Микротолқынды пеш немесе даяшыны ренжітпеңіз

Мен үшін микротолқынды пеш тек “Поле чудес” бағдарламасында берілетін ал былай қол жетпес қымбат бұйым еді. Қалай қолдану керегін білмейтінмін студент кезімде даяшылық істегенге дейін. Менің жұмысым түстен кейін 15-00де басталатын. Ресторан қаладан 5 км алыста орналасқан, көбінесе ашынасымен келетін бай адамдарға немесе қаладан алыс тыныш жерде тамақтанғысы келетін қалталыларға арналған ресторан. Жұмысқа кіріспестен бұрын алдымен тамақ ішіп алатын едім. Бір күні тамақ бітіп қалыпты мен келгенше. Аға даяшы “клиенттерге дайындалған сорпадан іше бер” деді. Мен оған “сорпа салқын ғой” десем, “микротолқынды пешке салып ысытып ал” деді де қалай қосылатынын бәрін көрсетіп берді. Сосын сұрадым “ысып-ысымағанын қалай білемін” деп. “Ашып қара да саусағыңды салып қара” дейді.
Сөйтсем өздері клиентке солай тексеріп алып, апарады екен. Бұл ештеңе емес жерге түсіп қалғанды тарелкаға қайтадан сала салады, ал піспей қалыпты деп қайтарылып жіберген котлеттерді бас аспаз аяғымен езіп-езіп қайтадан салып беріп жібереді. Даяшыны ызаландырған талай клиент түкірік араласқан шәй да ішті. Үстелдерді сүртеміз де қолымызды жумастан тамақтарды әкеле береміз. (қайта-қайта жуып отыруға уақыт болмайды) Зыр жүгіріп үлгеріп отыру керек бәріне.
Осы ресторанда істегелі көшеде ешқандай жерде тамақ іше алмайтын болып қалдым. Әлі күнге дейін тамақ ішетін жерлерде күдікпен қарап жүремін. Айтайын дегенім қымбат болсын арзан болсын ресторандар әр түрлі болғанымен даяшылар барлық жерде бірдей. Оларды ешқашан ренжітуге болмайды.
Бөлісу:

22 пікір

Abilakim
Уже ернімнің тұсына ұшық шығып келе жатыр
AKY
Большая жратва деген фильм есіме түскетті
Meru
Тісшұқығышпен даяшылар тістерін тазалап қайтадан салып қояды деп естігелі тісшұқығышқа қарамаушы едім, мынаны естіп
sammita
өзің даяшы болғанда олай жасамадың ба (Капеге барсақ осындайлар есімнен кетпейді).
asaubota
өзім ешқандай педерастық жасамадым. бірақ, тряпкамен үстел сүрткеннен кейін қолымызды жуа бермейтінімізді айттым ғой.
Nurgisa
«Он шаурма сатып ал да, қаланы қаңғыбас иттерден тазартуға өз үлесіңді қос!»
qisyq
Купи пять беляшей и собери кошку деген бар де ғой 
Немесе купи пять беляшей и получи пояс из собачей шерсти бесплатно.
saken
кеттім қоғамдық асханадан түскі ас ішіп келуге.
)))
KILYZAMAN
Әй Керекші бауырларым, сендер байқаңдаршы осы — кездесе қалған кездеріңде капешілсіңдер…
nurbergen_makym
жалпы кім-кімнің де, құмырсқалық қауқары бар… сонда ешкімді ренжітпей өмір сүру керек пе?
omarbirat
Эминемнің мына клипін көргеннен кейін осындай нәрселер бар екенін білдім.
Осы күнге дейін еш даяшыға жекіп сөйлемеген сияқтымын. Жалпы кафелерге тамақ ішу үшін емес, жора-жолдастармен бас қосып, көңіл көтеріп, қоғам болып қауқылдасу үшін баратындарданмын.
Аштан қалатындай, «ойбай, тез бол» деп айқайлайтындарды көп көрем. Сондайларға "Қағанаттан" барып, тамақтана салуға не кедергі екен?

Бірақ кейде болады енді, араққа жұмсаған щеголдардан бетер ұзағынан жоқ боп кететіндер
Пікір түзетілген: 29 шілде 2011, 14:25
alisha
Ресей телеарналарында берілетін журналистік зерттеулерді қарап отырсаң, адал ас қалмаған сияқты. Нан, колбаса, жартылай фабрикаттар, шоколадтардың қалай дайындалатынын көргенде /журналистер рейтинг жасау үшін осы тақырыпты сәтті пайдаланып жүр/… Кафе түгілі, кейде үйде ас ішіп отырып та, ойымыздан ұшынудың аз ақ алдында қап жүрміз.
Abilakim
Кафе түгілі, кейде үйде ас ішіп отырып та, ойымыздан ұшынудың аз ақ алдында қап жүрміз.

«Осы мен дәретханадан кейін қолымды жуып па едім?» деп ойлайсың ба?
alisha
Негізі жуу керек пе не?
meirzhan
+ қойдым.
sammita
пысық, соны айтпасаң, мен қойды деп ойлап, Алишаның батасынан құр қалам дедің бе. Флудты қою керек қо осы
meirzhan
Қалжың ғой. Басқа постта баға беру туралы әңгіме болды ғой. Соған орай.
Флуд туралы ескертуің орынды. Оны сенің комменттеріңе қарап үйренгенмін. Қояйын.
Gastarbaiter
«Біз сендердің тамақтарыңды дайындаймыз, арттарыңнан қоқсықты жинаймыз, телефондарыңа қызмет көрсетеміз, жедел жәрдем мәшинелерін жүргіземіз, ұйқыңыздың тыныштығын қорғаймыз. Бізге тиісуші болмаңдар!» © Тайлер Дерден «Төбелес клубы»
Пікір түзетілген: 29 шілде 2011, 15:24
Aizhantabyn
мда… мен сыртта тамақ ішпеймін содан. Ужас екен… былай өсек деп естігенім болмаса, сізден естіп, ваще жағамды ұстап отырмын!!!