Сатушы

Әдеттегідей таңертең жұмысқа келе жатып, дүкенге кірдім. Сол баяғы әбет ала кету үшін. Кірдім де, самса-пирожкилерін сөреге қойып жатқан қызға:
— Сібежи ма? — деп сұрасам, ол:
— Көріп тұрсың ғо! — дейді самсаларын пакеттен шығарып жатып. Мен түсінбей қалдым. Нені қайдан көріп тұрмын? Сібежи екенін білу үшін дәмін татып, ең болмаса қолмен ұстау керек емес пе?
— Оу, мен тауардың сіздің дүкенге қашан келетінін білмеймін. Сондықтан да сұрап тұрмын, — деп едім, ол қыз:
— Бізде дүйсенбі күні сібежи емес тауар болмайды, — деп кіжің-кіжің етеді.
— Жарайды, алдымен сөйлеп үйреніп алыңыз, сосын қызмет көрсетіңіз — дедім де шығып кеттім. Сыртқа шығысымен қан басыма шығып кетті: «Них… я себе, жаңағыдай беспределге шыдайтын сондай жасықпын ба не?» дедім де, дүкенге қайта кірдім. Анау қызға:
— Бастығыңды шақыршы, — дегем, ол бастығы қасында тұрған келіншек екен. Келіншектің артынан еркек те көрінді басы қылтиып(мүмкін күйеуі). Басталды. Анау жігіт: «Успокойся, ты не в настроении» деп қояды. Мен оларға адамдармен қалай сөйлесу керектігін "үйретіп" жатырмын. Олар түсінбейді, сенімен дұрыстап сөйлестік деп қоймайды. Сосын еркегіне:
— Жүрші сыртқа, сөйлесіп қайтайық, — деп едім, анау екі етекті ішектерін тартты шошып.

«Мәдениетті сөйлесе алмасаңдар, көше тәртібімен сөйлейін саған» дедім іштей. Сыртқа шығарып алып, түсіндірдім анау еркекке. Ол кешірім сұрап, дүкенге қайтадан кіргізді мені. Әлгі қыздар бұл жолы мәдениетті, жымиып сөйлесті. Есікке жақындап:
— Міне, қызметті осылай көрсетеді, — дедім де шығып кеттім.
Бөлісу:

60 пікір

asaubota
қазақша менеджмент хуле
sigma
Қатырдым деп тұрсың ба? Дүйсенбі күні таң атпай настроениесін құртып кеттің. Енді сенен соңғыларынан өш алады. Ех, қанша адамның обалына қалдың
direct
Мынау «күнде күндегі тіршілік»қой.
Қазіргі күндері сатушы мен сатыпалушылардың пәшти бәрі депресс/стресс/напряжняк боп қажып жүр))
Abilakim
Кім екені есіме түспей тұр. (Қазақтың бір жазушысы не сатиригі әйтеуір) Дүкенге кіріп балық сатып отырған қыздан:
-Девушка, а эти рыбы свежие?-деп сұрапты.
Дүкенші қыз: Вы что, не видите что они живые?-деп шап ете қалыпты.Сонда әлгі кісі
— У меня дома страуха есть, но далеко не свежая-деген екен.
Gamk
Маддэсссс Геракл десе. Сөйте берсең оларға ақыл кіреді. Сапалы қызмет көрсететін менің дүкенім қашан ашылады екен?
direct
«Алтын таға»да дЖекПот ұтып алғаныңда)
konvict
Жаңа ғана мен де осындай жағдайдан жыным ұстап келіп отыр еді.
Beytanis
«Мәдениетті сөйлесе алмасаңдар, көше тәртібімен сөйлейін саған» дедім іштей.

Мә, "іштей" қарқыныңыз жаман екен...
madlen
Свежий ма деп сұрағаныңызды түсінбеймін. — Жоқ, свежий емес, алдыңғы аптадан қалып кетті — деген жауап күттіңіз ба?
Пікір түзетілген: 4 шілде 2011, 14:20
Beytanis
Тұтынушының қарапайым сұрағына шаптықпай қарапайым жауап берсе ақырзаман орнай ма?
gerakl
Сібежи болмаса, басқа жерден сатып алар едім да
Zilola
кейде сол сатушылардын тусинигинде свежий деген грибогы шыгып кетпеген тамак
Zhan
Үйдің жанындағы ана дүкендегі орыс әйелге жыным кеп жүретін. Сізді ертіп апарып соны да жөнге салып қою керек еді
Zilola
Бірде тура кеңсемнің қасындағы атышулы «Дастархан (немесе Юбилейный) » дүкенінен түскі асқа тауық сорпасын сатып алып, жұмысқа апарып жей қояйын десем быжылдап ашып кетіпті. Ой бір қаным басыма шапқаны-ай, тамақтың бетін жауып апардым да, администраторын шақырттым. Администраторы құтының сыртындағы тап сол күнгі датаны бетіме тақап көрсете береді, «онда қасық әкел де менің көзімше же мынаны» деген едім ақшамды қайтып беріп тайып тұрды. Күйдіргі қанышер!!! Құтының сыртындағы датасы бар жапсырмалы қағазды кез-келген уақытты ауыстыра салуға болатынын бәрі біледі ғо, мені дымбілмес деп топшылады ғо дим.
Тап сол дүкеннен бір екі рет балық алғанымда да солай болған, салаттары да сондай. СЭС жанын шығарып тұрып тексерсе деп те армандаған кездер болды. Кейін ойладым мен бар болсам да, жоқ болсам да ол жағдай өзгермейді екен. Қазір бармауға, алмауға тырысамын ол жерден.
Айтпақшы ұмытып барамын, орысша «кашлить» ететін қыздар бар кассасында, қасындағы құрбысымен қазақша тым жақсы сөйлесіп тұрады да, клиент жақындаса орысша «ақсақ жөтелін» қосады. Мен қазақша сөйлеп тұрсам, шамасы келмесе де орысша сөйлейді мәңкүрттер өңшең. Мен оларға өз тілінде сөйлеуге мүмкіндік берсем де «жыртылып» орысша сөйлейді топас немелер! Орысша сөйлеп мәртебесі көтерілсе қане?! Қалалық болып көрінген түрі бар болсын, 10 м қашықтықтан да білініп тұрады кімнің кім екені, маскироваться етіп әуре болады жүдәәә!
Beytanis
«ақсақ жөтелін» қосады.

Өте-е-е-е хатерлі синдром екен…
Zilola
ой ондайлар коп, просты кейде солар ушин уяласын да
Beytanis
Олар ұялмағанда, ұялып қайтесің?! Нерв талшықтары қайта қалпына келмейді тегінде.
satibaldi
Қойш, ашуланбаш енді…
Zilola
direct
Күйдіргі қанышер!
қажытжверіптіғой ә?)))
Zilola
қарғыс жағын қатырамын ))
Gastarbaiter
Негізі негативті қабылдамауды үйрену керек екен.
Бірде бір жігіт мен қызбен тұрғанда кіжініп,
«Не болды бауырым, бәрі нормальні мә?» деген тізесі шыққан наезд лақтырып тұр.
«Жоқ нормально емес» деп қабағымды түйіп көзіне қарадым да, жымиып «Заебись!» дедім. «Саған да солай болғанын тілеймін!» -дедім.
Анау жігіттің әрі қарайғы жоспарды ойластырмаған болса керек, үндемей өз тобырына қосылып кетті.
direct
тізесі шыққан наезд
+1 өлтіресің құрдасееееееем
Beytanis
Біздің аса көркем әрі көрікті ауламызда гипер, супер болмаса да бір дүкеншік бар. Сол маркетте бірбәле сатыпалсаң тиын-тебеніңді лақтырып береді… Кейінгі кездері конкурент дүкеншік ашылып, жұрттың бәрі солай қарай ойысты. Ол жақта әзірге адамИ қарым-қатынас бар.
Altygradus
Администраторы құтының сыртындағы тап сол күнгі датаны бетіме тақап көрсете береді, «онда қасық әкел де менің көзімше же мынаны»
дұрыс істегенсің
balzaminka
Тиын-тебен демекші, неге осы 1-2 теңгеліктерді ақша айналымда алмайды екен? Өз басым осы майда теңгелерді жақсы көрем, жұрттан ауыстырып алып та. Бірақ, дүкендерде қабылдамайды. Былтыр Қызылордада дүкеннен су алып, майда теңгелерді санап тұрсам, дүкенші ақшаңыз керек емес деп суды алып жатыр. Түсінбедім, ана кісіден не болды деп сұрасам бұрқ-сарқ етеді. Бәріір түсінбедім, құрбым түсіндіргені сосын. Ой, бір жыным ұстап, құрбымның берген ірі ақшасын қайтып алып кетіп қалдық.

Атырауда жолақысы 45тг екен. 20+20+1+1+1+2=45 тг берсем, бес теңгесін қайтып берді кондуктор. Тағы түсінбедім, жолақысы қанша десем, бермей-ақ қойыңыз дейді. Бірнеше автобуста солай болды. Майда алмайды деген ой обшым келмеген, кейін түсіндім.

Майда теңгелердің не жазығы бар екен?!
Altygradus
а мен бір ретте автобуста солай дегесін, бәрін сол бір теңгеліктермен бергем қырсығып, алсаң осы алмасаң жоқ деп. Автобустағыларды еще түсінемін, ұсақ боп көпорын алады, ал магазиндегілерге не жоқ
Пікір түзетілген: 4 шілде 2011, 15:52
balzaminka
автобустағылар ешнәрсе демеді ше, просто қайтарып берді. Айтса тұтасын берер ем ғой
AKY
Тұп-тұтас бес теңгені ме)))))
meirzhan
Мүмкін бір наным-сенім бар шығар майдаға байланысты.
balzaminka
ол қандай болуы мүмкін?!
meirzhan
типа майда ұстасаң ақша аз болып қалады деген.
немесе майданы сдача ретінде бере алмаймын деген практикалық нанымы бар болған чығар.
edige
Сізге кондуктор 500 теңгеңізге 1-2 теңгелікпен "қайтым ақша" берсе аласыз ба?
balzaminka
Ол да ақша ғой, алам. Тем более тиындарға арналған арнайы әмияным бар. Негізі сол әмиянның ауыр болғанын қалаймын, біреу нападение жасап жатса сумкамен тарс ұруға таптырмас қару ғо
patick
Менде үйде 1-2 теңгеліктер жатыр толып, есептесе 1000 теңге болатын шығар. Айырбастайтын жер болса ірі ақшаға…
balzaminka
Өз көмегімді ұсына алам уақытың болса )))

Әріптесім жазады, сені сағындым қатты деп. Оны естіген мен шелекпін ғой, рас па деп. Сөйтсем майда көп жиналып қалды, өткізетін адам жоқ дейді
patick
 айтшы, алып барайын
Gamk
Қызылордада «S'маll» деген гипермаркетте сауда жасасаң майда тиын береді. Бір нәрсенің бағасы 46 теңге болса, саған міндетті түрде 4 теңге қайтып береді. Ұнайды сондайы. Үйге жинап қоямыз. Кішкентайларды (енді 5-6 жас) ойнатуға таптырмас ойыншық.
balzaminka
Ысмайыл дейді ғо соны үлкен кісілер
Zilola
бізде Дастархан деген дүкенде здашың 4 теңге болса, жаман кәмпиттерін пихать етеД ващще
edige
Бұл айтылғандардың екінші жағы бар. Ситуация тура осылай болған болса расы бұл пост кейіпкері сатушы дұрыс істемеген.
Алайда дүкен туралы болған соң байқап жүрмін.
Қылқиып келіп тұратын эпидем стация қызметкері, Әкімнің қаралары, Участкелік инспектор мезі қылған біреу шығар. Дүкенші этикасын сақтаса сұраушы көбейетіні анық. Алайда бетіне бір-екі рет күліп қараған адамың 2ші келгенде қарызға берш — деп бастайтыны біздің қазіргі қазақ қауымына белгілі. "Қарыз қарым қатынасты алшақтатады" деп жазған дүкендерді көріп жүрмін. Мезі болған шығар.
Көзді ала бере істемейтін сотка, жүсіркеуге лайықты «Шректегі мысықтың көзі» барлар, жасанды не жыртық ақшасын тура дүкендерге барып «пихать» етушілер жеткілікті. Қайтаруға тиіс ақша мөлшерінен көп қайтарымды біле тұра қалтаға басақандарға құлағына кеңестік кездегі ақшаның орнына берілген талон сырға.
Майда ақшаны алмайтын себеп бар. Супермаркеттер алады, банк қабылдайды… Сол 500 теңгеге бола 200 теңге расход жасап ауыстырып жатуға дүкеншінің уақыты жоқ. Дүкеншінің көретіні бәсекелестікпен баға түсіру нәтижесінде 10 пайыз ғана пайда көруі мүмкін. Сол үшін алмайды. Бұл менің жеке пікіріп…
balzaminka
расход дегеніңізді түсінбедім

Неше түрлі клиенттер де болады ғой қанды ішетін, клиенттің дегені әрқашан да дұрыс деп

Тетямыз дүкенші дегенің маймыл болмаса болмайды деп отырады сатушыларына, ал, роботпен жұмыс істесек не болады екен өзі?
edige
«расход жасап» «шығындалып»
meirzhan
Өй, оларға осылай сөйлемесең түсінбейді. Маған ұнамайды осындай сервистегі дөрекіліктер. Өздерінің тікелей міндеті емес пе. осылай жазалау керек. мадис.
Gamk
Үй жақтағы «Жетісу» деген дүкенге жаңадан келген сатушы басында аяқ киім крем мен пакеттегі қытайский лапшаны (сырты целофан ғой деп ойлайтын болуы керек) бір қалтаға салып бере салатын. Ааа, айтпақшы сол дүкеннің тоңазытқышының сыртындағы СЭС-тің берген қағазының (сүт, ет сақтауға рұқсаты) ауыспағанына 2 жылдай болған. Датасын өзгерткені мен былтырғы шыбынның боғы анық көрініп тұр. Сыртынан «тоқылдатсам» ба деп жүрмін.
Abilakim
Баяғыда бір-екі досым Қарағанды сырасын шығаратын жерде түні бойы ескіріп кеткен бөтелкелерге жаңа этикетка жапсырдық деп еді… Рас өтірігін қайдам…
Gastarbaiter
Небір психотехникалар бар. Қырылыспай, шапылдаспай дегеніңді істететін.
Сосын қыртысы кемдеу адамдар (ал ондайлар көшеде 90 пайыз) түріңе, іс-қимылыңа және киіміңе қарап сөйлейді.
Сондықтан, егер адамдар сізге жиі жекитін болса, үнемі әділетсіздіктің құрбаны бола берсеңіз, даяшы сізді адам құрлы көрмесе, таксист апаратын жеріне апармай, бұрылыстан түсіріп кетсе онда бір сәт ойланып қараңыз:
-Осы менде емес пе проблема? Түрім мен жүрісім лоховской емес пе? Киімім нашар, көздерімнен «ақкөңіл әпенде», ал міңгірлеген даусымнан «мені сыйлама» деген ноталар шығып тұрған жоқ па? Бетім тыржиып кірпіш сұрап тұрған жоқ па?
Осындай сұрақтарға «ия» деп жауап берсеңіз. Әңгіме сізде.
edige
«Бетім тыржиып кірпіш сұрап тұрған жоқ па?»
Ептібай ә.............
direct
Сосын қыртысы кемдеу адамдар… түріңе, іс-қимылыңа және киіміңе қарап сөйлейді.
осындай сопақбастар жақпайтта барғой, адамды бұйымына қарап сыйлайтындар.
gunner
Дұрыс. Өте дұрыс. Ия біз ондайларды ұнатпаймыз, адамның киіміне қарап, түріне қарап бағалағанды дұрыс емес деп ойлаймыз. Және дұрыс ойлаймыз. Бірақ фактті факт деп қарау керек, көп адам киімге түрге, тілге қарап бағалайды. Сондықтан жыламай соларды мүмкіндігіңше жақсарту керек.
Gastarbaiter
«осындай сопақбастар жақпайтта барғой, адамды бұйымына қарап сыйлайтындар. „
@direct
Оларды жақтырмағаннан пайда жоқ, олардың сол қасиетін рахатыңа пайдаланған жақсы.
direct
жақпайтыннан нендей рахат бар құрдас?
Meru
Қыртиып тұрған сатушы болса теріс бұрылып шығып кетем, оған сөз шығындап тұрғанша басқа жерге бара салғаным жақсы.
patick
Просто кейде орнына қойғың келіп кетеді
Beytanis
Ұрыссаң ұрыса береді. Боқтассаң боқтасады.
Meru
Бүгін қойғанмен ертең қайталауы мүмкін, "ұмытшақ ауру" ұстап)) Не дегенмен санаға байланысты.