Нұр Астана

Жақында жолым түсіп Нұр Астана мешітіне бардым. Танысымды күтіп ішінде біршама уақыт отырдым. Сол біршама уақыттың ішінде байқағандарым.
Біреулер жүр сақалдары салбырап, үстеріне шұбалтып киім киіп алған. Бір бұрышта біраз адам сол секілділердің бірінің уағызын тыңдап отыр. (Қорқынышты көрінеді екен, тура бір терактке дайындалып жатқан секілді). Жанымда сақалдылардың бірі уағыз айтып отыр бір жігітке. Сөзінен ұққаным «Лә иллаха иллаллах, муахаммаду расулллаллах» деген сөздің аудармасын «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деп айтып жүр. Бұл дұрыс емес дегенге саяды. Өзінше дәлелдеп жатыр. Көпшілік намаз оқығанда байқағаным біреулер сасақтарын шошайтып отырады екен, қолын дізесіне қойғанда. (Бұндайлар өздерінше ағымдар деп естуші едім). Кей бірі тұр талтайып намаз оқып.
Бастысы намазға келіп жатқан жастар көп. Ниеттері түзу болсын!!!
Бөлісу:

22 пікір

asaubota
иә, қайсысына сенеріңді білмейсің. бәрінікі дұрыс өздерінше.
VKM
Дінге де бірлік керек сияқты, а то жақ-жақ болып, халықтың мазасын алады(((
Janasil
Бір ізге түсіретін саясат керек секілді.
VKM
Жақында діни бірнәрсе болып жатыр еді ғой)
sammita
қолын кеудесіне, төмен/жоғары қойып оқиды. Аяқ арасын алшақ ұстап, жақындатып ыңғайлы тұрады біреулер. Еркіндік керек шығар дінге деӨздерінше дұрыс.
asaubota
Ақтөбеміз Вахтөбе болып жатыр ана жақта… тағы да атыстар…
sakenspb
жаңа Баян хабарлаған, тағы бірдеме болдыд дид
edige
Көпшілік намаз оқығанда байқағаным біреулер сасақтарын шошайтып отырады екен, қолын дізесіне қойғанда. (Бұндайлар өздерінше ағымдар деп естуші едім
Аттахиат оқылып жатқанда «Алохумма» деген жерінде оң қолыңдағы сұқ саусақты көтеру — бұл Пайғамбарымыздың істеген әрекеттерін қайталау яғни «Аллаһ жалғыз және ұлық» дегенді білдіреді… Ағымға қатысы жоқ.
Кей бірі тұр талтайып намаз оқып.
Тәкбірді көп қайталайтын бұл масхабындағылар өздерін еркін ұстап, қасындағыларды ығыстырып тұрады… Менің түсінігімше «кешірім сұрап» тұрғанда еркін тұру ерсілеу тәрізді… Сол бүйірін ұстап тұратындары да бар… Жаны қиналып, құлап бара жатыр ма деген оймен сүйеуге әрекет жасаған кездерім болған…

Мазхабтар туралы қысқаша:
1) Ханафия — Имам Ағзам Куфи Суфи Абу Ханифа. бұл мазхабта негізінен түрік халықтары (қазақ, өзбек, түрікмен, қырғыз, осман түріктері, татар, ұйғыр, дүнген), үнді мұсылмандары (пәкістан, бангладеш), кейбір арап мемлекеттері (египет, сирия).

2) Мәлики — Мәлик ибн Анас. бұл мазхабты негізінен солтүстік африка халықтары ұстанады.

3) Шафи — Мухаммад ибн Идрис аш-Шафии. бұл мазхабта шығыс африка халықтары (эфиопия), кейбір арап халықтары (бірікке арап әмірлігі, египет), оңтүстік-шығыс азия халықтары (индонезия, малайзия).

4) Ханбали — Ахмад ибн Ханбаль. бұл мазхабты тек қана сауд арабиясындағы халықтар ұстанады деп есептеледі.

Пікір түзетілген: 27 шілде 2011, 10:36
satibaldi
Хазіреті Әлидің мәзхабы дұрыс сияқты меніңше.
edige
Хазреті Али: «Қолдарды кіндіктің астына байлау – сүннет» деп білдірген яғни Ханафи масхабын қолдайтындар көп екен…

Сұқ саусақ көтеру туралы
Шафи мазһабында сұқ саусағын көтеру сүннет, Ханафиде жаиз емес. Саусақ көтеруге ғалымдардың бір бөлігі мәкрух, бір бөлігі сүннет деген.

-«Саусақ көтеруді сүннет дегендер болғаны секілді, мүстаһаб дегендер де бар. Дұрысы саусақ көтеру харам» (Фәтауаи ғараиб)

-«Сұқ саусақты көтеру мәкрух болып табылады. “Кубра” кітабында осылай білдірген. Пәтуа да осылай. Өйткені намазда тыныш, әрекетсіз болу керек. (Фәтауаи Сиражийа)

— «Сұқ саусақты көтеруге болмайды. Пәтуа осылай.» (Ғиясийа, Бәззазийа)

— Әбуссууд хазреті “намазда отырғанда сұқ саусақты көтеру жақсы ма әлде көтермеген жақсы ма?” деген сұраққа “екеуі де жақсы. Бірақ ең жақсысы саусақты көтермеу” деп пәтуа берген.

— Бүкіл ғалымдар саусақтарды қолдан келгенше қыблаға қарату сүннет деп білдірген. «Намазда барлық мүшеңді, күшің жеткенінше қыблаға қарат» деген хадис шәриф те осыны әмір етуде.

— Бір Ханафи кісінің Шафиде сүннет екен деп тәшәхудте саусақ көтеруі жаиз болмайды. Бұл мазһаб тақлидіне де жатпайды. Мазһаб тақлиді қажеттілік кезінде ғана жаиз болады.

Ахилық ілім болмаса да дереккөз былай дейді...
satibaldi
Басты ауыртып қайтесің, ақшасын айтсайш нақ!
edige
Ақша мәселесіне шатағым жоқ… Ісім туспеген… Кудай сақтасынш…
satibaldi
Нең кетті, бір жыл шайқасып, 200-300 мың доллар алып қайтсаң, қалтаңды тесе ме?
edige
қайтсаң
Қайтуын білмедім… Пендеге қару көтеру тозақы тірлік.
satibaldi
Қару көтеру күнәсін аятоллолар өз мойнына алады, армансыз атысасың.
edige
Өмір «контрстрайк» емес… Жаңадан ойын жалғаса беретін…
satibaldi
Енді тегін ақша қайда, қызықсың сен. Ғақлия мұғжиза ғадати іс жолында ақсап қалу, бір көзден айрылып, құлақ естімей қалып тұрудың еш сөлекеттігі болмаған.
edige
Осы заманда болып жатқандарды қарасаң "ішіп кеткің келеді"…
edige
Исматуллаларды Хазретке балайтын ортадан емеспіз… Кеңестік дәуірде қару көтеріп, бейбітшіліктің мәнін түсінбейтіндер…
satibaldi
Шиялықты қабылдаудың тағы бір артықшылығы — «Хезболлахқа» бірден жұмысқа алатын көрінеді. Былайынша жаман емес сияқты, өздерің қараңдарш:
1 бейбіт күн — 500 доллар;
1 атыс күн — 2000 доллар + сыйақы.
Ал енді бүйрегің дауалап, лаңкестік әрекеттерге барсаң, тіпті 50-60 мың долларға дейін алуға болатын көрінеді.