Ниеті беймәлім жазулар...

Агент деген «бәленің» құрсауына түсіп қалғаныма біраз болды. күні-түні отырмасам да, қолым қалт еткенде кітап оқымаймын, агентке кіремін. Кітап оқу, мақала жазу, дипломды түрту дегендер ойыма кіріп-шығар емес. Әйтеуір, арты жақсы болсын.
Онда кімдер жоқ дейсің, бәрі бар: «законные, не законные, государственные, не государственные»)) опшым — бәрі. Қызға жігіт, жігітке қыз, шалға кемпір, кемпірге шал бар. Содан әңгіменің тиегі ағытылады -ай келіп. Блокпен «бомбитетед» одан қалса. Әрине, достарымен хат жазысып, хабар алысқан дұрыс қой. Бірақ әлдебір еріккендердің не арам пиғылды адамдардың ба жазып, осыны 10 адамға не 5 адамға тарат, әйтпесе сонша жыл бақытсыз боласың дегені — СҰМДЫҚ! Ойыма алмастан, өшіріп тастаймын. Қу көңілде бірақ қалады екен… Сол жазылғандардың барлығы дінге қатысты. «la ilaxa ilallax Muxammadur Rasullullah»dep 10 adamga jiber bugin jaksi soz estisin .alla uwin erinbe bugin juma " жіберді жаңа біразда".
Мұны жазып отырған кім екен? Алла тағаланың қасында отырғандай сөйлейді. Жақсылық жасап-жасамайтыны — Жаратқанға ғана аян. Сосын неге «именно» 10 адамға? Неге 7 адамға емес, неге 77 адамға емес? Беймәлім. Бұл — адамды адастыру. Достар, осыдан аулақ болайық. Жақында бір газеттен аты-жөні «Аллаһ....» (тегін ұмытып қалдым) деп тіркелген адамды көріп, жағамды ұстағанмын. Фотосы жоқ екен. Блокка «Пишу Коран...» деп жазып қойыпты. Ал, керек болса?!
Бөлісу:

7 пікір

meirzhan
Жақында бір газеттен аты-жөні «Аллаһ....» (тегін ұмытып қалдым) деп тіркелген адамды көріп
Электронды газет пе?
e_zhalgas
«Аллаһ....» «Пишу Коран...»
satibaldi
Жақында бір газеттен аты-жөні «Аллаһ....» (тегін ұмытып қалдым) деп тіркелген адамды көріп, жағамды ұстағанмын. Фотосы жоқ екен. Блокка «Пишу Коран...» деп жазып қойыпты.
@KILYZAMAN -мен бір палатада болса керек.
balzaminka
ondai hattardy jibergen adamga kaita jiberem erinbei, 10 dese onyn, 30 dese otyzn

Sayana, konilge aludn ew kajeti jok