Түріктердің тарихи Қараоғлан фильмінде ойнаған қазақтар



1965 жылы танымал түрік актер Картал Тибет ойнаған атақты Қараоғлан көпсериялы фильмінің алғашқы бөлімі «Алтайдан келген жігіт» фильмінде қазақтар да түскен. Тіпті бұл кинодағы костюмдерді де қазақтардан алған. Қазір арамыздан айрылған бұл кісілердің бұл кинолардағы суреттері біздер үшін үлкен естелік. Бұл суреттерді бұл кісілердің немерелері үшін арнайы жариялап отырмын. Менің де нағашы атам осы киноға түскен дейді Стамбулдағы танымал қазақтардың бірі, Мимар Синан Университетінің докторы Абдулвахап Қара өзінің Facebook-тегі бетінде.


















Ал, Қараоғлан серияларының мына бөлімінде Түркияға көшкен қазақтардың көшбасшысы болған, ақын, музыкан Кәкен (Кәкімбай) Өзтүрік ойнаған. Кәкен Өзтүрік Таэквондодан 6 дан иегері, Қазақстан Таэеквонда Федерациясының құрушысы Мұстафа Өзтүріктің әкесі.







Біздерге жаңа жетіп жатқан Қаражорғаны Түркияда қазақтар 1965-те осы фильмде де билеген екен. Билеген Қаблақат қажы, ал домбыра тартушы Кәбен қажы дейді Абдулвахап Қара. Кино үшін киізүйлерді Қобдабай есімді қажы ақсақал 1 айда істеп шығыпты.






Ақпаратпен бөліскен Абдулвахап ағамызға үлкен алғысымызды білдіреміз!
Бөлісу:

27 пікір

asaubota
мықты, құнды ақпарат екен. сондықтан тек Фейсбукте шектеліп қалмасын деген оймен осында жарияладым.
asaubota
UPD: Қаражорға туралы фрагменттер қосылды.
Beytanis
Енді скептиктер не дер екен?!
blackbeard
ewnarse demeimiz owe salamyz za to kazakhstanda bolmagan dep kutyla salamyz
Пікір түзетілген: 18 шілде 2011, 01:12
asaubota
қаражорға билеп жатқан фрагмент мына жерде www.youtube.com/watch?v=q84vy78unIM 14:14

бірақ, музыкасы басқа музыка
saken
бастысы бидің қазақтікі болғаны ғой. "Қаражорға" әнінің қазақтікі екендігіне ешкімнің дауы жоқ шығар
izbasar
Керемет жаналық екен, Керейлер ғой! Киноның мазмұны қандай екен?
Пікір түзетілген: 17 шілде 2011, 22:07
asaubota
киноны толық емес әр жерін айналдырып қарадым ана қаражорғалы фрагментті іздеп отырып. обшым бұл жерде баяғы Шыңғысхан кезіндегі тайпалардың аттары аталады. бір қызды Меркіттерге бермекші болып жатады. біреу шығады біз Наймандар бәрін айдаймыз деп. Джамока деген жаман біреу бар, Шыңғысханнан естеріңде қалған шығар бала кезіндегі досы кейін жауы.

Қаражорға "Қош бол Медеу" (1989 ж) фильмінде де бар.
gunner
Жақында бір сайттан жиырмасыншы жылдары Қара жорға биін билеп жатқан суретті көрдім. Демек шыныменде болғаны ғой. Сондай аз уақытта қалай тез ұмытылып кеткені түсініксіз
bazuka
қазақтарда би болмаған, билемеген деп жүргендерге мына фрагменттер таптырмас дәлел екен.
satibaldi
Әйтеке би ше?
bazuka
ол би емес комсомол ғо)))))))))
asaubota
Бүгін толық ақпарат шықты, мына жерден оқыңдар: www.egemen.kz/309304.html
Nurgisa
 Егеменге жаңа қан, тың жанр даруда. Ұзағынан сүйіндірсін дейік.
Abilakim
Келесі жылы Егеменді оқитын адамдардың саны күрт өсуі мүмкін
asaubota
бұл жиілікке қарап, мені жиі жазады деп қалмаңдар. просто солай болып қалды қысқа уақыт ішінде қызық 2 мақала жиналып қалып. ал былай мен газетке материал бермеймін ғой, өз тілшілері көп. яғни, менен журналистік карьера күтпеңдер дегенім ғой
Nurgisa
Әлеуеті зор, келешегінен мол үміт күттіретін балауса маман қыршыннан қиылмасын, құрдас. Ол жағын да бір бағамдап қой…
Abilakim
Декретке кеткен біреудің орнына жаза тұр)))Ұнамаса ол келген соң жазбай-ақ қой
qisyq
Киностанға мына материал шықты.