Тағы бір редактор


Ubuntu-ға көшкенен бері бір сыпыра бағдарламаларды қондырып, игеріп те қалдым. Бірін күнде пайдалансам, бірін ара-тұра дегендей. Бүгін бір шаблондарды қазақшалап тастайын деп, ұнағанын түсіріп алсам, ішінде дайын *.ро файлы бар екен. Еш бас қатырмастан өткен жолғы bluefish-ке салдым да бұрқытып шықтым. Енді бұл файлды *.мо етіп конвертация жасау керек еді. Өткен әзірде терминалда бір комадалар арқылы конвертациялауға болатынын оқыған едім. Гуглдетіп таба алмадым, сәпсем ештеңе емес таптым, бірақ мен үшін түсініксіз жазылған екен.
Бұрын виндоуста жүргенде PoEdit деген редактор қолданушы едім, соны да бір қарайыншы деп гуглдетіп отырып таптым, убунтуға арналған түрін.
Ubuntu 10.10 үшін стандартты репозиторилер қатарына енгізілген екен. Орнатылуы да жеңіл:

sudo apt-get install poedit
Бөлісу:

6 пікір

asaubota
негізі ше темаларды аударған кезде po файлын аударғанша соның мәні беріліп тұрған теманың ішіндегі жерге жазу керек аударманы. po файлына сілтеу серверге кішкене болса да жүк болады. сосын Wordpress-ті жеңілдетудің бір түрі, теманың header.php файлына өзгерістер енгізу, атап айтқанда мындай мысалы:

<meta http-equiv="Content-Type" content="text/html; charset=UTF-8" />

<title>Арулар — www.arular.kz</title>

<meta name="description" content="www.arular.kz" />

<meta name="robots" content="index, follow" />

<link rel="stylesheet" type="text/css" href="http://www.arular.kz/wp-content/themes/manifesto/style.css" />
<link rel="stylesheet" type="text/css" href="http://www.arular.kz/wp-content/themes/manifesto/styles/red/style.css" />
<link rel="stylesheet" href="http://www.arular.kz/wp-content/themes/manifesto/css/dropdown.css" type="text/css" media="screen" />

<link rel="alternate" type="application/rss+xml" title="Арулар RSS Feed" href="http://www.arular.kz/?feed=rss2" />
<link rel="alternate" type="application/atom+xml" title="Арулар Atom Feed" href="http://www.arular.kz/?feed=atom" />
<link rel="pingback" href="http://www.arular.kz/xmlrpc.php" />
  
<link rel='stylesheet' id='wp-polls-css'  href='http://www.arular.kz/wp-content/plugins/wp-polls/polls-css.css?ver=2.50' type='text/css' media='all' />
<script type='text/javascript' src='http://www.arular.kz/wp-includes/js/l10n.js?ver=20101110'></script>
<script type='text/javascript' src='http://www.arular.kz/wp-includes/js/jquery/jquery.js?ver=1.4.4'></script>
<link rel="EditURI" type="application/rsd+xml" title="RSD" href="http://www.arular.kz/xmlrpc.php?rsd" />
<link rel="wlwmanifest" type="application/wlwmanifest+xml" href="http://www.arular.kz/wp-includes/wlwmanifest.xml" /> 
<link rel='index' title='Арулар' href='http://www.arular.kz' />
<meta name="generator" content="WordPress 3.1" />


сайтыңыз бен теманың файлын салысытырып көріңіз, вордпресстің версиясынан бастап, кодировкасына дейінгі ұсақ-түйектің бәрін сұрайды базадан. әрине бұл жүк болады әр ашылған сайын. сондықтан ондай жерлерін қолмен жазып шыққан дұрыс, теманың ішіндегі стиль файлдар т.б сілтемелерді де.

сосын мұндайлар футерде де көп кездеседі.
sigma
Бұрындары солай еді, әрбір файлға кіріп, аударып шығатын едім, соңғы кездері осы *.po файлдарға көшіп жүрмін. Былайша айтқанда ыңғайлы барлық аударуға қажетті сөздер бір файлға жинақталған.
Және бұрынғыдай жұртта өлген интернет жоқ қой қазір. Ал хидер мен футердегі айтқаның туралы ойлантын жағдай екен, бұрын нетіп көрмеппін.
just19
Интернет клуб ашқанмын. Лицензияға көп ақша шығармау үшін барлығына Линукс Ұбынту орнатып тастадым. Орталық басқарушыда ғана Виндоус тұр.

Енді, тек интернет қана жасалады. Wine эмуляторы арқылы майл.ру агентін орнатып қойдым, әрине көпшілігі интернетке майл.ру үшін ғана келеді екен. Симмс, КотрСтрайк сияқты DirectX видеосигналдарын қатты қажет етпейтін ұсақ ойындарды да орнатайын десем болар емес, қатемен ашуымды келтіріп жатыр. Клиенттер болса, болмаса контыр страйк, фифа мен симмс қойып бер деп өтінеді. Былайша, көмек сұрап отырман Сіздерден…
sigma
Контер страйктың линекске арнап жазылған түрін бір форумдардан көргем, атын ұмытып отырмын.
линукске арналған басқа да жақсы ойындар бар іздеп көріңіз. Көптеп орнатып қалармыз бәлкім.
KILYZAMAN
Не жайында болып жатқан сұхбат екенін өңгере алмай отырғаным :-(
blackbeard
Әлгі, Wordpresste тіл файлдарды өңдейтін қызметі бар емес пе еді?