"Ұлы Дала ойындары". Батпаққа бату және өзгелер.
Бүгін таңертең ағам, ағамның шәкірті және мен үшеуміз Жуалыға жол тарттық. Жолға шығуымызға себеп болған "Ұлы Дала ойындарының" финалын көру және ағам сол жерде арнау айтады екен. Сонымен не керек кетіп барамыз. Күйік асуынан аман-есен өттік. Б.Момышұлы ауылынан екі-үш шақырымнан соң солға жол шығады. Ойындар таудың етегінде өтеді екен.
Жаңағы солға бұрылатын жолмен сәл жүрсең алдыңнан темір жол шығады. Өзіміз асығып келе жатқандықтан темір жолдан өтіп кетуге тырыстық. Кенет темір жолдың ортасында машина өздігінен өшіп қалды. Ужс! Бес жүз метр жерде поезд келе жатыр. Мен енді есікті ашып секіруге оқталдым. Машина дөңде тұрып қалды. Не от алмайды, не скоросттан шығарылмайды. Сабырлылық танытқан ағам сцеплениені басып еді, машина өздігінен төмен жүрді. Сосын от алып кетті де поезд жолдан жылдамдата өтіп кеттік. Төрт метр жүрдік пе, жоқ па артымыздан поездің өтіп бара жатқан дауысы естілді. Ағамның ұстазы агентке кіріп мән бермеген екен. Біздің айтқанымызды естіп шошып кетті. Таң қалам, машина қалай өшіп қалды екен? Зырылдап тұр, еш ақауы жоқ еді. Қайта от алмай да қалды ғой темір жолың үстінде. Хехе, мен қашпақ болғанымда бекер екен. Мен отырған арт жағын інім, ағамның баласы бұзып тастапты да, іштен ашылмай қалыпты.
Содан не керек таудың етегіне жеткенше он шақырым бойы осы туралы әңгімелестік. Таудың етегіне тігілген үйлер алыстан мұнартады екен. Жеткенше шаң-шаң болдық. Біз емес, машина. Табиғат деген керемет! Көздің жауын алады. Асан Қайғы айтқандай аттың қанжығасына өңгеріп кетердей-ақ жер екен. Төрт киіз үй тігілген. Осы жерде айта кету керек, әкім келеді деп жеке тіккен үйдің қасындағы шатыр жоңғарлардікі секілді болып қалыпты. Машина ырғын болмаса да, жетерлік. Есесіне ат көп. Әсіресе, көкпаршылар мінген аттар сұлу қыздай маң-маң басады.
Ойын бағдарламасы бойынша «жамбы ату», «теңге ілу», «көкпар», "қыз қуу", «аударыспақ» және «түйе палуандар күресі» болуы тиіс екен. Ең алғаш «жамбы ату» болды. Оны толық көре алмадым. Себебі бізге ең жақын орналасқан таудың төбесіне шығып кетіп едім. Керемет! Ауасы қандай! Қарсы алдыңнан үлкен шың шыққанда айқайлағың келіп кетеді екен. Ары-бері суретке түсіп қайттық.
Екінші аударыспақ болады деп еді. Мен көре алмай қалдым қайда болғанын. Ощм сосын каскадерлер ат үстінде өнер көрсетті. Теңге ілу осыдан кейін болды. Ол уақытта мен киіз үйдің қасында шашлық жеп, теңге ілуді қызықтап отырдым.Уже, әбед уақытысы болып қалып еді.
Сәлден соң қыз қуу басталды. Қыз қуу емес қойылым десе де болады. Түк ұнаған жоқ. Жігіттің аты қыздан озып кетті, бір де. Екінші екеуін бірдей жерден жіберді. Негізі қыз бірінші шабуы керек еді. Және өте қысқа қашықтықта болды. Ощм, бір сөзбен дефолт болды. Түсірілім болғандықтан осылай болған шығар, енді.
Қыз қууды аяқтап, көкпарды бауыздап жатқанда жаурағанымды сөздім. Көкпар басталғанша деп машинаға жлынып алайын деп мінгенім сол еді жаңбыр себелей бастады. Машинада ағам мен шәкірті бар екен. Амалсыз іште тығылып отырдық. Бір кезде жаңбыр құйды дейсің. Шелектеп жауған шығар. Елдердің бәрі машинасына мініп қашып жатты. Біз күтіп отырмыз. Ұйықтап та алдық. Бір кезде ағам Русланға(түсірушы топтың біреуі) қоңырау шалып қайта беретінімізді айтты. Мынадай жаңбырдан соң түсірілім болмайтыны да белгілі еді. Сөйтіп қыдырып-қыдырып қайтып кеттік. Жол батпақ бола бастапты. Егер борпылдақ жер болғңанда батып қалар едік, тастақ жер болып жанымыз қалды. Орта жолға жете берген кезде машина тығылып қалды. Ал, кеп итер! ух, деп шөптің үстіне шығарып үстімізге қарасақ әбден батпақ болыпты. Үйге шаршап, батпақ-батпақ болып келдік сөйтіп. Айтпақшы, ұмытып барамын. Балуандар белдескен жоқ және көкпар да толық болмады. Ағам да арнауын айтпады.
Төменде сол жақта түскен суреттер:
Тауға өрмелеп келеміз. Тау дейге де келмейді екен шыңдардың қасында. Жай ғана төмпешік болып қалды.
Ағамның шәкірті — Нұрлыбек
Тауға шығамын дегенше 10қызға футболға жұмсайтын күшімді жұмсаған шығармын
Түсірушілер
Жамбы
Каскадерлер
Мынандай істеу деген пензес қой.
Суретке түсірушіні суретке түсіру
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Айқайлап шапқым келіп еді, иесі-Оң.Қазақстандық көкпаршы рұқсат бермеді.
Нағыз көкпардың аты мен нағыз қазақтың жігіті
Көкпарды бауыздау
Жаңағы солға бұрылатын жолмен сәл жүрсең алдыңнан темір жол шығады. Өзіміз асығып келе жатқандықтан темір жолдан өтіп кетуге тырыстық. Кенет темір жолдың ортасында машина өздігінен өшіп қалды. Ужс! Бес жүз метр жерде поезд келе жатыр. Мен енді есікті ашып секіруге оқталдым. Машина дөңде тұрып қалды. Не от алмайды, не скоросттан шығарылмайды. Сабырлылық танытқан ағам сцеплениені басып еді, машина өздігінен төмен жүрді. Сосын от алып кетті де поезд жолдан жылдамдата өтіп кеттік. Төрт метр жүрдік пе, жоқ па артымыздан поездің өтіп бара жатқан дауысы естілді. Ағамның ұстазы агентке кіріп мән бермеген екен. Біздің айтқанымызды естіп шошып кетті. Таң қалам, машина қалай өшіп қалды екен? Зырылдап тұр, еш ақауы жоқ еді. Қайта от алмай да қалды ғой темір жолың үстінде. Хехе, мен қашпақ болғанымда бекер екен. Мен отырған арт жағын інім, ағамның баласы бұзып тастапты да, іштен ашылмай қалыпты.
Содан не керек таудың етегіне жеткенше он шақырым бойы осы туралы әңгімелестік. Таудың етегіне тігілген үйлер алыстан мұнартады екен. Жеткенше шаң-шаң болдық. Біз емес, машина. Табиғат деген керемет! Көздің жауын алады. Асан Қайғы айтқандай аттың қанжығасына өңгеріп кетердей-ақ жер екен. Төрт киіз үй тігілген. Осы жерде айта кету керек, әкім келеді деп жеке тіккен үйдің қасындағы шатыр жоңғарлардікі секілді болып қалыпты. Машина ырғын болмаса да, жетерлік. Есесіне ат көп. Әсіресе, көкпаршылар мінген аттар сұлу қыздай маң-маң басады.
Ойын бағдарламасы бойынша «жамбы ату», «теңге ілу», «көкпар», "қыз қуу", «аударыспақ» және «түйе палуандар күресі» болуы тиіс екен. Ең алғаш «жамбы ату» болды. Оны толық көре алмадым. Себебі бізге ең жақын орналасқан таудың төбесіне шығып кетіп едім. Керемет! Ауасы қандай! Қарсы алдыңнан үлкен шың шыққанда айқайлағың келіп кетеді екен. Ары-бері суретке түсіп қайттық.
Екінші аударыспақ болады деп еді. Мен көре алмай қалдым қайда болғанын. Ощм сосын каскадерлер ат үстінде өнер көрсетті. Теңге ілу осыдан кейін болды. Ол уақытта мен киіз үйдің қасында шашлық жеп, теңге ілуді қызықтап отырдым.
Сәлден соң қыз қуу басталды. Қыз қуу емес қойылым десе де болады. Түк ұнаған жоқ. Жігіттің аты қыздан озып кетті, бір де. Екінші екеуін бірдей жерден жіберді. Негізі қыз бірінші шабуы керек еді. Және өте қысқа қашықтықта болды. Ощм, бір сөзбен дефолт болды. Түсірілім болғандықтан осылай болған шығар, енді.
Қыз қууды аяқтап, көкпарды бауыздап жатқанда жаурағанымды сөздім. Көкпар басталғанша деп машинаға жлынып алайын деп мінгенім сол еді жаңбыр себелей бастады. Машинада ағам мен шәкірті бар екен. Амалсыз іште тығылып отырдық. Бір кезде жаңбыр құйды дейсің. Шелектеп жауған шығар. Елдердің бәрі машинасына мініп қашып жатты. Біз күтіп отырмыз. Ұйықтап та алдық. Бір кезде ағам Русланға(түсірушы топтың біреуі) қоңырау шалып қайта беретінімізді айтты. Мынадай жаңбырдан соң түсірілім болмайтыны да белгілі еді. Сөйтіп қыдырып-қыдырып қайтып кеттік. Жол батпақ бола бастапты. Егер борпылдақ жер болғңанда батып қалар едік, тастақ жер болып жанымыз қалды. Орта жолға жете берген кезде машина тығылып қалды. Ал, кеп итер! ух, деп шөптің үстіне шығарып үстімізге қарасақ әбден батпақ болыпты. Үйге шаршап, батпақ-батпақ болып келдік сөйтіп. Айтпақшы, ұмытып барамын. Балуандар белдескен жоқ және көкпар да толық болмады. Ағам да арнауын айтпады.
Төменде сол жақта түскен суреттер:
Тауға өрмелеп келеміз. Тау дейге де келмейді екен шыңдардың қасында. Жай ғана төмпешік болып қалды.
Ағамның шәкірті — Нұрлыбек
Тауға шығамын дегенше 10
Түсірушілер
Жамбы
Каскадерлер
Мынандай істеу деген пензес қой.
Суретке түсірушіні суретке түсіру
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Айқайлап шапқым келіп еді, иесі-Оң.Қазақстандық көкпаршы рұқсат бермеді.
Нағыз көкпардың аты мен нағыз қазақтың жігіті
Көкпарды бауыздау
Суреттер күЧт, тек түстері аса қанық емес сияқты ма
Осы дұрыс, кішірейтіп ілгенің
жо мен онысына емес суреттің түсіне айтқаным еді, ақ түс тым көп екен суреттерде, ол кішірейткеннен болмайт, фотиктен болу керек. Автомат режиммен түсіргенсің ғой дейм
«көкпар» атанған дейді.»
_
Мен бұл арада шығу тарихын айтқаным жоқ.
әңгіме қызықты шықты… ішінде кішкене триллері, экшендері бар екен
Құлап бара жатып істеп үлгеруге болады екен.
Теңге алуды жайлауда жүріп жуас аттармен үйренген едім. Ағам қатысып жүретін болған соң қызыққанмын.Бірақ мені қатыстырмай қойды 9-10 оқитын кездерімде. «Ағасымен жарысып жүр» деген сөзге қаласың деп