Ескі кітаптардан

Жақында, өте ескі кітаптарды оқып отырып, мынадай жазбаларға тап болдым:



Осы үзіндіде келтірілген жағдай қазір де өзгере қойған жоқ секілді көрінеді маған, кейде…

Керекинфоның беттерінде қазақ қыздарының қандай болуы керек екенін айқындамақшы болғандардың мақалалары, тіпті телерепортаждары да шықты, сондағы мақсат не? Мәселе көтеру ме? Әлде мәселе көтерген болып, ұпай жинау ма? Көбінесе, бесіктен белі жаңа асқан (сиясы кеппеген дипломды қолына ұстаған) жорналшы-жігіттердің мән-жөн айтып, баяғы-бағзы замандардың қыздарының қандай болғанын алға тартқанда, олар шетінен керемет, инабатты хор қызындай болған-мыс, ал қазіргі қыздардың басым көпшілігі сайтанның құрығына ілінгендей жағдайда екенін меңзегенде қайран қаласың.

Оларға айтарым: қыздарды сынағанша, өзіңе қара, айналаңа қара!
Өресі, санасы, білімі, мәдениеті жағынан көп басым жағдайда қазақ қыздары жігіттерден оқ бойы алда келеді, жұмыс істеп, өз өмірін өздері айқындаған қыздардың қандай болуы керек екенін солардың өздеріне айтып көр, миыңды тоңқайтып, қолыңа ұстатады, және дұрыс істейді, өйткені, құқы бар, ал бағзы замандардағы қалыпты армандағандарға айтарым, ол күндер ескі кітаптарда қалған.

АЛ, СЫПАЙЫ, ИНАБАТТЫ, МӘДЕНИЕТТІ БОЛУ, ӘДЕМІ, ТАЛҒАММЕН КИІНУ-БАРЛЫҚ АДАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ ЖӘЙТ.
Бөлісу:

11 пікір

e_zhalgas
қарызынан қашқан орыс «ориенталистінің» ғылыми негіздемесі жоқ күнделігіндегі шатпағы ғой мынау. әйелдер тек қазақта емес, барлық жерде сондай болса керек
Ottegin
Мүмкін, бәрі де мүмкін, сол ескі кітапта субъективті көзқарастың болғанын ешкім де жоққа шығармайды, бірақ, сол кездегі ғылымның даму заңдылықтарын ескерсек, кітапты сын көтермейді деуге болмайды, керек қылсаңыздар мына жерде:

www.lib.okno.ru/ebook/13100423.pdf

Мәселе, мен келтірген кітапта емес, мәселе қазіргі кездегі әлеуметтік, экономикалық, мәдени жағдай және сол жағдайды қалыптастыратын қоғамның жағдайын, даму үрдісін анықтамақшы болғандардың өздерінің деңгейі.

Және бүгінгі құбылыстарды бағзы замандарға рефлексиялау — тұйық жол.
dark_nazgul
Және бүгінгі құбылыстарды бағзы замандарға рефлексиялау — тұйық жол.
VKM
АЛ, СЫПАЙЫ, ИНАБАТТЫ, МӘДЕНИЕТТІ БОЛУ, ӘДЕМІ, ТАЛҒАММЕН КИІНУ-БАРЛЫҚ АДАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ ЖӘЙТ.
TERISKEY
«Бүгін @VKM баяғы рөлінде: таң ата «Асфальтбетон» ЖШС жұмысшыларының ереуіліне қатысып, түсте БҰҰ-ның аштыққа қарсы күресінің петициясына қол қойып келді.» ©
VKM
@TERISKEY, саған не болғании, мені мазақтап? Ващееее
TERISKEY
кешірш енд. ойыма түсіп кетті.
VKM
лаааннн,өзі Алматыға шақырып алады да, мазақтайды ғой
TERISKEY
smailiginen sol! Kele goi Almatyga!
Altygradus
«Бүгін @VKM баяғы рөлінде: таң ата «Асфальтбетон» ЖШС жұмысшыларының ереуіліне қатысып, түсте БҰҰ-ның аштыққа қарсы күресінің петициясына қол қойып келді.» ©
Саттың жазып жүргені ме
Altygradus
қыздарды сынағанша, өзіңе қара, айналаңа қара!