Медиктер күні!

Ия, бүгін медиктер күні. Әкем мен ағам хирург, шешем терапевт болған соң, біздің отбасы үшін бұл мерекенің маңызы ерекше. Мен де көзімді ашқалы бері шай басында дәрігерлік қызметтің қызық-шыжықтары талқыланушы еді. Үйдегі кітапханамыз да 90 пайызға медициналық кітаптар болған соң ба, кейде менің «Дымбілмесім» де «Махаббат қызық мол жылдарым» да сол «Анатомия» мен Патологиялық физиология кітаптары болды.
Күйіп қалу, үсіп қалу, және басқа жарақаттардың барысы кішкентайымда қызық болып, кесіртке, құрбақалардың қарнын алмаспен жарып қызықтап, жасөспірімдік кезде үлкендерден тығылып, әйелдер анатомиясын оқып отырушы едім. Жалғастыра берсем, бірінші курсымда да мед институттың жатақханасында жаттым. Олардың приколдары мен өмір салтын жатқа білдім. Онда да бірінші курстың ағылшын тілі сабақтарына көмектесемін деп біраз терминдерді үйрендім.
Жә, Джек пұтарлаушы я Ганибал Лектордың өмірбаяны сияқты болып кеткен сияқты. Бірақ айтайын дегенім, бұл мерекенің мен үшін де маңызы үлкен. Медицина саласындағы дос, туыс-таныстарым менің өз саламдағылардан көп екен. Солардың барлығын құттықтаймын.
Сонымен қатар менің казнетте Алтын ник есімді Салтанат деген медик қарындасым бар екенін білемін. Жастар.біз- дегілер мен СОлай.Деліктер де тануы тиіс.
Және болса, ДА -ның Рейхспроктологы Кербабаев Сатыбалдыны да медицинаға енгізген жаңалықтары үшін, атап айтқанда, Проктопсихоанализ ғылымының негізін қалаған және тағы басқа пайдалы-пайдасыз еңбектері үшін рахмет айтып, құттықтағым келеді.
Қолдарың да басқа мүшелерің де дерт көрмесін.
Бөлісу:

22 пікір

madlen
Осы күннің қызығын көріп жатырмын жұмыста
КазНИИ Онкологии и Радиологии мен Сызғанов институтының барлық врачтарын майлап жатыр фарм компаниялар.Европаға жолдамалар, техника жабдықтары, мейрамханалардағы кештер…
Фармбизнес деген қорқынышты индустрия екеніне жылдын жылға көзім жетуде.
meirzhan
Тарақандардың рецепторлары туралы білуіңнің сырын түсіндім.
Барлық ақ халатты абзал жандарды мерекелерімен құттықтаймын!
madlen
Құтты болсын! Абзал жандардың жұмысы азая берсін!
Gastarbaiter
@madlen, Меніңше постымды әлеуметтік тақырыптар қозғау мақсатымен жазбадым. Бірақ сенімен келісемін ол қорқынышты индустрия.
Пікір түзетілген: 18 маусым 2011, 15:41
madlen
Білемін, просто медиктер күні десе, ойыма осы ғана келеді.
Жұртқа диагноз қою өнері қайдан сенде десем
bazuka
ақ халатты замандастардың кәсіби мерекесі құтты болсын!
жаңа бір кезде бұрыңғы жұмыстастарыма құттықтау хабарламаларын жібердім.
madlen
негізі ертең емес па мереке?
Gastarbaiter
Ия, бірақ тақырыптың датасы бүгін
Erkekyz
Мен де барлық медиктерді мерекелерімен құттықтаймын! Отбасымызда анам, үлкен ағам медик. Үокен ағама қызығып бір жылдары нақты түрде дәрігер боламын деп шешкен едім, соның ішінде кардиолог боламын деп. Бірақ өмір қашанда біз қалағандай бола бермейді екен, бірақ осығанда шүкір. Жақсы медиктер көбейе берсін, пациенттер азая берсін(әрине сауығып).
saken
Құтты болсын мерекелері Ақ халатты абзал жандардың!!!

менің казнетте Алтынай есімді медик қарындасым бар екенін білемін. Жастар.біз- дегілер мен СОлай.Деліктер де тануы тиіс.
қателеспесем руы Алтын есімі Салтанат деген қарындасымыз болуы тиіс еді. Әлде басқа Алтынай ма екен?
Gastarbaiter
Өзі ғой… Салтанат. Нигі Altyn болатын.
edige
Бүгін Ерекше тост болып жаткан шыгар онда…
VKM
Мен де медиктерді құттықтаймын! Бізде папам жақта(4 тетямның 3-уі дәрігерлер, ағам мен жездем) да, мамам жақта(4 кісі) да медиктер көп. Кіндік ата-анам да медиктер. Мен де медакадемияға баруым керек болатын,қалай финансқа кетіп қалғаным енді жұмбақ… сіңлім енді барады, туғаннан құлағына құйылған)
satibaldi
Мен де медакадемияға баруым керек болатын,қалай финансқа кетіп қалғаным енді
Сатрашный тағыдар екен нақ, сонша непредсказуемый болғанда да енді ше
VKM
құттықтаймын, сатыпалды.Ауруларыңыз аз,өміріңіз көркем болсын
satibaldi
Ауруларың аз болсын деген тілек — клиентсіз қалып, аштан өл деген сөз. Кім, кім, ал сенен күтпеп едім нақ.
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 00:25
Gastarbaiter
Сен медакадемияға бармағаның қандай жақсы болған. Әйтпесе, ішіп алып аварияға түсіп, боқтап жатқан пациентті «Грубиян, фи» деп артериясын «байқамай» тіліп жіберермісің?)))
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 09:53
Qojeke
Өзіміздің қазақ емессің бе бастық болуды қалайтын, ақшаны қытырлатын санауды қалайтын.
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 07:22
Janasil


Астана медицина университетінде өткен кештен үзінді. Сахнада университет ректоры М.З.Шайдаров және университеттің үздік оқытушылары.
Gamk
Жылағым кеп отыр. 19-ына ғаламторға қосыла алмай, ертеңіне кірсем ешкім құттықтамай жүйкеме тиді-ау. Аяғы бәрінен сұрап алдым. Гаста аға, рахмет! Саған 5 Рысбекті жібердім.