Мұқағали Мақатаевтың 80-жылдық мерейтойына орай көркемсурет көрмесі

2011 жылдың 17 маусымда Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80-жылдық мерейтойына орай көркемсурет көрмесінің ашылу салтанаты өткен еді. Көрмені ұйымдастырған Суретшілер Одағының ықпалымен құрылған «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубы болатын.
Ашылу салтанатын жүргізген көрме кураторы Маулен Қалиев жиналған қауым алдында Мұқағали тұлғасына тікелей қатысы бар, және өткізіліп отырған көрмеге қатынасқан кісілерге сөз берген еді. Сөз кезегін алғашқы болып жазушы, ақын және Мұқағалитанушы Оразақын Асқар алған болса, артынша Суретшілер Одағының төрағасы Байтұрсын Есжанұлы Өмірбеков көрмеге байланысты өз тілегін білдіріп жатты. Бақыткүл Мұқағаликеліні де көрменің сыйлы қонағы бола отырып, атасының мерейтойына арнайы ұйымдастырылған шараның ашылуында сөз сөйлеу құрметіне ие болды. Көрмеге қатысушы суретшілердің дені Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің студенттері мен түлектері, әрі аталмыш жоғары оқу орындарының ұстаздары мен Республикаға танымал белді суретшілер болғандықтан, олардың да сөз сөйлеу мүмкіншілігі болды. Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кескіндеме және Мүсін» факультетінің деканы Бауыржан Байділдә мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Көркемсурет және графика» факультеті, «Кескіндеме» кафедрасының меңгерушісі Тоққожа Қожағұлұлы және Өнер академиясының «Кескіндеме және Мүсін» факультетінің ұстазы, Мұқағали портретінің авторы, суретші Жұмақын Қайрамбаев пен «Сәндік — қолданбалы және Дизайн» факультетінің доценті
Әбілқасым Сәрсенбаевтар көрмеге қатысты өз ойларын білдіріп, ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін жолдаған еді. Нарынқолдық суретші Алмас Сырғабаев шығармашылық жолын Мұқағали тақырыбына арнағандықтан, көрмеге қатысуды өз тарапынан міндет санап, ашылу салтанатында ақиық ақынның бір-екі жырларынан үзінді оқып берді.
Бөлісу:

13 пікір

AKY
Уй, айналайын, енбектерин жана берсин!
Arhun
Ашылу салтанатына өнер ағымының не бір шоңдары жиналыпты, пай — пай…
Жарады…
monti
ага, тағы бір қызық болды, Мұқағали Мақатаевты кумир тұтып, өзі қатты фанат суретші Алмас Сырғабаев болды, тіпті оның шығармашаланың көбі М.Мақатаевқа арнап жазылған екен

қазір пост ретінде суреттер іліп отырмын, соның ішінде суретші Алмаста бар
Arhun
Алмасытың суретін іліп болған соң, осында сілтемесін қоясын ғой…
Тамашалайық…
Altygradus
Істерің оңға бассын
KILYZAMAN
Табиғаттың Мұқағали ағамызға арнаған тас мүсіні жайлы дерек(сурет) барма?
Abilakim
Осындағы Табиғат атты ақын жайлы ма әңгіме?
KILYZAMAN
@monti жанау
Табиғаттың Мұқағали ағамызға арнаған тас мүсіні жайлы дерек(сурет) барма?
табылмады ма?
monti
@KILYZAMAN
қилы атай, жеке жауап жаздым
a63a1
ана сурет Мұқағалидан гөрі Ақберен Елгезекке ұқсайды екен