Көңілді суреттер

Мына суреттерді Көкшетаудың мекемелерінен көріп көңілімді көтердім(көтердім бе????)


Барлығы түсінікті, бірақ ана «ПС» дегенді түсінбей отырмын)))



Ыыыы… Адам деген, бала болсын, ересек болсын, сусын ішуші еді, сұйықтық деп нені меңзеп тұр, исажарболғыр?!!!

Және: бас миы дегенін түсіндім, сонда басқа да мидың, мысалы, кө… миы да болады ма? Мына плакатты салушы да сондай миға кенде емес деген ой келеді.
Бөлісу:

19 пікір

omarbirat
Орыстар ми мен жұлынды головной мозг, спинной мозг деп бөледі ғой. Соны қазақшалаған түрлері
Aizhantabyn
сұйықтық жидкость қой. Тура аударма. Сусын десе напиток боп кетеді ғой))))))))))))))))))))))))))))
Ottegin
Қазақша сұйықтық ішу дегеннің дұрыс емес екенін сезіп тұрмын
Aizhantabyn
сұйықтық қабылдау десе «чуть лучше» болар еді)))))
Zilola
ана бұзылыстар сөзі де дұрыс емес деп ойлаймын, құлаққа томпақтау екен ))))))
Aizhantabyn
бұзылыстар расстройства деген ғой))))))))))))))))))))) орысшаға аударсаң бәрі де дұрыс))))
Zilola
мен тым қазақпын, или тым қазақша білмейтін қазақпын ))
уопшым мына сөз маған дұрыс жасалмаған сияқты, төрелігін Саммита айтсын
Aizhantabyn
пс деген пейсенбі шығар)))))))
satibaldi
Құлақтан ағып кетті нақ барлығы )))))))))
Ottegin
Мына плакатты аударған адамның миы бұзылысқа ұшыраған
imanigul
хехе))))))(( мен де пейсенбі шығар дегім келген)))) Осындайларды көрсем, менің қаным қараяды.
imanigul
хехе))))))(( мен де пейсенбі шығар дегім келген)))) Осындайларды көрсем, менің қаным қараяды… Меніңше, сұйықтық нәрсе дегенде тұрған ештеңе жоқ сияқты. Мысалы, бізде ауырған адамға «сұйықтық көп ішу керек» деп айтып жатады, яғни бұл су, сорпа, шай т.б. көп ішу керек деген.
Serzha
арақ-шарап, сыра
just19
Тіл ортақ болғанымен, моральный диалект жүйкеге тиеді!
chimaq
ylghai qate jazyp juertin mening ozim kulip jiberdim go..
nurjanbay
Орысша-қазақша араластырып жазған екен:
ФИРМАЛЫҚ ДҮКЕН
ОМСКИЙ БЕКОН
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
РЕЖИМ РАБОТЫ

ДС
CC
СР
ПС
ЖМ
СН
ЖК

ҮЗІЛІС СЫЗ
ДЕМАЛЫС СЫЗ
Janasil
ия! Біз қос тілдіміз!!! Енді ағылшынды ендіріп алайық.
Arhun
Өтеген, сен сол қателік тұралы ескерітіп, айтып көрмедіңбе…
omarbirat
Анау жұмыс кестесінің аудармасын телефон арқылы жасатып алған болса керек. Трубкадан БС дегенді дұрыс естімей, ПС деп жазып алған. Ал «без» деген сөз қалай аударылады деп, ешқандай контекссіз өзін ғана аудартып алғанға ұқсайды бөлек жазғанына қарағанда. Бұрынғы жұмыста сондай кіленттер ызбандап зайып алды шығаратын. Қазақшадан мүлде қақпайды, «айтып беріңізші, жазып алайық» деп қояды тағы, қазақша бизнесс бір түсініп қоятындай
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 19:51