Тоқыма туралы аз ғана..



Ең алғаш ілмектің (петля) қай уақытта пайда болғанын ешкім білмейді. Бірақ, тоқыма бұйымдары біздің эрамызға дейін пайда болыпты. Мұны растайтын факті де бар екен. Египет қазбаларында мәйіттен тоқылған баланың аяқ-киімі табылыпты. Зерттеу нәтижесінде ол аяқ-киімнің жасы 4000 жылдан асады деп тапты.
IX-XI ғасырларда тоқымашылар шұлықтарға сөз жаза бастады. Ежелде ең керемет, озат тоқымашылар арабтар болып саналды. Қиын әрі түрлі-түсті өрнектерді олар 2000 жылдай бұрын ойлап тапқан.
Біздің эрамыздың басында металл спицалар пайда болды… Тоғызыншы-оныншы ғасырларда тоқылған бұйымдар әлі сақтаулы. Сондай ескі бұйымдардың бірі-балаларға арналған шұлық екен. Оның ерекшелігі басындағы саусақ бөлек тоқылған екен, кәзіргі қолғаптағыдай.
Европаға тоқыма өнерін Египет арқылы келген христиандар әкеліпті. Осылайша, тоқыма өнері қолөнерге, уақыт өте келе ұлкен өнеркәсіптік өндіріске айналады. Ең қызығы, әуелі тоқымамен ер-жігіттер айналысқан екен. Бұл саламен айналысудағы мақсат, фехтование сайысына шыдамдылықты, дәлдікті, зейін қояюды үйрену болған екен. Бірақ кейіннен тоқыма өнерінің кең жайылуына байланысты уақыт өте келе қыздардың кәсібіне өтіпті.
1589 жылы ағылшын шіркей уағызшысы Вильям Ли бізді инелері бар тоқитын станок ойлап табады. XVIII-ғсырдың аяғында Францияда дөңгелектоқитын мәшине жасалды. Қаншама тоқыма завод, фабрикалар ашылғанымен де қолдан тоқылған бұйымдар қашанда бағалы болып қала бермек.
Өзгеше әдемі, сирек кездесетін тоқыма бұйымына Орынбор бөкебайларын жатқызуға болады. Қолдан өрнектеліп тоқылатын орамалдың көлемі 2х2 м, салмағы 70 г болады.
Тағы да тоқыма өнерінің әдемі туындысына ирландық шілтерлерді (ирландское кружева)жатқызуға болады.
Алғаш рет тоқыманың суреттері мен өрнектерін голландықтар 1824 жылы «Penelope» журналына басып шығарды. Үлгі таңбалары 19 ғасырдың соңында нақты түрде бекітілді. Қазіргі уақытта үлгінің британдық және американдық екі түрі бар.

Материал ЕШКОның «Курьер» журналынан алынды(нақтысы аударылды), ал онда интернеттен алынған делініпті . Суретті қайдан алғанымды білмеймін, тоқыма туралы іздеп жұргенмін, көріп сақтап қоя салып едім.
Бөлісу:

7 пікір

bazuka
апам әдемі жіптермен бізге көйлек, юбка тоқып беретін кішкентай кезімізде. қазір тоқымайды, жұмыстан колы босамайды. қолдан тоқылған дүниелер қай кезде де сән болмақ.
VKM
Райхана, супер)
satibaldi
Сізге ұнамайтын мольберт, кенеп, репродукция, мүсін мен алаша табылған күні мен атылып өлетін шығарм нақ.
VKM
сіздің жасыңызға келгенде, мүмкін, бәрі де ұнамайтын шығар...әзірге ұнайды
araika
суреттегідей ашық түстер ұнайды, тоқымамен айналысатындар тіптен ұнайды