Қамқор шайтан

Бір қария мешітке намаз оқу үшін келе жатады. Әбден қартайған, әлі жоқ. Жолда екі рет құлап қалады. Сонда да қайтпай, қайткенде де намазға үлгеріп, Алланың разылығын алу үшін жүріп келеді. Бір кезде, қайдан сап ете қалғаны белгісіз бір бала кеп, қолтығынан демеп:
— Мен сізге көмектесейін. Жүріңіз, — деп жетектей жөнеледі.
Қарияның жүрісі өніп, жағдайы түзеліп, жаны кіріп қалады.
— Рахмет, балам! Өркенің өссін! Алла сауаптан жазсын саған. Кімнің баласысын, шырағым?! – деп мейірлене әңгімеге тартады.
— Мен шайтанмын, — дейді бала.
Қария шошып кетеді. Сосын таң қалып:
— Онда, неге маған көмектесіп келесің, — дейді.
— Сенің Аллаға жан жүрегіңмен беріліп, осынша ауыр хәлде болсаң да мешітке барсам деген ниетің үшін Алла саған жәннат сыйламақ. Сен жолда екі рет оңбай құладың. Енді сүрінсең — өліп кетуің мүмкін. Өлсең – жәннатқа кетесің. Сондықтан мен сенің бұл күйіңде өлуіңе қарсымын. Жер басып, жүре тұрғаның жақсы. Әйтеуір бір қате қадам жасап, күнәлермен былғансаң – тозаққа лайық болып қаласың. Сол үшін мен бұрынғыдан да қатты жұмыс жасауым керек. Абайла! Құлап қалма! – депті.
Бөлісу:

35 пікір

Serzha
Әбден қартайған, әлі жоқ, алжыған қария.
sigma
Құрметті Админ ( @asaubota ) бұл әңгімеден ешқандай өнеге, тәлім тәрбие көре алмадым. Бір жағынан қарасаңыз бәрі керемет жақсы секілді, бірақ екінші жағынан әлгі байғұс қария намазға бармай қалуы керек еді ме деп қаласың. Олай болған болса, құлап сүрініп жатырсаңыздар намазды қаза қылуға шақыратын әңгіме сияқты. Және намазды қаза қылған адам жұмаққа баратыны туралы естімеппін.
Осы бүгінде елімізде дін мәселесі ушығып тұған кезде осы тақылеттес адамды адастыратын, адастырмағанның өзінде екі түрлі ой салатын мақалалар сайтымызда жарық көрмесе екен деген ниетпен авторға емес админ мырзаға жазып отырмын.
Екіншіден осы шайтан туралы мақала, осы бөлімде жарық көрген ертеректе. Тақырыбы мен мәтіні бөлек болғанымен мазмұны осыған келеді, автор ескертулерден соң алып тастаған.

ұсыныс: мақаланы өшіріп, авторға бан! (тәртіп керек)
meirzhan
— Сайтқа жаңа тіркелген қолданушының бүкіл сайттағы жазбаларды оқып, зерттеп барып пост жариялауы қисынға келмейді.
— Еркін блог дегендіктен блогшы не жазса да өзі білетін шығар. Постта сектаны ашық насихаттау немесе жеке тұлғаны ғайбаттап, қаралауды байқамадым.
— Әңгіме бойынша әркім әртүрлі түйін шығаруы мүмкін деп ойлаймын.
Қатты айтты демеңіздер, өз пікірім.
know_how88
Әңгіме бойынша әркім әртүрлі түйін шығаруы мүмкін
деген дұрысы…
sigma
Сайтқа жаңа тіркелген қолданушының бүкіл сайттағы жазбаларды оқып, зерттеп барып пост жариялауы қисынға келмейді.
Дегенмен іздеу функцияларын пайдаланып бір шолып өткені абзал.
— Еркін блог дегендіктен блогшы не жазса да өзі білетін шығар. Постта сектаны ашық насихаттау немесе жеке тұлғаны ғайбаттап, қаралауды байқамадым.
— Әңгіме бойынша әркім әртүрлі түйін шығаруы мүмкін деп ойлаймын.

Қарап отырсаңыз сайтта бірнеше бөлімдер бар, тым болмағанда өз блогы. Ал мынадай мәнсіз әңгімені „Ғибратты әңгімелерге„ қосуы дұрыс емес деген ойда жазып едім.
19852407
ғибратты әңгіменің түйіні дұрыс түсінілмеген болуы керек шамасы
serjan
Осы пікірді жазғанша басқа пайдалы іспен айналыссайшы.
AKY
Ой, лібә, жоқ жерден керемет боп қалмаңдарш осы.
serjan
Пікірінің ұзақтығын айтам да.
AKY
Небір ұзақ пікірдің күніне бәленбайын жазатын Гастаға неге айтпайсың осыны?
Maya
Қай жерінде құлап сүрінсең намазды қаза ет деп жазулы тұр а? Керісінше қария құлап сүрінсе де барып намаз оқыды ғой. Және намазды қаза қылсаң жұмаққа барасың деген сөз жоқ.
Zilola
@Ahi жетiспей жургендей ме, калай озi
meirzhan
соңғы кезде оны көп еске алатын болдық. Құлағы тыныш емес шығар оның
Zilola
кыркуйектiн ортасына таяп калдык, сабагы басталса осында журер ед
meirzhan
Сол ғой сол. Шіркін лайф әскерде боп жүру керек негізі қазір.
Zilola
аскер емес, шiркiн лайф некеде шыгар а. уйленедi деген ангiме естiген едiм.
edige
екеуіңдікі де дұрыс
edige
Қорытынды: "Құлағанда біреу сүйеп жатса бас салып сабап таста. Шайтан болуы мүмкін"
know_how88
Қорытынды: "Құлағанда біреу сүйеп жатса бас салып сабап таста. Шайтан болуы мүмкін"
e_zhalgas
болашағын ойлап, стратегиялық жоспармен жұмыс істейді екен әлгі шайтан
a63a1
Ождан жазған тақырыпқой ымнау )))
nurjanbay
Барлық мұсылман "Өмір берсең Ислам үстінде, өлім берсең Иман үстінде бер" деп тілейді. Мақсат ұзақ өмір сүру емес. Мақсат өмір деп аталатын жарыстың финишіне жеткенде иманмен өту. Бүткіл өміріңді дін жолын ұстанып, намаз оқып, тақуалықпен өткізіп, бірақ бір күнә жасап абыройсыздықпен өліп кеткеннің несі жақсы. Немесе бүкіл өмірінде көптеген қателіктерге ұрынып адасса да өлер шағында шын тәубеге келіп, құдайдан барлық күнәларына бар ниетімен кешірім сұраса бұл дүнеден иманмен өтеді.
Және бұл әңгімеде шәкеңдердің есекдәмесін де көруге болады.

* * *
Бір әулие ел аралап келе жатса жиналып алып билеп жатқан бір топ шайтандарды көреді. Бұлар бұл жерде не істеп жүр деп таң қалады. Сосын арасындағы біреуінен «Сендердің жұмыстарың адамдарды азғыру ғой. Олай болса адамдарды азғырудың орнына бұл жерде не істеп жүрсіңдер?» деп сұрайды. Сонда әлгі шайтан "Қазіргі молдалар адамдарды ақиқаттан алыстатып адастыру жағынан біздерден асып түсті. Сол себепті біз жұмыссыз қалып, қысқартылып кеттік" деген екен.

* * *
Шайтанның айлалары туралы білгілерің келсе Л. Н. Толстойдың «РАЗРУШЕНИЕ АДА И ВОССТАНОВЛЕНИЕ ЕГО» деген әңгімесін оқып шығыңдар.
konvict
Исматулла қанша шайтанды өтпіскіге жіберді екен…

П.С. мен 3еуін жібердім уже
know_how88
«Сол себепті біз жұмыссыз қалып, қысқартылып кеттік»
Ол жұмыссыздар Жол картасы 2020-мен жұмысқа орналасып жатса мүшкіл болатын болды ғой онда жағдай...
Ahi
Өтірік болғанда да енді… сөз жоқ
Ahi
Аллаһ Тағала былай дейді: "Әй, иман келтірген! Исламға бүтіндей кіріңдер! Шайтанның ізіне ермеңдер! Өйткені ол — сендерге ашық дұшпан" (Бақара сүресі, 208-аят). Аллаһ Тағала шайтанды бізге ашық дұшпан деп тұр, демек ол бізге қамқоршы болуы мүмкін емес.
meirzhan
Қамқоршы дегенді тырнақшаға алса бәрі орнына келеді.
konvict
Уррааааа, ахи мырза қайта оралды. Құтты болсын!!!
direct
Иә, былай түсініп оқу керек екен мына әңгімені)
Qosay
Л.Толстойдың «Разрушение ада и восстановление его» деген шығармасын оқуды ұсынамын. Шайтанның сипаты, адамдарды бір-біріне айдап салу амалдары ашық жазылған. Мазмұны күрделі, бірақ өте ғибратты әңгіме.
SaryQazaQ
Ғибратты әңгіме. Бұрын досымнан естіп үлкен әсерде болып едім. Ниетіңе қарай береді деген осы екен ғой