Жұмыстың кейбір кездері немесе Керекке ода (Ремейк)

«Филип Бедросович көрсе, өмірден баз кешіп кетер еді» © @Gastarbaiter

Жұмыстың кейбір кездері,
Көңілде алаң басылса,
Асаудың* берген Керегі,
«Сырт» етіп оңай ашылса.

Тәңірінің күні жарқырап,
Флудтан көңіл ашар көз.
Қуатты ойдан бас құрап,
Еркеленіп шығар сөз.

Сонда блогшы белін буынып,
Жан-жағына қаранар.
Каментші қолын жуынып,
Жазбаның бәрін саралар.

Қыранша қарап қырымғҰә,
Шаттық пен мұңды қолға алар.
Кектеніп надан, зұлымғҰә,
Бұттан да кетер, толғанар.

Ызалы клава**, долы қол,
Улы смайл, ащы тіл —
Не жазып кетсе, жайы сол,
Жек көрсеңдер, өзің біл!

*@asaubota
**пернетақта
Бөлісу:

23 пікір

direct
Мәәә, ода арнайсалатын дарын/қасиетті Құдай бере салған жұрттарға)
Біздікі сол, қол шапалақтап отыра береміз
AKY
дарын болғанда… кәнігі өңін айландыру ғо
direct
ондай айналдыруыңды ұқпай отырм)
жазыпұйымдастырыпжібересің бе?)
asaubota
Абай деген ақынның стилін шырамытқандаймын
AKY
ілмектерде тұр ғой)))) Аташка маған ренжи қоймас)
VKM
Айгера, ақылдысың сен! Соны осылай қылып келтірудің өзі бір талант қой)
asaubota
ілмектерді көрмеппін, бірақ дұрыс шырамытқан екенмін
TERISKEY
"ілмектер өртейд..." ©. Талантыңыз сұмдық енд бар ғо Че!
Nurgisa
Күшті екен, Әйгерім! Өрге жүз, тасың өрге домаласын демей-ақ қояйын…
Beytanis
Шаттықтан әдемілеп бір күлдім!
Zhan
Ызалы клава**, долы қол,
Улы смайл, ащы тіл —
Не жазып кетсе, жайы сол,
Жек көрсеңдер, өзің біл! — Не деген жолдар! Сөз жоқ.
Janasil
Керемет АК!!!
vebred
Мәссаған!!))) нағыз креатив, бүйте берсеңдер ертең Абайдың әр өлеңі бір-бір жарнама слоганына арқа болады!!! Солай-ақ болсын))) жарайсың, осы бетіңнен талмай жылжи бер алға
Janasil
Әркім заманына қарай шабады. Бұл өлеңнен АБАЙ атамыздың беделіне еш нұсқан келмейді.
sammita
бәрін шынайы қабылдайтын бұл ресми сайт емес.
kokbori
емаееееееее, мынаны АКУ жаздыма, супер!!!
AKY
ал мынау — бір кездегі керекке деген өршіген махаббат. өлердей сүйіп едім керекті, шыға алмайтынмын