңіз құлағыма таныс, ұйғұрлар директорды солай айтады ғой йә?
TOTY
Ойбай,ұйғырды білмедім, біздің өңірдің мектептері осы сөзді егемендік алғалы қолданысқа енгізген
Meru
Мұғалімдерге өтпейтін газетті күштеп жазып қоятындары тағы бар))
patick
тек мұғалімдерге емес )
Meru
Тағы кімдер бар, мамам мұғалім боған соң соларға ғана деп жүрсем
Zilola
гос.бюджетниктердiн барi
balzaminka
Стипендия алғанымызға жазықты едік, стипендия аласың, газетке жазыл деп  Староста болғанның жақсысы арзанын өзің алып, қымбатын өзгеге жазатын, факультет белсендісі болғанның жақсысы өз группаңа азын алып, өзгесіне қалғанын итере салу еді
Zilola
тфай тфай шукiр. КазБСКА саясаттан алысьау едi. кок тиын шыгарган емеспiз
Zhanara2012
Отан үшін группа үшін жан ПИДА!!!
KILYZAMAN
Сержанның мектпетегі жағдайға еарналған (… керек) екі тақырыбы да қатты қынжылтады. Шарасыздығымыз ата-ана болып шара қолдана білмейтіндігімзден емеспе осы?
KILYZAMAN
Топас директорлардың топас директивалары бірден көрініп тұрсада баланың болашағын ойлағансып үн шығармауды дұрыс көруді қою керек… Қисық қалыптан дұрыс нәрсе шығушы ма еді?
balzaminka
Қилеке, сол ата-ана мектептен білім талап ете ме екен өзі? Құрбымның сіңлісі жаңа мектепке ауысқан, жиналысқа маған баршы деп өтініш айтқаннан кейін барсам, ата-аналар оқыту бағдарламасы, методикасы, үлгерім, жоспар жайлы жақ ашпады. Сұрағандары қанша ақша беру керек, қандай нәрсе керек т.с.с. Жыламаған балаға тамақ қайдан болсын?! Өзіміз талап қоя білуіміз керек, баламды қинайды демей. Группаласым сіңлімнің сынып жетекшісі болды, қазір завуч, сол айтады, ата-ана баласының жағдайын жасау үшін келеді мектепке, білім сұрап емес деп.
KILYZAMAN
Міне Балжан, ойымыз жақындасты. Талап қоюдан тайсақтамау керек… Басты изеп келісе берсек, изендеген(жайылған) қойдан қай жеріміз артық?
izbasar
Сержан әріптес барлығына топырақ шаша берудің де қажеті жоққой. 50 пайыз нормалный директорлар кездесіп жатады.
serjan
Әрине бәрі ондай емес.