Қажеттілігі айдан анық заңның қабылданатын кезі келді емеспе?

Жеке тұлғаларды банкрот деп жариялайтын заңның төңірегінде ой бөліссек…
Бөлісу:

26 пікір

KILYZAMAN
«192 мың теңгені төлей алмай жатқан қарызгер өзін банкрот деп тани алады. Сот банкрот деп таныса, дүние-мүлкін сатудан артылған қаражат ипотека алған борышкер мойнына жазылмайды». Мұндай баптарды Қаржы министрлігі жазып жатқан «Азаматтық кодекске жеке тұлғаның банкроттығы туралы өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қарастырылған. Осы орайдағы жұмыс 2008 жылы басталғанымен, әзірге заң жобасы Парламентке тапсырылған жоқ. Айта кеткен жөн, «кепілдегі мүлік сатылса, қарызгер банк алдындағы борышынан түгелдей құтылады» деген бап ипотека туралы заңда да бар. Біз жеке тұлғаның банкроттығына қатысты пікірлерін білдіру үшін банк несиесіне тікелей қатысы бар бірнеше тұлғаға сауал жолдадық.
дереккөзі
KILYZAMAN
Ипотекалық қарызы барларды жаппай үйлерінен шығарудың алдын алу үшін жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң керек, деп есептейді «Гражданское право на жилье» қоғамдық бірлестігінің тең төрағасы Николай Комаров.

«Қазақстанда банктің заемшысын қорғайтын заң жоқ. Біздің заңдарымыз бізге өз құқықтарымызды қорғауға мүмкіндік бермейді. Басқа елдерде мұндай қызметті жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң атқарады … Бізге осындай заң жетпей тұр», — деді Н. Комаров сейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның атап көрсетуінше, жақын уақытта Батыс Еуропа елдерінің, АҚШ-тың, содан кейін Қазақстанның экономикалары көтеріле бастауға тиіс. Бұл тұрғын үй бағасының қымбаттауына және ипотекалық займдардың артуына алып келеді. Бұл өз кезегінде қиын борышкерлердің үйлерін тартып алу бойынша сот процестерінің толқынын тудырады.

«Қазіргі дағдарысқа байланысты пәтерлердің құны ипотекалық борышкерлердің банктерге қарызынан төмен», -деді ол.
толық нұсқасы
Serzha
несие алар алдында жақсылап ойламай ма?
кейін өзін жалған банкрот деп жариялайтын алаяқтар пайда болады. ал зардап шегетін жай халық
KILYZAMAN
кейін өзін жалған банкрот деп жариялайтын алаяқтар пайда болады.
-ондай алаяқтар- заңды тұлғалар. Оларға жолды баяғыда ашып қойған. Ал жеке тұлғалардың мәселесінің пұшпағыда иленген жоқ…
Serzha
неғып алаяқтар, қаржысын қайтара алмай жүргендер үшін бе?
Пікір түзетілген: 15 маусым 2011, 20:38
KILYZAMAN
Заңды тұлға дегенді қалай түсінуші едің? Бұрыннан құрлыған кәсіпорынның жекеленіп кейін оның банкротқа ұшырағаны жайлы ойланып көрші өзің?
Serzha
кәдімгі заңды тұлға. әңгіме ипотека, несие туралы емес пе? ал оларды банктер бермейді ме?
ал сіз
Бұрыннан құрлыған кәсіпорынның жекеленіп кейін оның банкротқа ұшырағаны жайлы ойланып көрші өзің?
KILYZAMAN
Ипотека алушы — жеке тұлға!
Пікір түзетілген: 15 маусым 2011, 20:34
Serzha
беруші банк — заңды тұлға. ал сіз жекешелендіру туралы айтып кеттіңіз
KILYZAMAN
Жеке тұлғаны банкрот деп жариялауға мүмкіншілік беретін заң туралы ой бөліссек деп едім. Оған себеп, өңгере алмай жүрген түйткілдерім көп. Керекшілер арасында заңгерлер мен экономисттерде бар шығар.
Үлкен кәсіпорындарды жекешелендірілуі көп жемқорларға нағыз майшелпек болды. Еш жанашырлық танытпастан, талай былық істер істеліп кетті. Ал жекешелендіргендердің бәрі — заңды тұлға болып саналады.(Банкротқа ұшыратып қызығын көрудің(қазынаны тонаудың) нағыз мамандары)
Пікір түзетілген: 15 маусым 2011, 20:42
Serzha
жекешелендіру қашан болып кетті? баяғы 90жж емес пе?
KILYZAMAN
Қайтақұру кезеңінен басталды… Қолы жеткендер — сыбайлас жемқорлар! Халық шелек жалап қалдыда айранды айлалылар ішті(ішіп жүр деседе болады)
Serzha
енді? жт банкроттығына қандай қатысы бар?
KILYZAMAN
Егер заң қабылданса, ипотеканы(өмірде не болмайды) төлей алмай қалып шын қыжалатқа ұшыраған жеке тұлғалардың банк алдындағы қарызы кешіріледі.
Serzha
ал сенен біреу қарыз алса ше? кейін қайтармайды. өзінің атына жазылған мүлкі жоқ. бірақ шетелдік көлікті айдап жүр. екі қабатты коттеджде тұрады. өзін банкрот деп жариялап жібереді. қайтесің сосын?
KILYZAMAN
Менен қарыз алғандардың амандығын тілегеннен басқа амалым жоқ болады.(Өзіде солай болып жатыр :-) )
Ал қабылданатын заң: банкпен — жеке тұлға арасындағы мәселеге арналмақ деп ойлаймын…
Serzha
бұл заңды қабылдаса, банктер жұртқа несие бермейтін болып шығады. не жинайтын құжаттардың санын еселейді
KILYZAMAN
Өзегі соқталанған нәрселер шешімін табары анық. Банк жүйесі амалсыздан пайыздарын төмендетуге қадам жасайды
Serzha
өздері жоғары пайызда алып отыр
nurbergen_makym
Лібә, ойыңызға келмейтіні жоқ екен, нақ. Шын айтам.
Мен Сізді кей-кезде, асүйдің терезесінен телміре қарап, қара шайды сіміріп қойып, қай-қайдағыны ойлайтын шал деп елестетем.
KILYZAMAN
Бастағы сұпсұр қоймалжыңның мылжыңдары ойға нені сүйреп әкелмейді дейсің?
sigma
Былайша қарағанда заңды тұлға банкрот болса, банкрот деп танылады, сосын қайта, басқа бизнес басталады. Фирма қожайыны ұтылмайды.

Жеке тұлға банкрот болса, қайта туылмасы анық. Банкрот болудан сақтасын, біраз банкроттықтың зардабын шегіп көрдік.
Ұн жұмыртқаға сығымдап жинап, шай мен бауырсақ сатқан да күндер өтті басымыздан.
omarbirat
Жеке тұлға банкрот болса, ликвидацияға немесе қайта ұйымдастырылуға жата ма?
Abilakim
Банкрот болдың деп ана үйін алып қоймаса болды әйтеуір. Банкрот деп танып, уйді қалдырса жақсы болар еді. Немесе бас қатырмай пайыздарды төмендету керек 5-7 пайыз аралығыда пайда көруге жетеді.
KILYZAMAN
Заң қабылданса ала алмайды…