Кәндәлеттігімді қолдаңдар, жама'ат! Пыртфолио- бар!

«НегеҰ сендерҒ мені, доС?» ©СаянҮш

Уа, адамның ала жібін — осы күні ешкім тоқыма тоқымау себепті — аттап көрмеген ғақлия* мүкәммал** жандар!
Керек-айтыстың әділ қазыларының төрағалығы болмаса да, әлгі, мүшелігіне қабылдауларыңызды жік- жаппар бола отырып сұраймын! Тәжірибең кәне десеңдер — міне нақ, он ерманға жүк болатын жүрсіндігім бар:
1. 2007 жылы Солай.Де сайтында бейпілауыз, салпы ерін, көкбет Кәмила деген қатынды қара сөз айтыстан ендігәрі Инетке жоламайтындай қылып қуып жібердім (өйткеніме — Нұрберген Мақым куәлік еткен, Нұрберген Мақымның куәлік еткеніне куәлік етуге Ерсін деген куәлігін жоғалтып алған)!
2. Дәл сол жылы әлгі қатын реванш алғысы келіп, балқаштық-шымкенттік топтардың қолтығы мен балтырына су бүркуімен қайта шыққанда — одан әрмен тығып жібердім келген жеріне!
3. Петапырталымда 487 жол болатын Цеван-Рабтан мен 777 деген қолданушылардың арбитрі болдым, олар да өлуге келд, менің де дымым қалмады.
4. Ұсақ-түйектерді еске ала беріп не керек, осы отырған исажар болғыр ағайынның жартысының іші біліп отыр ғой (@balzaminka -ның — сырты).

Бұдан басқа, ешкімді жүзбе-жүз, рума-ру танымағандықтан, бүйрек бұру, бармақбасты, көтқысты әрекеттерден ада екенімді және айта кетейін. Объективтілігім сондай, кейде о дүниеге барғанда күнәһарларды анықтау жұмысын атқаруды тапсырып қоя ма деп қиналамын!



*ғақлия — парсышадан болса керек, жақсы сөз сияқты.
**мүкәммал — «мал» деген тіркесі үшін көп қолданамын, жақсы сөз сияқты бұл да.
Бөлісу:

23 пікір

alisha
Объективтілігім сондай, кейде о дүниеге барғанда күнәһарларды анықтау жұмысын атқаруды тапсырып қоя ма деп қиналамын!
just19
Неткен жүрекжарды сөздер! Көздің жауын алған қандай керемет сөздер! Керемет! Керемт! Керемет! Біреудің сағын сындырса, біреудің арқасын қайыстырған әсерлі тіркестер! Фышт! Фышт! дегілеп арт жақтағылар оқырынып-ысқырынуларын қояр емес. Мына жақтағы Зал ду көтеріліп, бір ауыздан дбұрыс! дбұрыс! деп көк байрақты желбірете тұрып қолдай жөнелді.
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 14:54
qisyq
Сайлауалды бағдарламаңды жазуды және оны халық арасына таратуды өз мойныма аламын.
Abilakim
Камила-МараКами ма?
bazuka
1. 2007 жылы Солай.Де сайтында бейпілауыз, салпы ерін, көкбет Кәмила деген қатынды қара сөз айтыстан ендігәрі Инетке жоламайтындай қылып қуып жібердім (өйткеніме — Нұрберген Мақым куәлік еткен, Нұрберген Мақымның куәлік еткеніне куәлік етуге Ерсін деген куәлігін жоғалтып алған)!
хе хе армия құрып едіңіз ғой соғысуға)))))))))
just19
Солайде ашылғаннан жабылғанына дейін бірге болған едік. Соғыстың болғанынан хабарым жоқ бірақ. Ол кезде Сатыкенің философиясын түсініппіз бе.
bazuka
арнайы соғысқа дайындалған қару-жарақтарды да көрмедіңіз бе?)))))))
just19
Көрсетіңіз! Тарихи жәдігерлерді көріп мәз боп қалсын ел артындағы ұрпақтар
saken
ее, несін айтасың, қар мен су кешкен отты жылдар еді ғой ол кез.
Gastarbaiter
Хер-амсармалдың "*издун ауылына" қарсы бағытталған "Қасиетсіз Интифад" пен Дәруіш Азаматтық соғысы қайда?
saken
Гули деген ақындыққа жақын қызбенде бір майдан болып еді.
AKY
Қос қолдап қолдаймын!
Makhabbat
1. 2007 жылы Солай.Де сайтында бейпілауыз, салпы ерін, көкбет Кәмила деген қатынды қара сөз айтыстан ендігәрі Инетке жоламайтындай қылып қуып жібердім

ия білеміз,«Камилатанушы» деген атақта алгансың…
Камила байғус соңында жылап тынатын
meirzhan
 Бір күліп алдым.
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 21:31
Qojeke
Осы жақсы жазып келіп боқ жеп кететінің не сенің?
satibaldi
Тұяғымды жемеш.
Qojeke
Жейтін тұяғыңда қалмады сенің  Мына айтысқа тігерге тұяқ таппай отырғаныңды жасырмай айтттт. @izgilik
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 23:08
VKM
satibaldi,самовыдвиженец,қолдаймын)
VKM
@satibaldi, пыртфолио в студию!
satibaldi
Енді жазған жоқпын ба, пункт бойынша? Енді бар ғой, саған бірдеңе жазсам — Мәлік атым құрысын ше!
VKM
 сурет дегенмін)
satibaldi
Бәрі кеш: Мәлік атым құрып кетті.