Сен алдымен суға түсші, сосын мен
Бір күлкілі бірдеңе айтқанда, әрине біз жұртты күлдіру үшін айтып жатамыз. Кейде сөздің ыңғайы келгендіктен. Бірақ жұрт реакциясына үнемі бағыныштылық жақсы қасиет емес.
Мәселен, бір шала-таныс кісіге біреу сұрақ қойғанда, ол бірден жауап бермеуі мүмкін. Кейде ол қасындағы құрбысына қарап, оның реакциясымен санасады. Яғни педружкасы мұрнын тыржитса, не керісінше күлімдеп, қызығушылық танытса, ол да соны қайталап жатады. Жоқ, мен қарапайым үндестікті айтпаймын. Кәдімгі алақ-жұлақ етіп жұрт көзінен қолдау іздеушілік, немесе реакция күтушілікті айтамын.
Үнемі біреумен одақтас, біреумен жолдас, сыбайлас болып әрекет етпесе жүре алмайтындар болады. Қыздар еркектерге қарағанда жалғыздықтан өлердей қорқады. Бұл қарапайым күнделікті болатын нәрсе. Қыздар туалетке де екеулеп қол ұстасып бара беретіні сондықтан. Далаға серуендеу жайлы тіпті айтпаймын да. Паркте, көшеде, кафеде екеулеп жайылып жүретін нәзік жандыларды көптеп кездестіруге болады. Мәселе, тек жалғыздықтан ұялуда емес, қорғансыздықта.
Ол тек қыздарға ғана тән емес, әрине. Топтасқандар әрқашан өжеттеу келеді. Жалғыздың үні шықпайды ғой.
Көпшілікке сұрақ қойылғанда, не бір түсініксіз жағдай болғанда, бәрі бір-біріне қарап тұратынын байқадыңыз ба?
«Тұра тұр ештеңе істеме, жұрт қайтеді екен алдымен соны білейік?» -дегендей.
Сондай мінез құлықтың эталонды нұсқасын жақында көрдім. Ол кісі жаңа топта еркін сөйлей алмайды. Жаңа ортадан қорқатын сияқты. Табиғи үрей ғой, бірақ оқи беріңіз, ол маған обед уақытында күнде телефон соғады.
"- Столовый қасында күт, бірге түстенейік! "
— Жарайды.
— Кешке не істейсің? -дейді.
— Тренировкаға барам.
— Ал біз шай ішеміз!
— Жарайды.
— Сен ішпейсің бе кешке?
— Тренировкадан соң желание болса барам.
— Көт болмаш. Жүрсейш бізбен.
-??? Желанием болмаса, қинауым керек пе?
***
Ертеңгі күн.
— Кешке не істейсің?
— Кітап оқим, аяғымды аспанға көтеріп қойып отырам
— Білә, скучно ғой…
— Маған скучно емес. Кешке шайға жиналасындар ма?
— Ой, ешкім шыккан жок кеше.
— Бір өзін іштін ба?
— Кетш. Отырсам сол жынды сиякты бір озым ішіп.
— Неге отырмаска? Шай ішкін келсе?
***
Үшінші күн
— Тренажеркаға барсам деп отырмын. Сен барасын ба?? -дейді аяқ астынан.
— Жоқ, ертең барам.
— Бүгін ше?
— Үйдегілермен сөйлесем, порнушка көрем, айнаның алдына тұрып билеймін, құтырам, бетімді тыржитып, нешетүрлі позада өзіме тамсанам. Бәлкім шай да ішетін шығармын.
— Уо, давай 9-да шайға шық!
— Ок. Тренажерка ше?
— Ертең барайық.
— Ок.
***
Төртінші күн.
— Сәлем. Дайынсың ба тренажеркаға?
— Аха дайынмын.
— Қазір он минуттан соң шыға бер.
(Он минуттан кейін шықпаған соң, өзім соғайын дедім)
— Не қылдың?
— Блин, бүгін бара алмаймын.
— Не боп қалды?
— Қыздар кешке шай ішуге кухняда жиналамыз, Мафия ойнаймыз дейд.
— А-а-а. Жарайды мен кеттім залға.
— Сен де қалсайш.
— Ертең.
— Ертең ешкім шықпай қойса ше?
***
Жалғыз өзі көпшілік ортасында тамақ іше алмайтындар, жалғыз өзі киноға бара алмайтындар, жалғыз өзі көңілін көтере алмайтындар үнемі көпшілік қай жерде сол жерде жүріп, толқынға ілесіп жүргендер, өзімен өзі жалғыз қалудан жалықпайтын, өзімен өзі іші пыспайтын, әрқашан ермек табатын адамнан бақыттырақ сияқты.
Бірақ байқасаң, қоғамға тым қатты байланғандар жалғыздықтан көбірек жапа шегетін сияқты.
tests.kulichki.com/cgi-bin/test1.cgi?cat=persona&num=14
Пы.Сы. Негізі, бұл тектес тесттерден өту әдетімде жоқ еді. Бірақ, Гаста айтқан соң, көрейін дедім.
Қалтаң өзіңді ғана көтерген кездерде), соған қарағанда бұл бір ситуацияға, адамның көңіл күйіне байланысты көріністер емеспе«Оның бәрі қоғансыздық» -деген тіркес жоқ менің жазбамда.
Сондықтан қай жеріне қарсы шығып отырғаның түсініксіз.
«ОЛ кісі суық тиіп, жөтеліп, түшкіріп, температурасы көтерілді»- десем суық тиюдің басқа белгілері жоқ дегенді білдірмейді… Және керісінше, «жөтел тек суық тиюдің белгісі» дегенімді білдірмейді.
Қыздар жайылатын мал емес, осы жердегі қыздарды құрметтемесең де сыйлауға болады деп ойлаймын
Шыны керек, сол өз пікірін білдіруден қашатындар қызметте өсуде потенциалы жоғары ғо, үндемей жүріп бүлдіретіндер
Но пікірлерім көпшілікпен әрдайым бірдей бола бермейді. Тіпті совсем қарсы келгенде, қорықпай айта салам (кей кезде сол үшін өкініп те қалам).
Так я зависима от общественного мнения или нет?Жить в обществе и быть отдельным от общества нельзядеп Ленин айтқан екен, менің папамның цитатасы.сондықтан,қалай болса да, халықпен санасасың.Мысалы,үй киіммен 1 қабатта орналасқан дүкенге бара салғым келеді, бірақ басқа адамдар біздің үйде тұрмағандықтан, олар мені түсінбейді.Сондықтан нанға бару үшін де, басқалай киіну керек.Сәтсіз мысал сияқты)
Ия, өздік «МЕНіңді» жоғалпау үшін де кей сәтте өз-өзіңмен қалған дұрыс…
Әлгі сен сипаттаға кісі адамның қалауымен снаспайтындай көрінді. Әсіресе алғашқы күндердің диалогын оқығанда.
апарывстағаныболмасаБір жаман жері, кейде осындай жападан жалғыз жүрген кәдімгідей ұнап қалып, жалғыздық бірнеше айға созылып кетуі мүмкін.
Жө, серьезный түрмен еще и казахша ариптермен айтып-айтып тастағаныма күлкім келіп жатыр )))