Саған кім тиеді?
Әркімнің отбасын құру тарихы әр түрлі. Біреулер шын мәнінде қыз-жігіт болып қол ұстасып жүріп үйленеді.Енді біреулер «бешірдегі» шалыс қадамдарынан кейін үйленіп жатады. Менің бір танысымның үйлену тарихы қызық. Үйлену болғанда… болашақ(ол кезде оған үйленетінін ол білмеген) жарымен танысуы. Ораза айыныда болған оқиға. Ораза болғанда да нақ Қадыр түні күні. Сыраға тойып алған танысым өзі тектес жолдастарымен аялдамада шемішке шағып отырады. Өз арамызда «Жібек жолы» аталып кеткен бұл аялдамаға келген жігіттің қыз қолтықтамай кеткені кемде-кем. Майқұдықтағы қазақтар көп шоғырланған мөлтекаудандардың бір шоғырын осы аялдама біріктіріп тұр.Ендеше бұл аялдамадан қыз аңдудың мәні түсінікті деп ойлайын. Шемішкешілердің көзі үш қызға түсіпті бір уақытта. әлгі қыздардың тұрысына қарағанда автобусты емес тағы бір қызды күтіп тұрғандары белгілі. Содан ішіне градус толған танысым бір қызға барып "Қарындас, кімді күтіп тұрсыз, мені ме?" депті төтесінен. Ана қызда " Сен тәрізді алқашты тосқанымша байсыз өткенім артық. Қызға сөйлердің алдында өзіңе қарап алсаңшы, саған кім тиеді екен?!" деп әлде мүсіркей, әлде жиіркене жауап қатыпты.
Арада айға жуық уақыт өткенде бір басқосуда таныс жігітім аялдамадағы сол арумен қайта кездесіп қапты. Қалай ұғысқандарын білмеймін,әйтеуір екеуі бұдан кейін біраз кездесіп жүріпті. Содан, "қарындасымның туған күні" деп па алдап ағасының үйіне апарады бір куні. Қызда «Ойбай, туған күн болса мен торт алайын» деп торт сатып алыпты. Падазрениеге ілікпес үшін көшенің автобусымен барыпты. Үйге кірген соң «сен енді осында менің жанымда қаласың» дейді ғой. Қыз жылап, келіспей қойыпты. Кішкене оңаша қалсын, жылап алсын деп бөлмеге жалғыз тастап кетіп бір жарым сағаттан соң бөлмеге кірсе әлгі қыз: "Өстіп жылап отыра береміз бе, альбом әкесеңдерш, көріп отырайық" депті)))
Қазір екеуінің екі кішкентайы бар

Пактты болсын©. Тамада өзің баяғы?
ал мен қалмас едім ляляля… ну ұнамаса )))) ааай бірақ ұнаса да қала қоюым екіталай-ау
көлеңкемнен қорқып жүргенде өзі...үленуді қиыыыын деп елесететем...Пост қылмай-ақ, осы жерде жаза берейін:
Мен танитын бір жігіт ауылдағы достарымен бірге араларындағы бір жігітке қыз алып қашпақ болған ғой. Содан көздеріне жылы ұшыраған бір қызды алып қашыпты. Әлқисса, аналар жарты жолға келгенде үйленетін жігіт қыздың түрі ұнамай қалған ба, әлде жүрексінген бе, әйтеуір айнып қалыпты. Сонда әлгі танысым, «Сен үйленбесең, мен-ақ ала салайын» деп ойда жоқта үйленіп шыға келіпті. Қазір бала-шағалары бар :)
Әбіләкім,
Майқұдықта, жалпы Қарағандыда осылай Л дыбысын түсіріп айту бар ма? Әлде байқамай солай жазылып кетті ме? Егер сырттан оқып жүрген болсаң, логин кіріп жаза сал немесе ФБда kendebay десең шығам.