Әділ қозылар

Әйгілі ақын Қазақ айтысының жан ашыры Жүрсін Ерман ағамыз айтысты жүргізіп отырып,«Ақындардың келесі жұбы елге танымамал ақын Айбек Қалиев.Айбекпен айтысатын жас ақын, таланты ақын Ермек Алғозин»депті.Ешкім үндемейді дейді.Елдің бәрі Ермек Алғозин деп Ермекті іздеп жүрсе керек.Сонда от тілді ақын Ермек сахнаға шығып «Алғозин емес аға Алғазин» шығар депті.«Оу, қарағым Алғазин не Алғозин не бір әріпте тұрған не бар» десе.Сонда Ермек тұрып«Аға онда мынау отырған әділ қазылар алқасын әділ қозылар десек қалай болады» деген екен
Бөлісу:

5 пікір

KILYZAMAN
Сөз тапқанға қолқа жоқ...
KILYZAMAN
@dauren85 бауырым және Керекшілер қалай ойлайсыңдар?
Ойын қымбаттап, күлкі тым арзандап кеткен жоқпа өзі кейнгі кезде?
Пікір түзетілген: 4 тамыз 2011, 21:47
Onlasyn
Жамбылды Джамбул депті,
Өй бәрібір емес пе депті
Сені (Иванды) Диван десе жақсы ма?
1989 жыл