Ақымақ полимерлер

Тұрмыста, не басқа да – нағыз керек кезінде енегі айналып, сынып қала қоятын пластмасса бұйымдарының Топ-5-тігін жасауды жүн көрдім. Шешесстің.

№1. Унитаздың насосының қазығы, кейде – фланеці.
Ептібайымайдтың, рақаттанып отырғанды жек көретін адам сірә, жоқ шығар. Бәлкім бар да шығар, оның өзінде тек Turkish Airlines-тің рейстерінде шығар. Ендеше осы: рақаттанып, кейде тіпті ләззаттан көздерің жұмылып кетіп, үлкен шаруа тындырған соң, суын ағызып жіберуге насосты тартып қалсаң, бірдеңе «қырт» етіп үзіліп кетеді. Ептібайымайд, әншейін туалетке барып келу – үлкен ремонтқа айналып кетеді! Осындай бір-екі масқарадан соң, үйдегі унитаздың детальдарының барлығын хромдалған болатпен ауыстырып қоюға үлкен ынта пайда болады.

№2. Ептібайымайд киім ілгіштер.
Шешесс, киімдер былайынша сонша ауыр заттар емес. Бірақ шалбар ілетін білікшесі әдетте морт келеді.Шалбарыңды іліп жатсаң, «пық» етіп, үзіледі де кетеді. Ең адамның көтін күйдіретіні: осындай ілгіштерде «Armani» деген жазу тұратынын қайтерсің, нақ әкесс! Армандапсың нақ ілмешекті!

№3. Ұялы телефонның панельдері.
Мұрттыбайымайдтың, кейде джентльмендігің ұстап, тырнағын аяп, мобиласының қақпағын аша алмай отырған қатындарға көмек ұсынып, «NOKIA-ның» акциялар пакетінің 55 пайызының иесінің кейпімен сұрап алып, өз білгенің бойынша тартып қалсаң – қақпақтың бекітілетін башмактары «пырт» етіп сынады да қалады. Ол да ештеңе емес: «Panasoanic», «HOKIA», «SUNNY» сияқты — қытайлықтар қазақтардың құлағынан теуіп сатжіверген мобилалардың – пернелері де шашылып қалады. Көті-басың қара тер болып жинап отырасың сосын, миың тігіліп.

№4. Компакт-диск
Жердің әшауынан келген бір CD-ді алып, компьютерді жүкті қылып, халықты жинап қоясың нақ. «Саламатсыздар ма, ағайлар мен апайлар» деп ыржалаңдап, қараптан-қарап көңілді бов тұрасың. Сол кезде Хуиндоус «дыңқ!» дейді де, экраннан «Ошибка CRC» деген сияқты хабарлама шығады. Құдайдың өлімі аған, қытайдың бұйымы!

№5. Пластик стақан.
Түнделетіп жүріп, әрең деп 0,7-ге ақша тауып, дүкеннен арақ, құрт, газсыз су мен үш пластик стақан алып, теректің түбіне жайғасасың. Өмірге деген пәлсапалық бір-екі празыны лақтырып жіберіп, құйып-құйып жіверіп, Әңгөштің монотонды тілегі бітіп, енді таржівереміз ғой деп отырғанда, жел «сүф!» етіп, үш стақан да енегі айналып, топыраққа былғанады. Екінші айналымда амиголар стақанды қолдарына ұстап отырады. «Ана басында стақаны бар арақты алу керек келесіде» дейді Әңгөш. «Құрыған арақ!» дейді Тикә. Көңіл-күй бәрібір жоқ: тап жаңа ғана 300 грамм арақты Жер-мақан тартып алып ішівқойд, пяншікатаңанә планета!
Бөлісу:

26 пікір

qisyq
әншейін туалетке барып келу – үлкен ремонтқа айналып кетеді!
Өзекті))))))))))))))))))))))))))))))))
alisha
жаңа ғана бірер сурет көргендей ем, елестеген болды ғой…
TERISKEY
Ық-ық)) дереккөзін басып нем бар еді)))
alisha
Ол пілдің жүргеніне бір-екі ай болып қалды ғой
Пікір түзетілген: 13 шілде 2011, 13:10
tolagai
кандай пил?
alisha
Алуан түрлі ақпарлардың дереккөзі боп жүрген піл де…
Onlasyn
Дереккөті десей
Gulistan
«Дұрыс» деп бас шұлғудан басқа не амал бар бізде…
Пікір түзетілген: 13 шілде 2011, 11:48
Zilola
дұрысы стақанды әр адамға 2 шт деген есеппен стаып алу керек, сонда 2 қабат стақан мыжыла қоймайды, и құлап та қалмайды
qisyq
оооой… қымбат қой...(((
Aizhantabyn
Рас армани болса, сынбайды)))))) мен бирде коргем, арак ишип отырган агайлар (теректин астында) жерге кишкене шункыр жасап, ишине стаканчиктерин салып койыпты)))))
Zilola
жерге кишкене шункыр жасап, ишине стаканчиктерин салып койыпты
мынау расында да жақсы идея екен
sammita
не туфлиін шешіп ішіне салып отыру керек)
Gastarbaiter
Рас армани болса, сынбайды))))))
Gulistan
Киім ілгіш ештеңе емес қой, ваннада орамал ілетін ілгіштер сынап/үзіліп кете беретіні жаман, барынша желімдеп ілесің, бір айналып келсең, орамалдар жерде жатады.
meirzhan
Бәрінде солай екен ғой.
KILYZAMAN
Дереккөт — мына жерде.
— «ақымақ полимерден» әбден қорлық көрген бейбақтың дереккөті 5 түрлі айғағына татымапты… айта берсе әліде айтары көөөп сияқты. Сондықтан, ендігі жерде «ақылды полимерлерге» бетбұрыс жасап жатқан ғыұлыми ізденістің соңындағы Үміт жеңгейдікі дұрыс шығар…
Пікір түзетілген: 13 шілде 2011, 13:41
asaubota
жаттым

соңғысын елестетіп көрген жоқпын, былай да көрдім
Gastarbaiter
Қай мәселе болса да, бар ауыртпалықты енегің көретінін айсайшы)))))
Dzhuli
 ваахахаха, өлдім
meirzhan
Ең күштісі — номер 3-ші.
NursultanSS
5 шісін айнытпай әсерлі жеткізіпті, сол теректің түбінде отырғандай күй кештім
temir1986
киімілгішің мен стақаныңа дау жоқ.
Blogshy
ой ішім ай )))) теректің түбіндегі сюжет күшті