Түс көрдім мен...

"Ұйықтаса, өңі екен" © Сатыбалды

«Түсімде сен, батырым...» — деееп қуып кетсең, ә))) Ондай форматтағы түстер көзден бұл-бұл ұшқаны қашан…
Бүгін түсімде биология мен географиядан сабаққа дайын болмағандықтан, мектепке барудан бас тартып жатыр екем…
Түсімде мектепті жиі көрем… Негізінен мазмұндары бір-біріне ұқсас келеді: ылғи не тарихтан, немесе географиядан үй тапсырмасын оқымаған болып шығамын. «Сабақ сұрамаса екен» деп, ыңғайсызданып, бұғып отырғандағы жағымсыз сезім… Әсіресе, өңінде өмірі сабаққа дайындықсыз барып көрмеген адам үшін өте жағымсыз…
Психологтар (проктологтар емес!) адамдардың мұндай түс көруін өз-өзіне сенімсіздігінен, немесе ойға алған нәрсесін жүзеге асыра алмай, өзіне көңілі толмай жүргендігімен түсіндіреді. Түсіңде мұғалім алдында қызару, емтиханда бір де бір сұрақты жауабын білмеу — осының бәрі адамның жеке өмірде болсын, қызметте болсын өз-өзіңе қанағаттанбаудан туындайтын дүниелер дейді.
Апдейт: Ал сендер қандай түстер көресіңдер?
Бөлісу:

158 пікір

satibaldi
Ал сендер осындай түстер көресіңдер ме?
Немене, біздер тоқалдан туыппыз ба, әлде @patick екеуміз мешіт тұрған көшеде мысық зорлап, қарабет болыппыз ба?
AKY
Әчө, сен де өз-өзіңе недовольный боп жүрсің бе?
satibaldi
Немене, сенің түс жоруың абсолют пе не? Бақытта шалқып жүргенде де көре береміз жағырапия мұғалімін. Психологияның еш қатысы жоқ: сондай бір есте қаларлық қылығы бар ептібайымайд жан еді.
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 00:07
AKY
 Шиқан, жоғалш
AKY
Мақұл, өзгерттім:
Ал сендер қандай түстер көресіңдер?
Altygradus
хихи мен біртүрлі экшн түстер көремін, атыс-шабыс. Немесе «сипион» боп жүремін
сосын бұрынғы балалық шағым өткен үйді көремін көбіне
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 00:02
blackbeard
Өткенде маған айтып бергенің сияқты ма?
AKY
))) Экшннан көргенім, өткендегі айтқан немістермен соғыс. Онда да тұтқынға түсіп қалдым
satibaldi
Батыс Украинада немістерге тұтқынға түсу туралы түс көрген сонша таңсық емес…
Altygradus
уууф өлтіресің адамды ішім ай
19852407
шаршап жүрген болдың сен, миыңды тынықтырсаш
satibaldi
хихи мен біртүрлі экшн түстер көремін, атыс-шабыс.
Бекмамбетов:"Қандай бақытты жан...".
19852407
"Өзің бұрын тұрған ауылды, үйді көрсең, қанжылы суға үш қасық тұз салып былғап, ашық терезеден артыңа қарамастан, иығыңнан асыра төгіп тастау керек екен-мыс"
konvict
Түс деп қайдағыны еске түсіріп…
aknietzhir
Негізі түсіңде көргенің, өңіңде керісінше болады гой!!!
satibaldi
Оныңыз рас. Түсімде апаттан тірі қалыппын. Оянсам — осында отыр екенмін, өлген емей немене!
AKY
 "Ұйықтасам, өңім екен" деш.
satibaldi
Қоймадың ғой, тегтегі даблениең қайда кетті нақ?
19852407
Түс — Алланың берген аяны
Gastarbaiter
Түс — Алланың берген аяны
Менің түстерімнің мазмұны кейде шайтанның берген аянына ұқсайды.
nurjanbay

кез келген нәрсенің ақ-қарасы бар. түстің де жақсы-жаманы болады. жақсы түстер илаһи деп аталады. илаһи түстер көрген адам қуанышты болып оянады. жаман түстер әрине шайтаннан болады. сол себепті шайтани түс деп аталады. шайтани түске қорқынышты түстер мен ххх түстер жатады. мұндай түстерден адам шошып оянады. әрі шаршап, ұйқысы қанбайды.
Пікір түзетілген: 14 шілде 2011, 11:19
Gastarbaiter
ххх түстер жатады. мұндай түстерден адам шошып оянады. әрі шаршап, ұйқысы қанбайды.
Қойшей, мен кейде бойыма қуат біткендей рахаттанып тұрамын.
nurjanbay
ұйықтар алдындағы «жайлы жатып дымқыл тұр» деген тілекті білуші ме едің?
meirzhan
Мүмкін мектеп партасына бір күнге болсын оралып, күчтілеп тұрып география мен биологиядан сабақ айтып беру керек шығар.
meirzhan
Ал мен біреудің тойында экспромтом сөздермен ән айтып жүр екенмін. Қазақша.
19852407
тойда жүрсең жақсы екен))
жақсылыққа
satibaldi
«Азия қызы қайда? Маған ешкім айтпайд, мен барлығын атад»
Erkekyz
Мен түс дегенді көп көремін. Сосын инетті қосып алып, жорып отырамын. Бұрын Алтыградус сияқты экшн түстер көретін едім, қазір оны қойып қай-қайдағы өрмекші, бақа, шегіртке т.с.с. түстер көретін болыппын. Ал мектеп туралы көретін кездер де болды.Мектепте ылғи қысылып жүреді екенмін. Фу түнде түс айтпайды деуші еді ырымыбарболғыр.)
satibaldi
Фу түнде түс айтпайды деуші еді ырымыбарболғыр
Біттің. Қош бол, біраз дәмдес болып едік, жазмышқа не шара енді…
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 00:41
Erkekyz
пешенедегіні көреміз
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 01:09
19852407
түсінде мектеп, пряник көрсең, өсекке.
Очым, сені біреулер өсектевжатырғаны-мыс
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 13:54
bazuka
түсімді тұрған кезде ұмытып қалам, сондықтан не көретінімді білмим))))))))
19852407
ең құрығанда күніне бір стакан гранатовый сок ішіп тұру керек. Сонда көрген түсіңді де ұмытпайсың, есте сақтау қабілетің де  бомақ.
Аяни түстер болады, оларды ұмытпай, дұрысына жорыған жақсы ғой
bazuka
ааа жоға маған сол ұмытып қалатыным ұнайды)))
guljainat
Неге екенін мектеп туске жиі енеді, он бір жыл бойы қабырғасын қақыратқанмыз аздай…
a63a1
Керекинфода "-" кіріп кетіп өкіріп жылап отырм. Сөйтсем қара терге түсіп страшны түс көріп жатыр екем.
Dzhuli
Түсімде әрқашан жардан құлап жатамын, өліп қалдым деп ойлады екенмін. Содан кейін жаным тұрып, денеме қарап тұрған сияқты болады… бррр! апам, ұзақ жасайсың деп болжайды, тіпті қорқатын болдым… түсімде өле беремін — өңімде Дункан Маклауд болып кетпесем болғаны…
satibaldi
. Содан кейін жаным тұрып, денеме қарап тұрған сияқты болады…
Начиталась Қойшыбек Мүбәрак.
Dzhuli
Қадір түні болған кезде, молдалардың хадистерін қатты беріліп тыңдайтынмын… содан болар. Адамның ойына келмейтін бір сюжеттер түсімде орын табады…
Zhan
Начиталась Қойшыбек Мүбәрак.
VKM
Мен түсімде ылғи ұшып жүремін, шынымен осындай түс жиі кіреді. Не судан шығып, аппақ құмға қыздырынып жатамын.
satibaldi
SCAD авиакомпаниясының стюардессасы боласың, жолаушыларға ұшақ мұхитқа құлап бара жатқанда қалай жалбарыну керектігін көрсетесің
VKM
 айтқаныңыз келсін. Тек «ЭйрАстана»ны маған қимағаныңыз қиналтады
satibaldi
Эйр Ацсотононың ұшақтары әзір құлай қоймайтын сияқты, Нұрлан Өнербаевпен бірге көз жұму перспективасы әзірге жоқ саған
Beytanis
Түсі қап-қара, таш қара әзіл!
VKM
мен соған біршама жақындағанымды айтып, мақтанғым келіп кетті.
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 14:26
saken

дұрысы Scat авиакомпаниясы шығар деп топшылап отырғаным. Бірақ олардың мұхит үстімен ұшатын ұшақтары/рейстері бар ма екен, ә? )))
satibaldi
Жарайды — теңіз, көл, көлшік; нәтиже, нәтиже бір ғой!
Zilola
хе-хе, нормы олардың самолеті, зато билеті арзан!
Altygradus
хе-хе, нормы олардың самолеті, зато билеті арзан!
иә бәрі Эйр басПилот, экипажды ауыстырғандарына ыңғайлы.
Эйр Астанадағылар естері шығады, біреулерінде Боингке лицензия болса, бірінде ЭйрБасқа, жедел түрде пилот, экипажды ауыстыру қажет болғанда әбігерлері көп.
Zilola
SCAD авиакомпаниясының
бұл сөзіңізбен менің SCAD деген расчетная программамды балағаттадыңыз!!!
Beytanis
Талап арыз жазасыз ба?
Zilola
біреудің соңына прожектор алып түсу тәрбиеме жат нәрсе, деееееееп мақтанып кетсем иә
Beytanis
Арқаңыздан қағып, қолыңызды қысып тұрып «жыртыс, жыртыс» десем өкпелемессіз.
satibaldi
Кешірім сұраймын… Айтпақшы KAZGOR — жалпыұлттық қазына, кілтін — студияға!!!
Zilola
Сана-ны қойып, Скад-қа көштіңіз бе?
satibaldi
Иә...
Zilola
жеке менің жұмыс компотырымда тек лицензияланған прогалар ғана орнатылған, одан басқасына рұқсат жоқ
сондықтан ештеңемен көмектесе алмаймын
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 14:36
satibaldi
Сорлы шалдар Брадистің кестесін көз майын тамызып жазад-жазад та… біреулер оны сканерлеп базаға салып сата салад! Неткен… неткен, а!!!
Zilola
Пифагор мен Брадистің кестесінде шаруам жоқ, жалпы бағдарламаның қара базарда сатылуы жайлы жазып отырмын көкесі.
Zhan
SCAD авиакомпаниясының стюардессасы боласың, жолаушыларға ұшақ мұхитқа құлап бара жатқанда қалай жалбарыну керектігін көрсетесің-------------- Мәссаған, осы керекшілер бір күні менің ішегімді қатырып өлтіреді.
19852407
өмірде нақ везучийлардың қатарынан емессің бе?!
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 16:23
Beytanis
Бір білгіштер «адам түсінде ояу кезінде тындыра алмаған, армандаған, қорыққан, т.т. заттарын көреді-міс» деп ғылыми лағыман тұжырым айтқаны бар еді…
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 14:11
Zilola
Мазар көп көремін.
Aizhantabyn
мен түсімде су бетімен жүре алам, ауада ұшып жүре алам)))
ең қызығы, түсім екенін жақсы ажыратам.
Кеше түсімде керемет бір мақұлықтарды көрдім, полу адам, полу басқа ғаламшардықтар.
Содан, түсімде ойлап қоям: «Тұрған соң аттарын жазып қою керек екен. Әдемі және ерекше екен өздері».
Zilola
Әбілет әнд Жәбілет емес пе аттары
(кешірім өтінемін, Сатыбалдыға тиісіп отыр едім негізі)
Aizhantabyn
жоқ, бұрын соңды естімеген есімдер еді)))

З.Ы: Как будто Әбілет пен Жәбілет дегенді естігендей)))))))
Altygradus
Әбілет әнд Жәбілет емес пе аттары
қандай приколдан құр қалғанбыз
Zilola
Қалдықыз да прикол жаза алады екен деси
Zhan
Әбілет әнд Жәбілет емес пе аттары — естімеген елде көп
19852407
«Тұрған соң аттарын жазып қою керек екен. Әдемі және ерекше екен өздері».
Пысық қыз, танысып та үлгердің бе
Aizhantabyn
хехе, үлгергем… ))))))))))
satibaldi
мен түсімде су бетімен жүре алам, ауада ұшып жүре алам
Етбетіңізден жатып ұйықтайсыз.
Aizhantabyn
менің ағам бәрін біледі, иә, аға?)))
patick
Менде бір күшшшті, сондай күшшшті ұсыныс бар. Давайте бәріміз, бә-ә-ә-әріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап дос болайық
meirzhan
«Начало» дағыдай бір түсті онлайн қылып бәріміз көрейік деп айтады ма десем.
Gastarbaiter
Археолог, білә!
Пікір түзетілген: 14 шілде 2011, 09:22
AKY
Түсімде «Атамекен» (Р.Рымбаева айтатын ще) әнін бастан-аяқ әдемілеп айтып шықтым. Өзіме ұнады дачы.
meirzhan
Подсознаниелік талғамың жақсы екен.
Ал мен Пол Маккартнимен гитара ойнап жүрмін. ұмыт қалдым қай ән екенін. «Girl» ғой деймін қателеспесем.
satibaldi
Халыққа ұнамады бірақ, сол түсіңіздегі концертіңізге барғаныма әлі опық жеймін бұ күндері.
AKY
Сені біреу сүйреп апарып па еді?
Zere
Мен бүгін түсімде алдында @Esmiralda жасаған кимпапқа қосатын заттарды дүкеннен іздеп жүрмін. Ақыры дүкен аралап жүр екенмін, кимпаптың заттарын ала кетейін деп ))
AKY
 қызық екен)
Сірә, шығармашылық ізденіс үстінде жүрсің-ау деп жорып қояйын))
nurjanbay
мен түсімде шіріген адамның мәйітін жеп жатқан адамдарды көрдім. жиіркенішті. ішшә.
meirzhan
1931-33 ж.ж. аштық туралы әдеби кітап оқыған жоқсыз ба?
nurjanbay
өсек айту қайтыс болған бауырыңның етін жегенмен бірдей дейді ғой. мүмкін мен өсек айтқан шығармын.
meirzhan
 Аузыңыңзға скотч онда.
Пікір түзетілген: 19 тамыз 2011, 15:31
AKY
Түсімде тәлібтер жаулап алыпты. Газельдің сыртынан оқ атып, тарс-тұрс. Терезесін сындырып автоматпен бәрімізді қырып тастайын деп жатқанда оянып кеттім
satibaldi
Жақында Кабулға жол түсед.
AKY
Жалпы, соңғы кезде тәлібтерді көп ойлап кеттім-ау дейм.
satibaldi
Сабақ жоспарыңды ойласаң нетті.
Zhan
Түсімде тәлібтер жаулап алыпты. Газельдің сыртынан оқ атып, тарс-тұрс. Терезесін сындырып автоматпен бәрімізді қырып тастайын деп жатқанда оянып кеттім АКҮ. Жақында Кабулға жол түсед. satibaldі — Не деген түс және оны не деген жорушылық
19852407
жауларың дер кезінде нокаутпен кеткен екен
edige
Ұйқтар алдында құлап бара жатқандай түс көремін. Таң алдындағы будильник шырылдағаны да тура келетініне таңым бар. Ішетін кезде өмірі суға жете алмай оянатынмын. Қазір есте қалмайды…
satibaldi
Ішетін кезде өмірі суға жете алмай оянатынмын
Ұйықтап жатып та тартжіверетін неткен абзал жан болдың сен?
edige
Сушняк ұрған кездегі ол… Әрбір стакан ұстағандарға стандартты түс
satibaldi
Мен түсімде 11 қыркүйек оқиғаларын көрдім. Екінші ұшақ соғылған кезде шошып ояндым. Лібә, National Geographic қосылып қалған екен де, сонда дүкіментальді пильм бов жатыр екен. Обама маған қарап айтад: «Енді тыныш ұйықауыңа болады, бин Ладенді өлтірдік» дейд. Шешесстің тивиі.
balzaminka
Соңғы уақытта үйлер көп көріп кеттім. Иесі жоқ үйлер екен дим, бірақ состояниелері өте жақсы
satibaldi
БТИ-дегі өмірі орнында отырмайтын бас маман боласың.
balzaminka
еее, бастықты да қимайды екенсіз
Abilakim
Бас маманның несі жаман, оның үстіне БТИ-да
balzaminka
БТИда бас маман болғаннан асқан қиын жұмыс жоқ шығар
19852407
состояниелері өте жақсы
өңіңдегі жоспарыңда иеленіп алайын деген арам ойың бар ма еді? :-)
AKY
Бүгін түсімде қараңғыда су ішіп жатыр екем. Тамағыма бірдеңе тұрып қалды, жөтеліп, түкіріп қалсам: тарақан. Есшо тірі
balzaminka
түстен кейін түс айтпайды, тем более мынадай страшилкаларды
AKY
есіме түсіп кетті, брр(((
sammita
кешегіден кейін түс көрсең мықты екенсің.
AKY
содан сияқТ, ужастик көргенім. стресс қой қанша дегенмен.
balzaminka
негізі біздің қызды құртып жүрсің ше, бір Барбароссаң бар ғо дим
sammita
үндеме, бүгін 2-бөлімі
Aizhantabyn
сары ламборгини көрдім)) Фотоға өліп талып түсіріп жатыр екем. Бір досымның көлігі. Сосын ол байғұс оны қызылға бояп алыпты. Мен айтам, сен жындысың, қызыдға бояй ме екен ламборгиниді деп)) шетелде жүрмін и бір бутикте бір аяқ киім көрдім, под наш флаг жасалған екен. Какой то супербрэндовый дүкен. Соны түсіріп алайын деп рұқсат алып, енді түсірейін десем екі щегол қазақтың баласы тартып алды (ну где то 20 шамасында), біреуінің арқасына бір беріп, осы қазақтар десең осы, ылғи бір жамандық жасап қалады деп ашуланып жатқам))))))) Түс емес, комедия тұрғанымен)))
19852407
аяқ киім көрдім
Айзека, ұзатылайын деп өкшең көтеріліп тұр екен. Шын айтам, айтпад деме…

Тойға барамыз 778-іміз
sammita
бүгін түсімде Баян Есентаева аяғыма скраб жағып массаж жасап отыр
19852407
Неткен бақыттысың, педикюрді Б.Есентаеваға жасататын
Иншаллаһ, абройың өседі, бұйыртсын!

Пы.Сы: Вощым, алдыңнан жарылқасын, шоу бизнесстің жарқын жұлдызы болайын деп тұрсың
Ерлан Оспанның кітабын шығарып, жұлдызын жағып, менеджері н/е продюсері болып кетесің бе деген қауіп те жоқ емес осы жердегі бір топ ақында
araika
түсімде кеше ғана админнің жаңартуынан соң жасалған рейтинг бойынша 0,00 балмен коммент жазуға да мүмкіндігім болмай жатыр екен. Қызық, өңімде ойласамшы осыны
AKY
Түсімде тағы террор… Бүкіләлемдік жарылыс… Тек қана Канада қалыпты…
Қалай басталды дейсіңдер ме? Ұзыннан ұзақ созылған пойыздар, 1-ші вагоннан бастап жарылды, и әрі қарай тізбектеліп кете берді…
Біреу мені өлтірмекші болып қуып жүр артымнан, кейпі аздап Нұрғисаға келеді
19852407
кейпі аздап Нұрғисаға келеді

Ұстатпай қашып үлгірдің бе, жох па соны айтшы
AKY
Бір тептім
19852407
Пысық, жан тәтті ә?! Ұзақ өмір сүретінің белгілі боп қалды
Abilakim
Түсімде бәріміз ішіп отырмыз
AKY
Мен де???
Abilakim
сенсіз бола ма, езуіңде темекі бар еще
sammita
кейпі аздап Нұрғисаға келеді
мһһа, мһһа пойыздан қалып кетесің дедддім
salta
ал мен түсімде, бір жолдас жігіттің папасының ауырғанын, оның қарындасын, апасын көрдім, бірақ оларды өмірде көрмеген едім. папасы қайтқан кезде көңіл айтуға барғана, апасы мен қарындасын көргенде таң қалдым. түсімде көрген адамдар екен. ал, папасының ракпен ауырғанын ешкімге айтпаған болатын. мен түсімді айтсам, папам қазір нашарлап жатыр деді. бұған не дейсіздер? көріпкел шығармын   жақсы түстер де көремін, если шо абрашайтеззз
Abilakim
көріпкелсің бе, барыпкелсің бе білмеймін, ондай түстер жиі кездеседі адамдарда
salta
ал мөп-мөлдір көл көрсең, оған суға түсіп жүрген аққұлақтарды көрсең не болады а?
a63a1
ол дежавю деп аталады
19852407
Күнде түс көріп жүрмін соңғы кездері. Ылғи таңертеңгілік көрем де, будильник шырылдағанда, есте түк қалмай, бәрі наққа кетеді. Жалпы алда не болатынын түсімде көріп, аздап жорып алатыным бар

Бүгінгі түсім аздап есімде қалыпты. Бір дачаға барыппыз. Үй алдынан алма үзіп жеп тұрмыз, кислинкасы бар көк алма екен деймін. Бір уақытта коллегам келді інісі екеуі, қолдарында, қапшықтарында қып-қызыл, үлкен апорт алма. Күтірлетіп күстіртіп жеп отыр, «Біздікі ащылау, сіздердікі ше?» десем, «Жоға, тәп-тәтті. Әдейі алма теруге келдік» деп қояды бір жақты қолымен нұсқап.

Әнеугүні жарымес әйел келіп, жұмыс орнымызды жармақшы болған, террористтеріңдісс. Күзетшілердің асығыс қабылдаған шешімінің салдары менің қызметіме аздап залалын тидірген-тін. Сол кішкентай қиыншылықтарға байланысты «кислинка» шығар деп ойладым да ойша, іле-шала наққа жібердім  
Түс қорғасын секілді балқып тұрады, қалай жорисың солай болады. Ұмытпағайсыздар
AKY
Очым өміріңе онша көңілің толмай жүр-ау… Жұртта бәрі жақсы, менде чета не то деген сияқты подсознаниең деееп психоанализ жасавжверсем, мммуааахахахахахаххаахха)))))))))))
Delhi
Кеше ресторанды ашыппыз, бүгін хабарландыру ілуге кетті @VKM, өзі жақсы қыз екен, бірдене керек десе мен алып келемін ғой деп машинасына мініп алып жоқ болады. Арада бір апашка жүр кім екенін біле алмадым, жаман айқайлайды екен. Ана столдарды орнына қой деп еді Ресторанның бастығы Гастаның өзі де жүгіріп кетті. Басқа тағы 3 жас қыз жүр екен, формалары қызық. бастықтың ойына келгені дид.))) Өзімде түсінбедім. Оны Гастадан сұрау керек. Ал мен, мен өлең айтып тұрмын. Бір адам келіп ақша беріп жатыр екен, мен алмаймын дим, ана бір апашка «ал, ал» деп көзін бақырайтып, тууууф, қара терге түсіп оянып кеттім. Ішінде Аршат ағайда жүр еді оның нестеп жүргенін ұмытып қаппын
asaubota
мен Назгүлмен алма теріп жүрдім
Erkekyz
Мен кеше керекинфодан «тоқалдыққа қалай қарайсыз?» деген тақырыпты оқып кеткем ғой, түсімде үлкен ағам тоқал алып, ұлан асыр той жасап жатыр екен. Енді өте үлкен той, бәрі венский вальс билеп жүр. Мен билейін десем аяқ-киімімен ұялып, қашып жүрмін. Аяқ-киімім үйге киіп жүргем домашкам екен)).
19852407
мммм, Еркеқыз той көйлегіңді дайындайын-дайындайын дегеніңмен, екінші жартыңа әсте көңілің толмай жүр-ау… ))
AKY
Бүгін түсімде мен бір топқа экономикадан (!) сабақ беруге келіппін, оның үстіне кешігіп. Қолымда не дәрістер конспектісі жоқ, тіпті ешқандай материал жоқ, да и вообще мен экономист емеспін ғой! Студенттер көздері бағжиып менен сабақ күтуде. Сасқанымнан «коллоквиум» дедім. Студенттік шақтан қалған экономика терминдерін есіме түсіріп, бірінші студенттен «сұраныс пен ұсыныс туралы айтып бер» деп жеп тұрмын…
a63a1
стробоскоппен журм мен түсімде, ГАИ дің сопровождениесімен
19852407
Қызметің өседі, дайындала бер, жуасың!
a63a1
ужы өсіп қойды))) тағыда өсетін шығар
AKY
 жуу жоғынан ба не?
a63a1
қызмет жағынан
19852407
шығар бері қарай