Бомждар да біреуді аяйды

Мейіржанның айтуынша, төмендегі постты мына музыканы қосып қойып оқу керек

Осыдан бірер жыл бұрын, Ақтауға қатынап, вахтамен жүрген кез. Қақаған қыстың ортасы.
Қызылорда-Маңғыстау билет болмай қап, екі пойызға алғам. Біріншісі Қандыағашқа дейін, екіншісі Қандығаштан Маңғыстауға дейін.

Өзімді тап сол сәтте бұрыңғы қызым лақтырып кетіп, сіркем су көтермей лох сезініп тұр едім,
Асығыстан билеттің сағатына да дұрыс қарамаппын ау. Қандыағаштың вокзалынан түскен соң, Маңғыстауға баратын пойыздың бір сағат бұрын кетіп қалғанын білдім…
Бойымдағы сабырдың қалдықтарын жиып, Ақтөбедегі ағама телефон соқтым, ол қазір мәшинемен шықса, таң ата жететіндігін айтты… «Ал таңертең тамағыңды асықпай ішіп ап, Ақтөбе-Маңғыстауға міне қоясың» деді. Сөйтіп Қандыағашта вокзалда түнедім. Қандыағаштың вокзал жағының жаманаты белгілі ғой енді. Бір бәлекет болады-ау деп күттім.

Әйтсе де, орындыққа сөмкемді қойып, өзімнің сорлы жағдайыма мойынсынғандықтан және қыларға шара қалмағандықтан, сол жерге отырып, сағатқа қарай бердім. Таң атып болмады.
Көзім талып, ақыры сөмкеме жантайып қалғып бара жатсам, бір дәруіш келіп иығыма қолын қойды.
Шошып түрегелдім.
— «Негерек, нақ, меліш жоқ білә!» — деп кейіп жатсам, көзіндегі мейірімнің жылуы мен асқазанындағы портвейннің иісі қатар ескен үйсіз жігіт «Братишка, ана терезенің алдына барып жатшиш, сол жер жылы ғой» -дейді.
«Рахмет, брат...» — дедім сыртымнан, «Мына түрім бомждың жанашырлық сезімін оятса, жетіскен екем»— дедім ішімнен. ...«Енді қалғаны терезенің алдында жату» деп намыстанып, бүріскен күйі отыра беріппін. Бірақ үскірік аяз бойдан өтіп, амал қалдырсын ба? Ағамның мәшинесі жеткен кезде, мен терезенің алдында ұйқтап жатыр екенмін. Астыма жайып тастаған киімдерімді сөмкеме қайта тығып жатып, әлгі құдай жіберген жігітке риза болдым — терезенің алды шынымен де жылы екен ғой…
Сана мен сезім: Бомждар да біреуді аяйды
Бөлісу:

38 пікір

KILYZAMAN
Дәруіште адам екенін түсінген екенсің дә
meirzhan
Сірә, оқиға жаздың жайма шуағында болмаған сияқты.
Жақсы жазыпсың.
БОМЖ-дардың адам болатынын кітаптан оқығанша, өмір тәжірибеден білген жақсы ғой.
Тап осы оқиға «Одиночество в сети» кітабының басына ұқсайды екен.(Кітаптың электронды нұсқасының 1-2 бетін оқыңыздар) Кейбір айырмашылықтарды есепке алмағанда.
мына музыканы тыңдап оқыған жақсы екен. Бірақ постты оқуды ұмытпаңыз.) (басында шатастырыппын)
Пікір түзетілген: 2 тамыз 2011, 02:26
AKA
Әуен тамашаааа, Белланың «Бесік жыры»
meirzhan
Посттың жоғарғы жағына бұл әнді Гаста орналастырды. Ұнаған болса интернеттен «Edward Cullen — Bella's Lullaby» деп іздеп, жүктеп алуа болады.
AKA
Алғашқыда басқа әуен тұғын иә? Әлде қателесем бе екен…
meirzhan
Дұрыс айтасың, алғашқыда мен қателесіп, басқа сілтеме беріппін. Қазіргілері дұрыс сілтемелер: постта да, комментте де.
Пікір түзетілген: 2 тамыз 2011, 23:00
Aizhantabyn
інім кішкене кезінде «олар да адам ғой?» деп сұрағаны бар…
satibaldi
Неткен цинизм!(((
Aizhantabyn
ребенку было 3 года, ол әлі цинизмді білмейтін, тек қорқатын қатты…
satibaldi
Сен үйретіп қойған шығар десем.
Gastarbaiter
Меніңше, бұлай айту үшін 3-тегі баланың абсрактілі пайымдау қабілеті болуы керек. Өтірікті басжверген жоқсың ба?
Пікір түзетілген: 2 тамыз 2011, 19:39
asaubota
түсінбедім. сонымен терезенің алдына бардың ба барған жоқсың ба? отыра бердім дегеніңе қарағанда алғашқы орныңда қалған сияқтысың, бірақ соңында шынымен жылы екен дейсің.
Nurgisa
Жатпаған. Ағасы келген кезде қуаныштан ары бері вокзалдың ішінде балаша жүгірген. «Жүгіріп жүріп» (???) терезенің жанынан өтіп бара жатқанда бір жылылықты сезсе керек қой
Пікір түзетілген: 2 тамыз 2011, 09:51
Gastarbaiter
Пьесаның бір актін арнайы жазбай жібергенмін, охерманның фантазиясына қалдырып.
Abilakim
Тоңған кезде терезенің алдына жатқан болар.содан браты кеп қалар дегенде орындыққа барып қайта қисайған))))
satibaldi
Олар соңғы бөлке нанымен, соңғы жұтым суымен, жыртық-тесік тонын еш ойланбастан қақ екіге бөліп береді.
Олар: "Өзімнің түрім мынау, кімді жарлықайм?" деген арзан пәлсапамен бүлінбеген. Еш ойланбастан соңғы дүниесін қақ бөле салады.
Бұл олардың барлығы абзал жандар деген сөз емес, вокзал жанынан қырсықтары да, арамдары да табылады. Сосын дәруіштік — өмір сүру обрызы. Өкінішке орай, қазірде кәдімгі тоңмойын алқаштар өтірік дәруіш боп көрінгісі келеді, пәлсапа соғады. Ендеше біліп қойыңыздар: профессор мен дәруіштің арасында қандай қашықтық болса, псевдодәруіштер мен шын дәруіш арасында сондай айырмашылық бар.
"Үйге бомж кіріп кетіп, тәпішкілерді сыпырып кетіпті", «бомждар Тикәнің арбасын ұрлап, араққа айырбастап жіберіпТ» деген алып-қашпаларда жұрт шын мәнінде дәруіш туралы емес, алқаш туралы айтып жатқанын түсінбейді. Сөйтіп, ғақлия мүкәммал ва абзал бомждардың атына кір келіп жатыр.
AKY
ғақлия мүкәммал ва абзал бомждардың атына кір келіп жатыр.
КетЧ
satibaldi
Ғақлия деген не, а?
AKY
жақсы сөз шығар.
nurjanbay
ақылды деген сөз болу керек. ал мүкәммәл деген кемелденген деген сөз.
Пікір түзетілген: 2 тамыз 2011, 16:15
nurjanbay
ғақлия мүкәммал ва абзал бомждар
ақылы кемелденген және абзал бомждар
Gastarbaiter
абзал жандар деген сөз емес, вокзал жанынан қырсықтары да, арамдары да табылады.
KILYZAMAN
БИЧ те түбінде БОМЖға айланып кету қауіпі жоқ емес…
sammita
Азаттық жариялапты.
Біреу: «дөрекі анайы сөздерді қолданағаныңыз абзал болар еді. Сізге жараспайды екен екі бұттын арасындағыны әнгіме қылған. Бомж бола ма Президент болама Алланың жазғаны да. Оданда түйткілді мәселелерді көтерейік әріптестер!» депті))
Nurgisa
 формалсыздау эпиттерді қаз-қалпында беріпті. Саналады! Автордыкіне ріспект!… танытқандары ғой.
sammita
Гаста өзі рұқсат берген бе екен деймін дә.
Gastarbaiter
Сілтеме берсеңдер сала бер дегем
boztorgai
гаста өзі рұқсат берген бе екен деймін дә
қаламақы алыватса да таңырқай қойман
Gastarbaiter
Қаламақы алам аха 15000 теңге әр мақалаға.
a63a1
Көңілім босап, жылап алдым нақ!!!