Торт "KEREKINFO"

Құрметті ЖАМАҒАТ, сәлем бердік! Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын! Жаратқан Иеміз жар болып, жәрдем берсін деймін! не болса да шыдаңыздарЧы  Тааак, кеше ауызашарға қызыыық болсын деп, торт дайындаған болатынмын. Соны сіздердің назарларыңызға ұсынбақпын, қабыл алыңыздар!
Торт болғанда да енді, өз ойымнан жасадым. Бастайық!
1. ТАЗАЛЫҚ! Қолымызды 10-15 минуттай жуамыз жақсылап
2. «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп, Алланың атымен бастаймыз.
3. Енді тортқа қажетті заттармен таныс болыңыздар.
Құрамы:
— 4 жұмыртқа, 1 стакан қант (200 г), 1 стакан ұн, ас содасы (сірке суына бастырылған) немесе разрыхлитель, аздаған ванилин мен лимон қышқылы.
— тортты сәндеуге қажетті жемістер: өрік, алма, апельсин, шие.

4. Алдымен, 4 жұмыртқа мен қантты қосып миксермен ақ-сары түске дейін көпіртіп, көлемін ұлғайтамыз.

5. Осы қоспаға ванилин мен ас содасын және ұнды елеп саламыз. Дәл осындай қоспаны (4 жұмыртқа, 1 стакан қант (200 г), 1 стакан ұн, ас содасы (сірке суына бастырылған), аздаған ванилин мен лимон қышқылы) тағы бір ыдысқа жасаймыз. Бірақ, екіншісіне какао ұнтағын қосамыз (елеп).

6. Екі түрлі бірі ақ, екіншісі қара түсті қоспа дайындадық. Енді, осы қоспаларды торт пісіретін ыдысымызға (формаға) құямыз. Айтпақшы, ыдыс түбіне аздаған ұн себе салса жақсы болар еді…

7. Осы қоспаның (ақ) үстіне тазартылған өрікті салдым. Келесіде какао қосылған қоспа.

8. Мұның үстіне тазартылып, туралған алма саламыз.

9. Процесс осылай жалғаса береді, енді тағы да (ақ) қоспадан құямыз.

10. Бұл соңғы қоспа, үстіне тазартылып, аршылған апельсин мен шиені қойып әдемілейміз.

11. Осы әдемі көріністі ыстық пешке апарып қоямыз.

12. Оған дейін тортты әсемдейтін заттарды дайындаймыз. Өрік жаңғағын алып, біраз табада қуырып, оқтаумен ұсақтаймыз.



13. Біраздан соң тортымыз да дайын болды. Енді әдемілеуге: тәтті йогурт (қою болса керемет), апельсин кожурасы және үгітілген дән керек.



14. Алдымен тегістеп йогуртты құямыз.

15. Соңында, өз қалауымызша әрлеп, әдемілейміз.

16. Міне ағайын, осынааау жұмыстан кейін дәмді тортымыз дайын болды.

Астарыңыз дәмді болсын, дастархандарыңыздан дәм кетпесін ағайын!

Пы.Сы. Торт күйді деп ойламаңыздар, ол какао әсерінен түсі сондай ғой . Торттың атын өзім қойдым, негізі торттың үстіне жазам деп ойлағам… дұрыс шықпай қалды. Сосын алмамен әріптерді жасап, смайликтің суретін салдым. Ұзаақтау болды процесс, бірақ жасағаннан ләззат аласың. Есесіне ауызашарға дейін дайындап, тоңазытқышқа салып қойдым. Сосын, қашан уақыт болады екееееен деп күтііііп отырдым. КерРемет болыпты енді, рахаттаныып көк шәймен іштік!  Жасап көріңіздер, сәттілік тілеймін!
Бөлісу:

63 пікір

manshukn
Тәбетті ашып жіберді. Жарайсың!
Altygradus
ооой жяян қыз сол. Мадииссс
Қолдарың дерт көрмесін, Машаллаһ
KILYZAMAN
Әлгі ұл қайда қарап жүр өзі
Пікір түзетілген: 4 тамыз 2011, 22:35
AKA
Қандай ұлды айтып жүрсіз, алдында да жазыпсыздаЧы…
KILYZAMAN
Ұлдар аз ба еді осы жерде…
AKA
Сонымен? турасын айтқанда
KILYZAMAN
Тақиялы болмаса да періште көрер ұлдарымғой баяғы, кімді жетектеп келер екен?
Altygradus
Ұзаақтау болды процесс, бірақ жасағаннан ләззат аласың.
Машаллаһ
қызығам сондай қыздарға. Мен бисерді 40 тарқатқанға жалықпасам да, жасалуы ұзақ тағам пысыруға шыдамым жетпид
Ақ қара ғып құйып, былай концепциясы Зебра тортына жақын сияқты иә ғой?
AKA
Сіз бисер жасаудан шеберсіз ғой Аллаға шүкір, қызығам сізге әпке  Иә, сол зебра торттарға ұқсайды, келесіде ортасынан кесіп түсірем ғой суретті бұзғым келмеді
blackbeard
Керектік еркектеееееееееер! Қайда қарап жүрсіңдер осы а? Басымыз бос емес та
AKY
Басымда шашым бар деЧ
meirzhan
Қанша уақытта пісірдің?
Торт суреті смайликке ұқсайды екен.
AKA
Кешкі алтыларда бастағам, сегізден өте бітірдім ғой асықпадым, ауызашар тоғызда тұғын Кідааай… біліп қойдыңыздаЧы смайликті
meirzhan
Смайлигің маған бағытталған болуы керек.
еңбек, еңбек
AKA
   менімен бірге қонақ күтіватқаныңызға рахмет
meirzhan
Көршілер бір-біріне көмектеспесе несі көрші. Орындық, ыдыс-аяқ керек болса айт
meirzhan
Құрметті ЖАМАҒАТ
Қызық естіледі екен, жылы естіледі.
Мұсылмандық қалыбымыздан Рамазан айынан кейінен де таймай, осылай жаза бере берейік, Жамағат!
Nurgisa
Керемет екен, Алла разы болсын, АКА қарындасым! Өркенің өссін!
madlen
Таңертеңнен тәтті көріп, көңіл-күйім көтеріліп қалды
AKY
Ой, маладееееес! Мен… Мен сендікпін демей-ақ қояйын, бірақ мынауың осы жылғы пісірілімдердің алды болды!
Delhi
Үйге барып пісіру керек екен. Әппетитім ашылып кетті. Керемет!
patick
Үйіңде астық бар ма не?
Delhi
Астық дегенің не? ұнба?
Не болмаса бәрін табамыз, сен аман болщ.
AKY
пікірлерді қос-қостан пылустап тастаған қайсысың? @meirzhan, @AKA?
meirzhan
Мя саған плус
AKY
кідааааай деп жүріп. екеуің уйленіп тынатын шығарСтар.
meirzhan
Блогтарда екі блогшы қатар плюстаса үйленеді деген ырым бар ма еді.
Бір ауылда тұрғасын плюстаймыз да.
AKY
Ля-ля-ля. мейіржан+АКА=ілбөп!
AKA
Біз ғой, біз…  
Пікір түзетілген: 6 тамыз 2011, 16:52
Gulistan
мына жерде кімді кімге атастырып отырмыз?
VKM
маска мен гүлнууу, торт пісіретін гүл)
Пікір түзетілген: 5 тамыз 2011, 17:57
Gulistan
Бастаған екенбіз, аяқсыз қалдырмайық енді

АҚИ, қайдасың?
Пікір түзетілген: 5 тамыз 2011, 18:01
konvict
Әбіләкім өтпіскіге кетіп қалмай өткізіп алалық
konvict
АҚИ, қайдасың?
Оны қайпексіз?
AKY
АКы едім негізі.
Ол екеуі үйленед, ощм. Мен шешіп қойдым.
Nurgisa
«Девушка ищет парня с хорошим будущем, а парень ищет девушку с хорошим прошлым!» деген сөз бар. "Қыз баласы ертеңінен үміт күттіретін ұлмен, ұл кешегісінен зор үміт күттіретін қызбен танысуға мүдделі".
Бұл орайда, АКА қарындасымыздың әдемі қылықтарын, дәмді тамақтарын, сүйсінерлік тәрбиесіне қарап, Мейіржан бауырымызға жүрегін жаулайтындай болуы үшін біраз тырысуы керек сияқты деген ой туындайды. Несі бар, «керекинфодан» жанұя түлеп ұшса, тойдан қашар біз бе едік? Домалатармыз қу басымызды. Тойға осындағы рецептпен үлкен торт жасар едік. Тәтті той, тәтті жанұя көрсек онымыздың несі айып? Мейіржан, осы айда шын тіле, ниет қыл, амал жаса. @AKA айтпақшы, "«Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп, Алланың атымен бастаймыз."
Gulistan
Қолдаймын!
AKA
Армысыздар ағайын,
Сәлемімді салайын.
@AKY әпке бастаған,
Әңгімені жалғайын.
Көрген ем тойдың талайын,
Жақсыға бұны балайын.
@Meirzhan-менен жұп қылып
Атастырған @Gulistan-дай
Нәзік әпкеден айнооолайын!  
Пікір түзетілген: 6 тамыз 2011, 16:51
meirzhan
Әрине, ниеттеріңізге рахмет. 
Қазақ тойшыл халық қой, иншалла тойларда боларсыздар. Өздеріңіз айтпақшы қу бас домалайтын, қара жорғаны билейтін, қазақтың дәстүріне қанығатын тойлар болады.
Керекинфо ауылының сыртында атымды жетектеп, жаяулатып, терең ойларға батып келе жатқанымда қыздардың сырласуын естіп қалып ем: (әдейі тыңдады деп ойлап қалмаңыздар, сақ құлақпын жай өзім):
VKM:
АКА, ол қайда еді? Соншама сағындырып қайда жүр?)
АКА:
Ол оқуда, шетелде… Жақында елге келеді ИншАллаһ!!!
VKM:
Тезірек кездесіп, арманыңа жетуіңе тілектеспін)))Сонда сүйген адамыңа сіз дейсің бе?
АКА:
ИншАллаһ!!! Иә, «сіз» деймін… (ұялып тұрған ысмайлик).
Аяғында өлең оқылды. AKY :
Тағдырдың енді кездестірмесін білемін,
Аңсаумен сені батты ғой мұңға жүрегім.
Өшпесін бейнең санамнан, кетпе сағым боп,
Түсіме кірші, тек осы менің тілегім…
Қайнар көзі: мына пост
Өзімнен кіші болғасын (менен кішілер аз ғой бұнда) демеп жүрем ғой. Демеуімді түсінбей қалған шығарсыздар.
Пікір түзетілген: 5 тамыз 2011, 18:21
konvict
Сен үйтіп қашпа бала, кім кімді сүйіп, кім кімді осы уақытқа дейін күтпеді?!
AKY
Басты қатырма. Үйленесің дегесін, үйленесің.
AKA
Бойдағы иба, ұят, нұрлы иманның,
Бәрі де тәрбиесі текті анамның.
Осындай мақтау айтқан Нұр көкеме,
Жаусыншы аппақ нұры Хақ Алланың.
ИншАллаһ, мен де отау құрармын,
Бір әулетке келін болып қонармын.
Жақсылығын асырып, жамандығын
Жасыратын иманды жар болармын.
Қарашаштай Жиреншеме ой қосармын,
Тоғжандайын ақынымды тосармын.
Құрсағында көтерген «Бас ақынды»
Ұлжандайын мен де ұлды табармын.
Ерімді төрге сүйреп, бас қыламын,
Адалдықты ту еткен жар боламын.
Сүйіктімнің есімін тұмар қылып,
Жүрегіме тағып қояр қыз баламын!  ақын емеспін енді
Пікір түзетілген: 7 тамыз 2011, 14:22
VKM
Урррряяяяяя… той болады!!!
Билеп берем)
konvict
 мен талып қалмасам жарар ед
blackbeard
Күйіктен ішіп кетпесем жарар ед
konvict
                       
                                                   
                                      
                                               
                                               
                                 
Пікір түзетілген: 5 тамыз 2011, 23:09
AKA
Қазақша би болса күүүүшті болар еді, Макось…
Esmeralda
Қандай күшті торт. Жегім кеп кетті, рахмет сізге, үйреніп алмасам
ken
Үйрендіңіз бе? %)