Менімен 1 күні туған досымның тойы)))

1991 жылдың 13 Наурызы… Екі жүкті әйелдер бір уақытта роддомға түседі, бір уақытта босанып, дүниеге 2 қыз әкеледі. Олар: менің мамам мен Гаухар апай, сол күнгі жас нәрестелер: Мен және Айсұлу.
Мамаларымыз сол уақыттан бері дос, біз де алыста болсақ та, хат алысып, каникул кездері бір-бірімізге қонаққа барып жүретінбіз.
Енді міне, Айсұлу ұзатылып, тойдан келдім. Әдемі, нәзік қыз, мектепті «Алтын белгіге» бітірген, Алматының 1 ЖОО 3 курсын бітірді.Оған ата-анасы үй алып берген 1 курста, сонда бауыры екеуі тұрды(бауыры жастар арасында бокстан әлем чемпионы болғасын, Алматыға алдыртқан).Сол бауырына анадай болды: тамағын жасайды, киімін жуады…
Мұғалімдері, туысқандары айтып жатты, біз сені ары қарай оқиды ма деп ойлап едік, биіктерден көреміз бе деп едік деп...неге солай айтады екен, тілегіңді айт -болды
Бірақ тойды ұйымдастыру,қалыңдық пен күйеу жігіттің киген киімдері, стол-бәрі де тамаша болды.
Бөлісу:

26 пікір

konvict
Қосағымен қоса ағарсын!
sigma
Құтты болсын! Сюрет в студию
VKM
сюретке рұқсат жоқ, сұрағанмын)))
bazuka
Құрбың бақытты болсын ВК!
satibaldi
Бейтарап тақырып.
VKM
жазғаныңыз мен үшін өте пайдалы болды, бейтараптың аудармасын білдім
TERISKEY
Жұғысты болсын саған!!!
VKM
БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА да көп рахмет.
blackbeard
Бақытты болсын!
VKM
аумин)
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 01:43
AKY
Құтты болсын
1 күнде туған құрдасымызбен 1 көшенің бойында тұрып едік Ембіде. Мамамның айтуынша, ол босанған бойда, көрші апай келген көрінеді толғатып))))) Сөйтіп Маратик екеуміз 1 күнде туылдық. Кейін біз көшіп кеттік, одан кейін олар да көшіп кеткен көрінеді. Ал былтыр мал.рудың арқасында бір-бірімізді тауып, балалық шақты еске алып, бір күліп алдық.
meirzhan
Бақытты болсын!
Сол той тойларға ұласып жалғасын таба берсін! Құрған шаңырақтары биік, босағалары берік, керегелері кең болсын!
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 03:28
Aizhantabyn
Құтты болсын! Шаңырақтары биік болсын))))
Dinara
Айсұлу мен Дамир бақытты болсын, бір жастықта қартайсын
Айсұлу тым жас екен, бала ғой әлі
VKM
@Altygradus,@AKY,@meirzhan,@Aizhantabyn,@Dinara, пікірлеріңе көп рахмет.Айсұлу бақытты болатынына сенемін.
VKM



Міне суреттер)))
Erkekyz
Кушті . Неге қызжолдас болмадың?
VKM
Мені Астанаға собеседованиеге шақырып, кешірек келдім.Біз жақта мен болдым)
Aizhantabyn
Айсұлулардың бәрі де сұлу ))) Супер!
VKM
рахмет, Айжана. Үйге келдің бе?
Altygradus
ілуге рұқсат алғанбысың  Суреттер күЧт.ҚҰрбың атына заты сай әдеемі екен, көз тимесін. Бақытты болсын
VKM
таңдадық, көп сурет ішінен)))