Суға кеткен тиындар

Сүт сатумен айналысатын шаһар тұрғыны соңғы кездері сүтке су қосып сатуды ойлап шығарыпты. Күндердің күнінде, әлгі сатушы көрші қаланың базарынан табыспен үйіне кемеде қайтып келе жатады. Жолда көзі ілініп кеткен саудагер ояна келсе, тиын салатын әмияны орнында жоқ. Іздей бастаса, әмияны желкенге шығып алған мақұлық маймылдың қолында екен. Маймылға жалына кеткен саудагер қолын созып әмиянын сұрайды, бірақ маймылдың берер түрі жоқ. Ішінен тиындарды шаша бастайды: мақұлық бірін саудагерге лақтырса, бірін суға лақтырып ойнайды. Құдды бір табыстың тең жартысы суға тиесілі екендігінен хабардар еткен сияқты.
Бөлісу:

6 пікір

Qojeke
Ондай күн туа қалса миллиардап ақша жиғандардың көбінің тиындары Қазақтың кең даласына, орта деңгейден төмен деңгейде өмір сүретін халыққа шашылар ма екен?
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 21:55
meirzhan
Маймыл — әділеттіліктің жаршысы.
omarbirat
Бұл әңгімені әнек түрінде оқығаным бар еді. Басты рольде — Қожанасыр баяғы. «Суы суға кетіп, қатығы қолда қалды, бәтшағардың» дейді соңында
Qosay
Құдайдың шеберлігі ғой бұл
satibaldi
Меніңше, кеме боцманын жазалап, жұмыстан қуу керек. «Теңізде жүзу ережелерінің жинағында» жолаушы таситын кемеде арнайы рұқсат етілген мақұлықтар тек қана торда қамауда отыруы тиіс.