Қасық түссе...

Қазақта небір ырымдар мен тиымдар көп қой. Баяғыда кеседегі шайдың ішінде бір ұзын шама (сама) жүзіп жүрсе қонақ келеді дегенді де естіп ем. Шай ішіп отырып қасық түсіріп алса да біреу келе жатыр деп жорамалдауға болады екен. Бір қызығы, қасық етпетінен түссе еркек, шалқасынан түссе әйел (қатын) адам келеді деп айтылады. Неге? Әлде бұған қос жыныстың төсекте жатуының қатысы бар ма? Бұндайды естіп пе едіңіздер?


Суреттің алынған жері міне
Бөлісу:

27 пікір

Kazanova_Jakomo
Әйтеуір пышақ жерге түссе, еркек келеді дегенді естігенмін. Ал, қасық түссе әйел келеді деген бар, етпетінен түссе еркек келеді дегенді бұрын-соңды естімеппін.
Abilakim
Мен соны естіген соң жазып отырмын ғой))))
Aizhantabyn
лапша!

Нож болса — еркек, ложка болса — әйел, блюдце болса -? )))
Gastarbaiter
Блюдце болса блядце келе жатыр))
Aizhantabyn
как всегда ты на высоте!
AL-ASTER
Кішкентай қасық түссе, кішкентай адам (жасына қарай), үлкен қасық түссе, үлкен адам болар.
meirzhan
Үйде бәрі кішкентай қасық болсаш
AL-ASTER
Тамақ ішпейтін үй болмаса…
satibaldi
Христиандар, болмай кеткір біреулерде бұл ырымның жалғасы бар, болма кеткірлерде. Очм, қасық түскен кезде, дәл бұрынғыдай тез көтере қойсаң — қонақ келмей қалатын көрінеді! Солай нақ: кейбір үйлерде болсайш, тез көтерсейш деп жекіп жататынын өз құлағыммен көргем, әнасстың.
AL-ASTER
Смайликтер қайда кеткен, қарқылдағанын қойғым келіп еді.
19852407
електеп кетіп қалды
qisyq
електеп
жақсы әдіс екен, үйретесің бе?
Gulistan
Студент кезімізде шай үстінде қасық құласа, «ешкім келмесін» деп сонымен жер ұрғылайтын қыздар.
Nurgisa
Сөйте келе қонақжай қазақпыз біз деймісіңдер…
satibaldi
«ешкім келмесін» деп сонымен жер ұрғылайтын қыздар.
Ал Сіз:«бұларың не қыздар, ұят емес пе, келсінші!» деп, қайтадан лақтырып жіберетін едіңіз бе?
Gulistan
мен ол кезде сондай ырым барын білген жоқпын
Onlasyn
Әлде бұған қос жыныстың төсекте жатуының қатысы бар ма?
))))))))))))))
Onlasyn
Пышақты қырынан қойсаң үй иелері ұрсысады. Жатқызып қойсаң ұрсыстарын дереу доғара қояды.
Abilakim
Бір орамалға екі адам қатар беті-қолын сүртсе де ұрыс шығады дегенді естіп ем)))
Milzhyng
Мынау орыстың ырымы ғой!!!
Abilakim
Қайдан кіргенін зерттегенім жоқ, естігенімді жазып отырмын. Бала кезімде әдейі біреумен қабаттасып сүртетінмін. Ұрсысқаным есімде жоқ
satibaldi
Бала кезімде әдейі біреумен қабаттасып сүртетінмін.
Бірнеше адамға арналған неткен құтты әжетхана болды бұл?
Abilakim
Ауылда қолжуғыш далада тұрушы еді…
a63a1
Қазақ ырым етеді
Ырымы Қырым иле Қырын кетед