Мәмбет болдым мен...

Мәмбет болдым мен...@Aizhantabyn менің балконнан кілем қаққанымды жұқартып айтқанда — мәдениетсіздікке, қалыңдатып айтқанда — көргенсіздікке балады. Сөйтіп, өткен жылдары аузына марганцовка* жағылып әрең тоқтатылған — мәмбеттік мәселесі жарасының аузы тағы ашлыды.
Егер қалалықтар далалықтарды мәдениеті үшін сонша жек көретін болса, қалаға — қалалық өмір салтын үйрететін лагерьлер арқылы кіргізетін жүйе жасасын. Ауылдық минимализм элементтерінен, атап айтқанда: орындық іздемей-ақ жүресінен отыра салу, дауыстап сөйлеу, бір бөтелкенің аузынан бірнеше адамның сусын ішуі сияқты әдеттерді тастан соғылған қалаға келдім екен деп ұмыта қою жоқ. Себебі:
— Жүресінен отыру — орындық жасайтын ағаш ми далада атымен жоқ, сондықтан топыраққа отыра саламыз; он алты жыл бойғы әдет, қаланың шамадары көріне сала жоғалып кетпек емес (ох шешесс, Спиноза боп кеткен жоқпын ба мен нақ, қалай айттым, ә?)
— Дауыстап, айғайлап сөйлеу. Екі қырдың ар жағында отырған Саламатпен мобиламен сөйлесуге әзірмін, бірақ ауылда оператор жоқ нақ! («Лібәйіннің» өкілдері антенна орнатуға келіп, Саламат екеуміздің міскіндерімізді көріп, жақын үшмыңжылдықта антенна құнын ақтамайтынымызды түсініп безіп кеткен ептібайымайдтар! Жусанға сырымызды айтып, біз қала бердік);
— Бір бөтелкенің аузынан ішпеу — бірінші ішкен адамды сыйламағандық, оның денсаулығына, атап айтқанда: Кох таяқшалрының, глист құрттарының жоғына күмәндану, бетіне «ауру» деп айтқанмен бірдей.
Қалалықтар далаға келіңдер ендеше! Ммуах-ха-ха-ха. айыр-күрек ұстағандарыңды көріп, талай бұттан кеткенбіз. Бір пяншік өзінше экзотика іздеп келіп, атқа сол жағынан отырғанда, жапырылып құлағанбыз нақ, ол қылығы притча һәм әфсана бов кетен, нақтың.
Мақанның қай жерде туатынын таңдай алмауымыз себепті, осындай боп дүниеге келе қалдық ал нақ, шауып аламын десеңдер — міне тас!!! "Қалада бүйтпейді ғой!" деп түсіндіріп жіберуге не кедергі(епті, мен Ницшеден бірдеңе соғып отырған жоқпын ба өзі?)?
Біз Сізге — мәмбетпіз, сендер бізге — аққұлақ. Ауылдың барлығына асфальт төселгенше соай бола бермек!(шынымен э, маған бір бұтақбас гуманисттің әруағы қонған бүгін!).



* — айтпақшы дәріханада марганцовка сатпайтын болыпТ нақ, неге екенін қойым біліпТ!
Бөлісу:

50 пікір

satibaldi
alisha
сен ауылдық пен қалалықтың ара-жігін ажыратамын деп отырғанда пілің бір жаққа қашып кетіпті ғой
satibaldi
Ох епті, қазір түзеп қоям…
zhazular
есегіңнің құлағынссс Сатыбалды! Сен менің қас жауымсың текебас (яки, асқабақбас)! Бірақ мына постың ұнады. Бұдан қазаққа пайда бар. Себебі мен де ауылдан шыққам! Ауыл Жасасын!!!
Пікір түзетілген: 28 маусым 2011, 16:02
Abilakim
Газдың педаліндей қысқа ғұмырда жауласпай өтуге болмай ма?
meirzhan
тағы да бөліну ме.
direct
Service Unavailable
HTTP Error 503. The service is unavailable.
Gastarbaiter
Венецияда мәдениетті адамдар терезесін ашып дамбалын қағып-қағып киіп ала береді екен дейді бір досым, пашти туысым.
just19
Мәмбет дегенжаман сөз емес. Мағынасын түсінбегендер көп не десе, соны мыжып айта беред. Мәмбеттің толық ресми анықтамасын бере алғандар, бұтағымды шауып тастаңдар. ктенақ

Әдеби газеттердің бірінде, оқыған зиялы ағамыз жазыкеткен осы сөз туралы.
qisyq
Мамбе́т (казахское искажение арабского Мухаммед) — личное имя, распространённое на территории Центральной Азии, ставшее нарицательным прозвищем казахов — выходцев из сельской местности[источник не указан 63 дня]. Возникло в Казахстане со времён освоения целины с середины ХX века. В казахской литературе нередко встречаются герои с таким именем[источник не указан 90 дней]. Как и многие имена у казахов и соседних народов, имя Мамбет может иметь частично арабские корни, а также применялось в сочетании с именными суффиксами, например, Абулмамбет, Мамбетали.
Сілтеме Едігенің пікірінде.
asaubota
Мамбет, Калкаман сияқты сөздер осындай ұғым пайда бола бастаған кезде ауылдан келе қалған алғашқы адамдардың аттары болған ау деймін. Борх, бархандарға қарағанда осы Мәмбет өміршең болып қалды. өйткені неше түрлі қылып айтуға да ыңғайлы болған сияқты: мамба, мамбич.
omarbirat
Мамбос. Мавр деп түрленіп кеткені де бар.
Gastarbaiter
Калкаман — Колхаман -Колхозник деген сөзден шықты деп ойлаймын.
Beytanis
Қалқаман — қалқалы, яғни қорғаудағы адам. Ақылман ақылды адам деген секілді. Білмесеңдер бекерге былғамасаңдаршы.
Gastarbaiter
Әңгіме Қалқаман деген батырдың есімі жайлы емес, Хертаныс-ау
Beytanis
Бастырбайқар-ау, жоғарыда ол жайлы әңгіме қозғалмаса сиырдың емшегіне жазып отырмысың мынаны

Калкаман — Колхаман -Колхозник деген сөзден шықты деп ойлаймын.
Abilakim
кейде пікірден бөлек жазбаны да оқыған дұрыс.Пікірлерді түсіну үшін өзім жиі істеймін солай
Gastarbaiter
Калкаман деп негізі айтқанды естіген емеспін. Көбіне Калх дейді, Калхаман дейді. Қалқаман -Мамыр эпопеясына да, Қалқаман поселкесіне қатыстырғаннан көрі, Колхозникке қатыстырған қисынға көбірек келеді.
Екіншіден, Қалқаман деген есім, Мәмбет деген есімге қарағанда сирегірек кезігеді. Өз басым ондай есімді адамды кезіктірген емеспін.
Beytanis
Сондай түсінікке байланысты қазір не көп Серік, Ерлан, Ержан, Мараттар қаптап кетті ғой. Бір ғасырдан соң бұл есімдер де приколдың өзегіне айнала ма екен?!..
edige
"Қаскелеңді" Батырдың аты дейді біреулер… Ертеректе жаугершілік кезде екі төбеге жауласушылар жиналыпты… алдында бір атты жігіт ортаға шығып "Қаз келем" деп кетіп қапты… Елдің бәрі «кім ол? кім ол?» деп жатса арасынан «Білмейм, Қаскелең деп айтты ғой» депті… Логикалық түрде сол батыр сол соғыстан аман қалыпты. Сол төбе "Қаскелең" болып қалыпты ...
Gastarbaiter
Көтібар батырдың тарихын айтжвер енді.
gunner
Қаскелең жоңғардың батыры екенін ескерсек,қазақ тілінде сөлемеген болса, ешқандай логикаға келмейтін сияқты ғой))
edige
Жоңғар неге қазақша сойлемеске…
Қазақ орысша сойлеп жүргенде
konvict
Қалқаман жоңғар ма не? Қазақ қашаннан жауының атын жеріне қоятын болған
edige
Ой тәліптер ай ә!!! Енді журейік сол неге олай деп дәлелдеп… Әзілгойнақ…
salta
Қалқаман жоңғар ма не? Қазақ қашаннан жауының атын жеріне қоятын болған — бауырым, қазақтың жерінде талай жоңғар мен қалмақ қырылған, қазақтар солардың өлген жерлерін, соғысқан жерлерін солардың аттарымен атап қалдыра берген. білсін, кімнің қаны ағылғанын қазақтың жерінде деп. Аңырақай да жоңғарлардың аңырап қашқандығынан қалған деп жатады…
Gamk
— "Қаз келем" деп кетіп
қапты… Елдің бәрі «кім ол? кім
ол?» деп жатса арасынан
«Білмейм, Қаскелең деп айтты
ғой» депті…"
_
Осы туралы орысша әнекдөт оқыбем да. «Остафево», «Ипатево» деген қалалардың атының шығу тегі туралы.)))
_
Пост супер! Мен де ауылданмын.
Ereke
Научный конгресс, посвященный происхождению географических названий.
Выступает один ученый:
— У нас под Москвой был такой исторический случай. Петр Первый со свитой остановился в одном селе, и ночью один солдат заснул в карауле. Утром начальник караула спросил царя, как его наказать. Но царь был в хорошем настроении и только сказал: «Оставь его!». С тех пор село называется Астафьево.
Берет слово другой ученый:
— У нас на Ставрополье был очень похожий случай. Только царь на этот раз был не в духе, и солдату повезло меньше. А село с тех пор называется Ипатьево.
saken
Қалқаман Сариннің әндерін тыңдағанды ұнатамын
konvict
Қалқаман Сарин деген кім деп осы жақынға дейін танымай жүрдім
sammita
ол ән жазбайды ғой.
saken
Қалқаман Сариннің өлеңіне жазған әндерді тыңдағанды ұнатамын.
AKY
Қалбит, бархан деген де сөздер бар ед.
Aizhantabyn
ой, ағасы, сіз де майысып, өкпелеп, назданып қала алады екенсіз ау…

Мәселе, ауыл мен қалада емес, тіпті де кілем қағуда емес. Бар болғаны адамдардың жаманға үйір екенінде.

Қалалықтар балконнан кілем қағып, түкіріп, темекі тартпайды дейсіз бе? Әлде, шетінен мәдениетті, зиялы адамдар қаладан шыққан ба?
satibaldi
ой, ағасы, сіз де майысып, өкпелеп, назданып қала алады екенсіз ау…
direct
Жусанға сырымызды айтып, біз қала бердік);
Жеменей)))
Gulistan
Қазір «мәмбет» деген сөз де қолданыстан шығып бара жатқан сияқты.2000-жылдар басында дәуірі өрлеп тұрды ғой…
Abilakim
ДӘріханаларға марганцовка түсті ме екен?
satibaldi
Өкінішке қарай — жоқ.
KILYZAMAN
Мәмбет(бабамыздай)тей болу қолымыздан келе қоярма екен?..
kuniqumar
— Дауыстап, айғайлап сөйлеу
Дауыстап сөйлеу туралыға келіспеймін. Дәлірек айтқанда, қалалықтардың ақырын дауыспен сөйлейтініне.
Неге екенін, орыстар (немесе орыстілділер) бақырып сөйлесе — ол қалыпты жағдай болады да, ал ауылдық қазақтар бақырып сөйлеп тұрса, бірден көзге түсе қалады.
Мысалы, қоғамдық жерлерде қайта, керісінше, көбіне орыстілділер (әсіресе орыстыр!!) бақырып сөйлеп тұрады.
Abilakim
атыңызға келіспесем де пікіріңізге келісемін
kuniqumar
атыма келіспегені несі?
qonyrbai
Атыңыз «кунилингусқа құмар» деген мағынаны береді.
bake
«мәмбет» төңірегіндегі әңгімелер жалықтырды. Ауыл мен қала тұрғындар арасындағы алшақтық азайған жерлерде бар, ауылға барсам коттедж «всеми удобствами» салып тастапты бірнешеулері, кәдімгі қойшылар. Тау бөктерінде бір сағаттай тұрып қалдым, әрі бері өткен джип, жұмыс істей білгендер жемістерін көріп жатыр деп іштей қуанасын. Қалада тұрып мәдинеттері асып кеткенің көрген емеспін лифтке кірсең «кірмегенің артық» деп тұмсығынды жауып кіресің, ауылдан келгендер соны істеп жүрген жоқ. Қайта ауылда жер көп болсада, көрінген жерге зәр сындырғандарын көрген емеспін
saginaeva
Предвзятость ұнамайды, қаланың да мәмбеттерін күнде көремін. Костюм киген, солидный қалалық ағайдың қақырынып темекісін көшеге тастай салып кеткенін көргенде бәрі бірдей емес екенін түсінесің.
bake
Қаланың, даланың мәмбеті болмайды. Бұл адамның есімі Мәмбет. Қазіргі евро-азиялық мәдинет ұстанушылардың шебін бұзып соңында қалған шығар. Ағайда, дяденька, апайка, сэр, қарындасқа да, мэр-де оның ішінде бар. Қай жерде болмасын жақсы немесе жаман деген сөзбен сипатталатын жеке бір бас табылады. Қолында шөлмек, жерге қақырып тұрған біреуіне болсын ескерту жасап көрдің бе? Кез-келген лас подъезге кірсең ең бірінші түйсікке лас тұрғындар келеді, Мәмбет деген адам месімінде шаруаң болмасын. Шала пұшықтар жетеді. Жеңге деген қастерлі сөзді жеңгетай (әйел, еркек!) деп, елге жақын естіткізіп қыздарды жеңіл жүріске тартатын кәсіп иесі етті! langage du droit не екенін біліп алсын ең бірінші. Тілдің көркемділігі және осал жері -екі ойды бір сөзбен жеткізу деген барын оқып біліп пе? Цифрлы техниканы -сандық техника деп оқулықтарға жазып тастады. Мысалы неліктен цифрлы? Оны оқып-қарауға уақыт жоқ, ойыңа келген бірінші ойды жазғанға уақыт ылғи табылады!