Не қамшының сабы, не пенденің нысабы жетпес армандар...

(сурет)Жас кезіңде орындалмаған тілек-армандарың үшін күйзелесің. Ал жасы орта жастан асқандар — арман-тілектерінің орындалғаны үшін өкінеді. Сол баяғы жас кезіндегі орындалмайтындай болған армандар мен тілектері…

Жас болсаңыз екінші тұжырымға таңдануыңыз мүмкін. Осы жайлы кеңірек сөйлесіп көрелікші.

Адам жас кезінде өзінің армандары мен тілектеріне кереметтей қызығушылықпен әуелі қызғанышпен қарауы мүмкін. Сол бір арманы орындалмаса өмірде бақытсыз болатындай күй кешеді.
Бір данышпанның не айтқанын білесізбе? «Армандаудан қорқыңыз: сіздің армандарыңыз орындалып кетуі мүмкін».
Расындада жаратушыдан, адамға еркіндігімен қоса көздеген мақсатына жету қасиеті (мүмкіндігі) берілген емеспе? Өз өмірінің мәні мен мағынасы жолында көп нәрсе жасай алады, өзінде өзгерте алады. Оның тілек-талаптары — өмірінің кейбір белестеріне арналған армандарының орындалуының кепілі болатыны түсінікті.
Біздің арман-тілектеріміз біз ойлағаннан да жиірек орындалып жатады. Ал енді кейбір сәттерде олардың орындалмай жатқан сияқты болып көрінуіне не себеп? Себеп, сол көп армандарымыздың барлығының біртұтас екенін ескермеуімізде. Қайсыбір бұрынырақ ойлаған тілек-арманымыздың келесісінің орындалуына кері себебін тигізіп тұрғанын байқамағанымызда.
Мысалы үшін, біреу көп ақша тапқысы келеді. Солай бола тұра(арман бітушіма еді) тағы бір көксегені — өмрін өзгерткісі келмейді, коммерциялық жетістіктерге жетудің жолдарын қарастырғысы келмейді, қосымша оқу-білім алуға уақыт бөлуге қарсы, еш тәуекелге де аяқ басқысы келмейді(бизнесі үшін несие дегендей). Міне, бұл жерде оның екінші тілегі мен мақсаты орындаладып сәйкесінше біріншісінің орындалуына үлкен кедергі екенін түсінбей өміріне налиды…
Немесе, қыз керемет бір принцке тұрмысқа шығуды қатты армандайды делік. Бірақ, келесі бір арманы — принцессаға тән өзгерістерге түсуге қарсы. Бұлай ойлап армандауына себеп, осы уақытқа шейінгі бейсауыт жүріс тұрысы мен соған сай орындалмай жүрген армандары. Ал принц оған осы бір мақсатын тездетуге ғана қолданылатын қажеттілік. Екінші арманындағы құйтырқылық бірінші арманының дұшпаны екенін сезе аларма ол қыз?..
Осылайша етегін көл қылып жылайтын, тағдырындағы шимаққа налитын «бақытсыз» адамдар пайда болады. Олар арман қоржынындағы тілек-мүдделерін ретке келтіре алмағандар. Қоржынғв еш нысапсыз жиылған армандары бірі бірімен қырылысып тұйыққа тірелгендер.
Шындығына келсек, біздің көп армандарымыздың қайсыбіреулері орындалып жатады. Ал енді, орта жастан аса бастаған кезіңде алдыңа емес артыңа жалтақтай беру өмір заңдылығы.
Қалай болғандада жүріп(жүгіріп) өткен жолдарыңа сын көзбен қарай бастайсың. Осындай кезде орындалған армандарыңмен орындалмай қалған армандарыңды салыстыра отырып жүрегің айнып кетеді.
Ол нелкітен? Себеп — бағамдар өзгеріп кетті. Бағалап жүргендерің боқ болдыда, елемегендерің жайнаған қызыл шоққа айланды. Нағыз бағалы нәрселер көзіңнен бұлбұлдай ұша бастағанын сезінген жаман. Ол — уақыт(толып жатқан осы күнге шейінгі еленбеген елестерге толы)! Қашып барады, қашып барады! Сәйкесінше — азаюда

Армандаудың қажеттілігіне титтейде болса қарсы шыққым келіп отырған жоқ. Тек, арман жолындағы сақтық пен талғампаздыққа шақырмақшымын. Өйткені, арманымыз — өмірлік жобамыз. Оның олай болуы еркімізден тыс. Өміріміз арманымызға байланысты. Ол жобаның орындалуына үлкен мүмкіншіліктері бар. Еш талғам талапсыз — тек лездік әсермен, болмаса эмоцияға сүйеніп армандасақ яғни өмірімізді жобалап жіберсек, кейін өкінуіміз әбден мүмкін. Түзету — кеш болады…
Мәслен, сіз жассыз. 15-25 тегі жастардың қалауы -арман қандай болуы мүмкін? "Қайратты(Сандуғашты) қалау". «Жыныстық қатынастың молдығын қалау».«Айналаңдағылар қызығушылықпен қарағаны».«Жақсы жалақылық жұмысты аңсау»

Ал енді байқайық...
Сендердің Қайрат(Сандуғаш) жайлы армандарың орындалды делік.
Әрі қарай не болмақ? Сендерге бірақ рет берілетін өмірлеріңдегі бұл жетістіктерің сендер үшін қаншалықты маңызды? Келесі «армандарыңның шыңы» — Сәрсенбай(Сәрсегүл) одан кейін Мырқымбай(Пендегүл) болып кетсеше? Біраз жылдар өтер, сендердің өмірлеріңде айтарлықтай(қуанарлықтай) еш өзгеріс бола қоймайды. Жаман жақтары көп: енді сендер шынайы махаббаттың(ғашықтықтың) бағасын біле бастадыңдар… Ал мүмкіншілік жоқтың қасы. Тіпті ондайды армандау — кеш.

Армандаған көп жыныстық қатынастарыңа қол жеткіздіңдер делік.
Бар болғаны солма? Жетістіктерің немен өлшенеді сонда? Есте қалар бірдеңе демекпісіңдер? Мүлде олай емес. Себебі жануарлық жабайы инстинктпен жасалған қатынас, адами махаббат пен сезімдерден тым алшақ. Ал енді болған жыныстық қатынасты еске ұстау, өзің кеше ғана жеген дәмді тағамның дәмін еске сақтай алмауыңмен бірдей. Қайбір кездегі жеген тәтті тағамдарыңның дәмі сендерге айта қаларлықтай сүйсініс бере алама? Кешегі түстік асыңмен бүгін тоқ бола алмайсың. Талғамсыз сезімсіз жасалған ЖҚ сендерге тек кесел алып келмесе береі жоқ. Осылайша топас қалауларың мен армандарыңның залалы келесі бір саналы өмір сүру деген армандарыңның түбіне балта шабады…

Міне жұлдыз болдың.
Көшеде ел таниды, теледидардан дидарыңды көрсетеді. Сол жетістікпе сен үшін? Сен теледидардан өзіңді қанша көрмекшісің? Көргенде не болмақ? Бұл басқа адамдардың өміріндегі уақиға, сенің өміріңдегі емес. Олар «жәшікті» қай каналға ауыстырса де ерікті. Көрген күннің өзінде сені я боқтап болмаса мақтар. Өмірің өзгеріп кеттіме? Әуелі, кейбір тұста белгілі бір рамкаға кіріп кеткеніңнің кесірінен сен бостандық(күнделікті күйбеңдегі) бақытынан айырылғаныңды білесіңбе? Жел шығарып қойсаң эфир толқынында(БАҚ) цунами пайда боладыда жұтып қоюы мүмкін. Әсте керемет болуға тырысамын деп жүріпте боқты байқамай басып кетуіңе кім кепіл болмақ? Сонда қандай пайда таптың? Даңқың бар, рейтинг, ақша дерсің. Болашақ ше?...
Жалғасы болуы мүмкін
Бөлісу:

23 пікір

satibaldi
Мысалы үшін, біреу көп ақша тапқысы келеді.
Керемет тұжырым, айтпақшы, кейбіреулер кейде тышқысы келіп кететіні де рас.
Jacqabaies_Chirac
керемет жазба, респект Қилеке
жазып тұр ептібайымайд сцуко нах
KILYZAMAN
жазып тұр ептібайымайд сцуко нах
— көршіңнен айнымай қалдың… Әлде, соның клондалған жұрнағыма едің?
Пікір түзетілген: 19 шілде 2011, 08:47
KILYZAMAN
Үлкен мақсатқа аяқ басқан армандарға мысал келтіре кетейік...
1. Ол арман — админшырақ @asaubota — ның арманы. Өркенің өссін бауырым. Сенің арманың елдің арманына тұсаулы сияқты көрінгенімен еркіндіктің басқа бір түріне жетектейді келушілерін…
3. Ол арман Маратхандікі — Солай.ДЕП бастап, тастай салсада көп іс тындырды…
2. Ол арман — қасқырбайкер @gastarbaiter(нигі жайлы түсініктемесі көп нәрсені аңғартады) -дің арманы, Беу.кз, жазсам деген кітабы. ЖАРАЙСЫҢ!
3. Ол арман Ерболдікі — Жастар.біз — кішкене буксоватьттап қалсада, жасалған жұмыс талай санаға із салып кеткені РАС
4. Ол арман Патиктікі — Киностан.кз әлі берері көп сияқты…
… Тізе берсек Керекшілерден бірааааз Армандарды атап айтуға болады. Аллам көп көрмесін. Ұлғая бергей — құнары елінің нәрі болатын армандар
Пікір түзетілген: 19 шілде 2011, 11:02
sammita
Сіз сонда осы адамдардың басты арманына жатқызасыз ба мыналарды?
satibaldi
Лібә, инаугурацияға жазылатын құсық спичтер сияқты нақ.
qisyq
@KILYZAMAN ағай, ағай, не ғой, менің арманымды айтып беріңізші?
Beytanis
Хобби мен арманды шатастыруға болмайды деп айтар едім. Болса да тар мағынада болады…
KILYZAMAN
Кейбір арманның хобби түрінде қалатыны бар емеспе?
neoman
Айтары бар жазба екен. Дұрыс армандай біліңдер дейсіз ғой шамасы.

Дегенмен, өмірдің әр кезеңіне сай өз армандары болады. Бұрынғы және орындалған армандарға өкінуге бола ма?! Адам табиғатынан тұрақсыз әрі қанағатсыз, сондықтан кез келген қол жеткен арман уақыт өте өз құнын жоғалта бастайды. Құнын жоғалтпаса да, маңыздылығы кетіп, басқа бір арманға көз саласың. Тағы бір арманға қол созғаның алдыңғы армандарыңның қате болғанын білдірмейді.

Белестен белеске ұмтылған өмір ғой бұл өзі…
Karakyz
рахмет, қызықты жазба екен.
Karakyz
Бір сұрақ: бұл өз тәжірибеңізден бе? Әлде аннан мұннан жиған терген бе?
KILYZAMAN
Дүбәрә десем түсінікті болама?
Karakyz
Жоқ
KILYZAMAN
Қамшының сабы қысқа екенін біле тұра қаншалықты қысқа екенін анықтау қыйын…
Ал, арман мен мақсатқа деген нысаптың шегі болмас. Солай емеспе?
balzaminka
arman degen alga jeteleidi emes pe, kandai arman bolsa da sol uakytta sol arman kisige ozekti bolp, sogan jetuge talpynys bolady. Meili ol sexsimvol, meili ol juldz bolamn desin, meili jazuwy, kimnen bolsa da uirenermz bar go. Sondyktan, kerek emes armandar bar dep aituga bolmaidy, otkenge karap, durs bolmapty desenz, ol ozinizge sabak, 1ak omirinzdi jokkka wygarudn ne kajeti bar?
KILYZAMAN
Өмірімді жоққа шығарғандай болып көрініп кеткен шығар! Бір өкінішті бір үміт жұбататын кездер көп қой.
Aizhantabyn
мечтать не вредно, вредно не мечтать… Арман мен мақсат екі түрлі нәрсе ғой… мен арманымда космосқа турист болып ұшып барғым келеді — орындалмас армандар сериясынан, сол себеп тек тәтті арман, қиялымның жемісі боп қалмақ. Ал мақсатым — жақсы маман болу. Ол үшін білім алып, тәжірибе жинап, білімімді жетілдіріп жатқан жай бар…
Әр кім өзі үшін арман мен мақсатын таңдайды… Бальзаминкаға толығымен қосылам!
Gastarbaiter
Өте биік мақсаттар қойма, көлеңкесінде қалып қоясың © Әлгі Мамчич қой сол бұтақбас.
KILYZAMAN
Бүткіл мыжыма мәтіннің қысқа нұсқасы
Пікір түзетілген: 1 тамыз 2011, 09:52