Хош келдің, Сеск!!!

Бүгін түнде Қадыр түнімен қатар Еуропада суперкубок үшін Барселона мен Порту күш сынасты. Бірінші таймда Гуариннің қателігін пайдаланған Месси есеп ашса, екінші таймның соңына таман Мессидің әдемі пасын пайдаланған Сеск Фабрегас гол соқты. Естеріңізге сала кетейін Сеск Барса сапына биыл келіп қосылды. Ол бұған дейін Арсенал сапында ойнады және каталон мектебінен 2003 жылы зеңбірекшілер сапына ауысқан болатын. Реалмен өткен ойын және Портумен өткен екі ойынды ескерсек Сесктің қайта оралуы Барса үшін сәтті болған секілді. Айта кетейік ойын соңына таман Портудың екі ойыншысы алаңнан қуылды.

Мессидің голы

Фабрегастың голы
Бөлісу:
  • 6

6 пікір

asaubota
Фабрегас СЕСКенбей ойнай ма екен Барсеонада, көреміз. мен өзім оны бұл командаға жарастыра алмадым.
Nurgisa
Бүгінгі суперкубок үшін болған ойында ойын соңына таман алмастыруға шығып, гол соғып үлгерді. Шаш қию үлгісін жаңалатыпты. Мессидің әдемі пасын ұрымтал кәдеге жаратты. Соған қарағанда, жатырқай қоймас.
Nurgisa
Пікірді тақырыпты оқымай жазып жіберіппін…
konvict
Әзірге Сеск те Санчестің де ойыны онша жүрер емес. Барса көбіне допты өзінде ұстауға әуес команда. Сондықтан да болар Удинезе мен Арсеналдың ойынына үйренгендерге аздап қиындау соғатыны заңдылық. Меніңще Сесктің Барсаға келуі Хавидің жасының ұлғаюына байланысты секілді. Қысқы трансфер кезінде келген Афелай да алғашында ойынын таба алмаған еді ғой
aktobe88
Келгелі үш матч, үш кубок, екі гол…
Біраз дөрекілеу айтсам, аузының салымы мықты жігіт. Жолы болғыш расында.