Маған олар ұнамайды
Маған полиция қызметкерлері ұнамайды. Жалпы полиция емес. Нақтырақ айтқанда Қазақстандық орта есепті полицей бейнесі ұнамайды. Олар топас, дөрекі көрінеді. Өз міндетін дұрыс атқара алмайды.
— Ақтөбедегі және Алматыдағы полицей мен спецназдардың таяқ жеуін алайық.
— 1986 жылғы полиция қызметкерлерінің үкімет бұйрығын орындауының өзін алайық. Бұйрықты орындаудан бас тартқандары кемде-кем. Сол оқиғаларға қатысқан милиция қызметкерлерін жазалау керек. Шындықтың бетін ашу уақыты келді. Бұйрық берген, үкімет басында отырғандарды да, бұйрықты орындағандарды да жазалау керек. Кешірім сұраттыру керек.
Бала болғанда «Робокопты», «Крутой Уокерді» көріп, идеалды көзқарас болып еді. Ал есейе келе, бәрінің басқа екенін байқадым. Көбі білімсіз. Заңдардың кейбірін ғана біледі. Адами қалыптан айрылып бара жатқандай.
— «Астарлы ақиқаттағы» полицейлермен түсірілген любительский видеоларды көрген шығарсыздар. айуандар.
Көбі алқаштар.
Тәртіп сақтауда идеал болу керек адамдар мүлде идеал емес. «Молданың істегенін істеме, айтқанын істе» дегенді осы кісілерге қатысты айтуға болатын шығар.
Барлық елдің полицейі осындай ма деген сұрақ туады. Бәлкім, жапондық полицейлер ондай емес шығар.
— Ақтөбедегі және Алматыдағы полицей мен спецназдардың таяқ жеуін алайық.
— 1986 жылғы полиция қызметкерлерінің үкімет бұйрығын орындауының өзін алайық. Бұйрықты орындаудан бас тартқандары кемде-кем. Сол оқиғаларға қатысқан милиция қызметкерлерін жазалау керек. Шындықтың бетін ашу уақыты келді. Бұйрық берген, үкімет басында отырғандарды да, бұйрықты орындағандарды да жазалау керек. Кешірім сұраттыру керек.
Бала болғанда «Робокопты», «Крутой Уокерді» көріп, идеалды көзқарас болып еді. Ал есейе келе, бәрінің басқа екенін байқадым. Көбі білімсіз. Заңдардың кейбірін ғана біледі. Адами қалыптан айрылып бара жатқандай.
— «Астарлы ақиқаттағы» полицейлермен түсірілген любительский видеоларды көрген шығарсыздар. айуандар.
Көбі алқаштар.
Тәртіп сақтауда идеал болу керек адамдар мүлде идеал емес. «Молданың істегенін істеме, айтқанын істе» дегенді осы кісілерге қатысты айтуға болатын шығар.
Барлық елдің полицейі осындай ма деген сұрақ туады. Бәлкім, жапондық полицейлер ондай емес шығар.
Қазіргі менттердің 1986 дағыдай жастарға озбырлық көрсет деп бұйрық берсе, неғылады екен.
орасишосында ілсиш.Мәтін тере алғаныммен, видео, музыка дегендерді қалай қоятынын білмейді екенмін. онлайн көруге болатын сайттарда көре алуыңыз мүмкін.
1. Алқаш.
2. Парақор.
3. Бабник.
Осы үшеуіде көбісінен табылады.
орташа есеппен қазақ менті ішеді, қаңғиды, пара алады
Анау бір жылы бір участковый жайлы хай-вай шығып едіғой солтүстік жақта, мектеп бітірмеген бір жас қызды тергеу үшін шақырып алып, есікті құлыптап алып кабинетінде зорлаған. Кейін мама розаға тапсырған сол қызды, ел алдында есі дұрыс, қолында билігі бар адамдар клиент болған дейді. Әрең қашып шығып, аман қалған. Уақиға әрі қарай немен біткенінен хабарым жоқ.
қасы жаны нәзік адамдар бұл қызметті атқара алмайды. Полицей қатарында ондайлар аз шығар. Бірақ дөрекі болып, әділетті, өз қызметін атқаруға да болады ғой. Сірә, дөрекілік полицейлік қызметтің айнымас серігі болса керек.
Әйтеуір, жақсы көретін балдары мен жұбайлары бар)
Полиция қызметкерлерімен етене таныс болсаң, стереотипті бұз.
Ал 1986 жылы… полиция қызметкерлері әскери адамдар, ПРИКАЗ-БҰЙРЫҚ дегенді естіген боларсыңдар.Үкіметке бағынады, если б что( Солаааай…
Серж, сен не, ювижнде отырасың ба?
Естіген болатынмын, бір шетелдік мемлекетте полицейлікке IQ дәрежесі төмен адамдарды алады екен. Себебі ондай адамдар бұйрық туралы көп ойланбай, істей салады, және IQ дәрежесі төмен болғандықтан қорықпайды. Қорықпайтыны — фантазиясының кедейлігіне байланысты.
Сонда олар «фас» дегенде атылатын иттер ғой, иә? Сонда оларға «зорла» деген бұйрық берсе, зорлайды ма? 1986 да солай болды ғой. «Без суда и следствия» өлтір десе қлтіру керек пе? 1986 -да солай болды ғой. Қыздарды суық қарға бірнеше сағаттан бала болмасын деп отырғызды ғой. Бұның барлығын істеген кімдер еді. Солар. Бұйрық берді екен деп, бейбітшіл, қарусыз демонстрацияға шыққан өрімдей жастарды қырып салуға бола ма? Олар адамдар емес. Арасында бұйрықты орындаудан бастартқан адам кейпін сақтағандар болды. Бірақ олар өте аз болды.
Бұйтіп атқарған қызметтері құрысын. Өздерінде ми жоқ па саралайтын. Ми бар-ау. Оларда адамгершілік жоқ.
@Beytanis -тың мына комменті еске түсті.
Сенің ренжуіңнің сыры осында ма дедім.
Айтайын дегенім, сен Бейтаныс айтқандай, өз өміріңнің фактілерімен байланыстырып, маған ренжулі, келіспеушілікті комменттер жаздың.
Сен бұл комментте оларға ақтау іздеп жатырсың.
«Ой, олардың жұмыстары қиын, сондықтан оларға осындай болуға болады» деген сияқты естіледі екен.
И вообще, сенікі дұрыс. Жазбашы маған пікір, плиз…
Мен айтайын дегенімді айттым…
Негізі сенің жеке басыңа тиетін пікір жазбап едім. соншалықты ренжитіндей. Мына «поведениең» өте қызық!
Керекинфо туралы салыстыруың қызық екен. Осы сайтта отырғандар «мен, керекинфо мүшесі, флуд жазбауға, сапалы коммент жазуға, ақылды болуға, ешкіммен ұрыспауға ант етемін!» демеп еді. Ал полицейлер ант берген.
Жалпы оларға басқа адвокат іздеу керек сияқты.
Оның үстіне, сен қарапайым ел азаматшасы ретінде емес, «заинтересованный сторонасың», демек, пікірің суперcубъективті. Кім біледі, бәлкім мен сенің орнында болсам, осы постқа қарсы комменттерді қарша боратушы едім.
Бізде ондай жұмысқа әйтеуір аннан мыннан қашқандар баратын боп кетті әрине. Әйтпесе олардың да тірліктері мәз емес, алатын жалақы аз, ал нагрузка көп, содан да паракорлық туындайды
«Менты — не кенты», «Адам мент бола алады, мент адам бола алмайды» деген сөздер жүр.
Мен шетелдік амигоға, сендердің менттерің сыпайы ғой, дегенімде:
Әртүрлі ғой. Кейбірі амал жоқтан сыпайы, кейбірі шынымен. Бұтақбас мент кездессе, бәрібір сені «виноват» қылады деді. Оларды анау мынау заңмен қорқыта алмайсың, бәрі жатқа біледі. ӘР сұрағыңа дайындап қойған мықты жауаптары бар. Сындырғысы кеп кетсе, сындыра салады" -деді.
Мемлекет деген не? Ол өзіміз.
Мемлекет басшылары деген не? Олар өзіміз сияқты адамдар. Оларда көбіне азырақ жұмыс істеп көбірек ақша, көбірек абырой тапқысы келеді. Азырақ күшпен, көбірек нәтиже беретін жолдарын қарастырады.
Тіпті қыруар шаруа бітіретіндері де атақ үшін, даңқ үшін, қызмет баспалдағында өрлеу үшін тер төгеді. Және онда тұрған еш сөкеттік жоқ. Ең бастысы жақсы өзгеріс енгізсе. Ал мотивтері — өз шаруасы.
Халықтың әрбір мүшесі өз жауаптылығын түсініп, сауатын арттырып, заңды (тым болмаса өз құқықтарын біліп!) тиістісін (нақты фактілер мен дәйектермен, нақты мақсатпен) талап ете білмесе (тап сол конституцияда жазылған құқығын талап ете білмесе, журналисттермен одақтаспаса) мынандай жалпылама «менттер жаман» деген жазба әлдене өзгерте қоятынына сенімсізбін.
Кез-келген дамыған ел қазіргі жағдайына ләңгі теуіп жүріп жеткен жоқ. Америкада парақорлықтың құтырған мекені болды. Бардак, кімнің мылтығы мықты сол мырза болған кез болды.
Бірақ халықтың басым бөлігіне тыныштық керек болды, сол тыныштық үшін, бостандық үшін күресті, олар өз құқықтарын қорғағанда шынтақтарын бек ажыратпай жұмылған жұдырықтай түйіле білді. Сондықтан жалқау басшылар олармен санасуға мәжбүр болды. Ал даңққұмар және еңбекқор адамдар олардың талаптарын өзінің карьералық өсуіне пайдалану үшін орындады.
Қазір Батысты біз тым ерке, тәлпіштеніп кеткен, бейқам күйі кешкені үшін кінәлаймыз, өйткені көре алмаймыз, өйткені өзіміз солай бейқам жүре алмаймыз. Ал олардың ата-бабалары «тамағым тоқ, көйлегім көк, басқада шаруам жоқ» деп жата берсе, қоғамдарында қандай да бір өзгеріс болар ма еді? Ойланып көріңіз.
Батыс мемлекеттерінің бізден ерекшелігі сол — олар дастархан басында жамандаумен тыйылмайды, қоғамда резонанс тудыратындай қылып іс әрекет жасайды. Әрине, оларды тыңдайтын құлақ та бар. Бізде, басымызға түспегенше бәрі бір. Мысалы, бір көрші ағай анасын сабап жатқанда, жедел жәрдем шақырсам, полицейлерге сілтеп, олар участковый сілтеп, ақыры ешкім келмеді… Өйткені бәрі бір. Бір адам өз ісіне жауапты қарағысы келмейді. Бір мекемеде жұмыс атқарғанымда, қаншама косяктар қалқып шықты. Себебі, алдындағы адам шәй ішуден қолы босамаған. Айлық жүріп тұр, аса қимылдау қажет емес деп есептейтін секілді. Исламы жоқ, Иманы бар батыс елдерінде мұндайға жол жоқ. Осындай позитивті жақтарына еліктесек қой)
жасайтын сыпайы мәнері оның имандылығын білдірмейді.
Тап сондай автоматты түре істелетін сенің сөзіңше «имандылық» қа жету үшін бір-ақ адамның қаны төгілмегендігі ішің сезетін шығар.
Сондықтан мұның себебін, батыстықтың туа бітті жүрегінің имандылығынан көру де дұрыс емес.
Олар бүгін жұмыстан ұрыс естіп, мәшинесін соғып алып, бүкіл әлемді жек көріп тұрса да, танымайтын адаммен сөйлесу шаблоны оларға күлімсіреп сөйлеуді, барынша сыпайы болуды диктовайт етеді.
Олардың асфальтына итің тышып қойса, саған әкеңнің құнындай штраф салады. Ал ақша табу қиын, өмір сүру қымбат мекенде «ақшалай штраф» «дүре соғудан» жаман жаза боп саналады.
Сосын жүресің, амалсыз итіңнің боғын тазалап.
Егер тап сол шетелдік Қазақстанға келіп, итінің нәжісін жинамауға болатынын білсе, ол боқ тазалауға арналған салфеткасы мен пакетін алып жүруді біртіндеп доғаруы да ғажап емес.
Айуанға намаз үйреткен таяқ.
Адамдардың басым бөлігі оның нәсіл, тегіне қатыссыз айуандар.
Тек дамыған елдердегі айуандар мықты дрессировкадан өткен.
Олар басқа планеталықтар емес. Оларда да нәпсі, оларда да пендешілік бар.
Тек барлығы қорқып, сыйлап, санасатын бір ортақ гаранты бар, «Заң» деген. Заң иманыңа да, исламыңа да, шіркеуіңе де ортақ. Міне сол жағын бізге үйренуге болады.
Қалғаны таласты мәселелер.
Соқыр табынушылық емес, тек жақсысын алу!
Оларды орындамаған адамды ортадан шеттейді, немесе тіпті қатал жазалайды. Заңмен емес, по понятиям.
Тап сол сияқты, шетелде де пайда болған шаблонға қарсы әрекет жасасаң, жұрт тіксініп қарайды.
Ал қоғамнан тыс қалу, ежелгі әлемде аштан өлуге парабар қауіп болатын.
Сондықтан, бұл әрекет адамның имандығына ғана емес, әлеуметтік инстинктке негізделген.
Осыдан жүз елу ғана жыл бұрын, Батыс елдерінде тобығын көрсеткен әйел жеңілтек, ойынқұмар саналатын.
Көптеген әйелдердің тобығын көрсетпеуі, әрине олардың жеңілтек еместігін білдірмейді. Тек, «жезөкше» деген айдардан өлердей қорқатындығын білдіреді.
Ал қазіргі қаладағы қазақ әйелдің киім-киісін сол кездегі батыстық әйелге көрсетсе:
«Не деген жабайылық, не деген ұятсыздық! Жезөкше! Мио Део!» -деп бетін шымшыр еді.
Бірақ тіпті салмақты, тәрбиелі қыздың өзі қазір топик, мини киіп жүре береді. Неге? Орта қабыл алуы үшін. ОРтаның бөлігі екенін білдіру үшін.
***
Грузиядағындай түбегейлі өзгерістер енгізу үшін біраз уақыт, не сырттан үлкен күш әсер етуі керек.
Шаблон емес ол, ол дамығандық. Мұнда да «малдар» кездеседі. НО! Адамгершілігі мол адамдар көп. Тәрбие шаблон емес, адамгершілік те. Біздің елде өзіңді мұндағылар сияқты ұстасаң, ешкім тіксінбейді.
Сен дикарем барып көр. Программамен емес.
Адамгершіліктің нақты критерийлері әркімде әртүрлі.
Жоғарыдағы аргументтеріңнің күлін көкке ұшыратын бір сұрақ қояын:
«Джеймс Кукты аборигендер не үшін жеп қойды?»
Жауабын тауып, тынышталсаң, осымен спорды аяқтайық.
Менты — не наши кенты.Осы үш саланы тез тәртіпке келтірсе екен, халыққа қызмет көрсету орталықтары кішкене жақсарып келе жатқан сияқты жаңа министр келген соң.