"Қатыным біреумен сүйісіп тұр екен"

Кейде телеарна алдында отырып қарадай қарап күйесің. «Әзілқой», «халықты қыран топан қылатын» бағдарламалар бар ғой… Иә. Бірақ солар әзілдерді қайдан алатынына миым жетпей-ақ қойды… Аспаннан алған дейін десем, брэйк билейтін әже мен қыздарға қырындап жүрген қарттың, әйелінен қорқатын еркек пен күйеуінің көзіне шөп салып жүрген әйелдің аспанға не қатысы бар? Әйтеуір бізге, көрерменге ұсынылған өнімдерден ұғатынымыз, «ұнамаса көрмеге» жүгінуіміз керек боп тұр. Олай болмаған күнде, бір сықыр сүйек ербеңдеп билесе шегіміз қатқанша күлуіміз керек екен. Бір көксоққан қатынынан қорқып бұтына жіберіп қойса да, бұратылып күлкіден жатып қалуыңыз керек. Дым күлкілі емес. Дым өтпейді.Өткенде бір «Тематик шоу» деген хабарды қарап отырсам мынандай әзіл айтады.
— Кеше үйге келсем әйелім біреумен сүйісіп тұр екен.
Қасындағы екінші әзілкеш-сымақ
— мәссаған – дей беріп еді, анау:
— оны қойшы, ең бастысы тамақ істемеген ғой -деп «қыран топан қылды»
Қазақтардың әзілінің сиқы осы.
Бөлісу:

4 пікір

Agatay
Менің де нервыма жаман тиед. Нестерімді білмей қалам
just19
М. Мақатаев.

Тоқта, ботам!
Атаң келеді артыңда!
Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға.
Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын
Айырбастап ала алмай жүр алтынға.
Тоқта, ботам!
Атаң келеді артыңда!
Жүзе жүріп, жүз құбылған сағымда,
Жастық дейтін көктеменің шағында,
Өскен едік сенің анаң екеуміз
Осы қарттың мәпелеген бағында.
Қарттың бағын жайлайтынбыз иен тегін,
Тыңдайтынбыз алуан-алуан ертегін.
Жинап алып жүрер еді жарықтық
Күллі ауылдың елтеңі мен селтеңін.
Ей, болашақ!
Қарт келеді зиялы,
Кейімесін ата-қыран ұялы.
Сен сыйласаң, сәби шақтың бір сәтін,
Атаң саған ұзақ өмірін қияды.
Ақылына айырбаста күлкіңді,
Қайтесің сол күлкі дейтін шіркінді?!
Бейқам күліп өспеген соң өз басым,
Бос күлкіні ұнатпаймын бір түрлі...

Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда.
Дария шалқар даналығын ал, тыңда!
Сенің сәби сәттеріңнің мысқалып
Айырбастап таба алмай жүр алтынға.
Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда!
Пікір түзетілген: 21 маусым 2011, 15:30
asaubota
қазақ тіліндегі ешқандай «күлдіргішті» қарамаймын. қарау үшін жақсы денсаулық керек та просто.
Abilakim
+ Тематик-мематиктер ұнағаннан емес,ұқнамағандықтан қойылды