«Ұлытауға бардың ба?..» немесе Фергюсон ізімен...)

Уа, жамағат!

«Ұлытауға бардың ба,ұлар етін жедің бе?» — деген бізде халық арасында сөз бар еді. Ұлытауға Алекс көке Фергюсонның не қатысы бар деп отырған шығарсыз, бағытымен баяндайын…
Әлқисса. Ыстамбұлда болғанымды білдіріп, шатып-пұтып пост ілген ем, сол күнннің кешінде көршілес Бурса қаласына бағыт алып, автобуспен шығып кеттік. Ыстанбұл-Бурса арасы 5-6 сағаттық жол екен, сол үшін де мұнда екі арада автобустар зырылдап ағып жатыр, ағып жатыр. Іңір тарта жолға шыққан біздің автобус таң қылаң бере Бурсадан бір-ақ шықты!

Бурса!!!

Түрік тарихының ең алтын тұсының кіндігі де осы Бурсада байланған десед. Аты мәшһүр Осман империясының негізін қалаған Осман Гази мен ұлы Орхан Газидің талай билікті баян еткен асыл идеялары мен жойқын әрекеттері тап осы қалада туылыпты һәм өздері де тап осы қалада қалада жерленген. Ең алғашқы Осман империясының күміс монетасы осында соғылды. Міне, осындай тарихи жайттарға қаланы кезу арқылы қаныға түстік.


1.Жоғарыда аты аталған Осман Гази мен ұлы Орхан Газидің жатқан жерлеріне барып, тарих таразысына үңілу – бұл жаққа бет бұрған жолаушылардың айнымас қағидасы екен. Біз де бұл салтты бұзбайық деп, сапарды нақ сол тұстан бастадық.


2.Әкесі атақты Мұрат I-ден мирас ретінде билікті алып, ең алғашқы бұйрығын өзінің туған бауырын өлтіртумен бастаған қатігез Йылдырым Баязид сұлтанның бір кездері Бурса әміршісі болғаны жөнінде деректі мұндағылар жатқа біледі екен, неге дейсіз ғой, оның себебі мынада екен: Йылдырым Баязид сұлтанның бұйрығымен 1399жылы салынған «ҰлыЖами» мешіті бұрынғы мен бүгінгінің рухани көпірі іспеттес! Оған да бас сұғып, жұма намазымызды өтеп шықтық.



3. «Ұлытауға бардың ба, Шынар бағын көрдің бе?» Біздің қазақ сахарасындағы Ұлытауға айтылған сипат сөзге ұқсас тіркес мұнда да бар екен. Бурсалы Ұлытау тауының ең ұшар баснда орын тепкен бұл шынарға бүгінде 600жыл толыпты. Түріктер үшін бұл жер де ең қасиетті орындардың бірі.(Бір ерекшелігі олар біздің Әулиеағаш секілді мата байлап, құран бағыштап жатқанын еш көрмедім.)


4. Негізінен Түркияның әр қаласы өзінің бір нышанымен ерекшеленіп тұрады екен, мұндағылардың айтуынша, Бурсаның нышаны — «köfte» яғни котлеттің елі екен! Мұнысына сол айтқан сәтте-ақ (түс ауа қарын ашқанда) куә болдық.Қала орталығынан шыға берісте орналасқан «Көфтеге» арналған ескерткішке бір тамсанып қойып, ыстық та дәмді көфтеден ауыз тиіп, қарынға ел қондырдық.


5.Енді түріктердің делебесі қозатын фанатизм мәселесіне келейік. 2009-2010 жылғы Түркия лигасында өз үйінде «Бешикташты» 2:1 есебімен жеңген, 2010жылдың екінші қарашасында (олар мұндай даталарлы жатқа біледі) «Манчестер Юнайтедтің» табаны тиген «Ататүрік» стадионын жоғарыдағы тарихи жәдігерлермен теңдей көретініне қалай таңданбассың! Бурсаға келген қонақтардың да бірден бір кезетін нысаны да осы! Несі бар, Фергюсондардың табанны тиген жерге біздің табанымыз неге тимесін, суретке түсіп алдық,әбілдің…


ПыСы. Айтпақшы, ана стадионды бұзғалы жатыр деп естідім, оның орнына өзге жерден құрылыс басталып та қойыпты.
ПыСыСы. Шұбыртқан жазуыңнан суретің көп болып кетті, ретсіз, талапқа сай емес, бла-бла деп сөге көрмеңіздер, қолдан келгені осы болды!
Бөлісу:

21 пікір

konvict
Охо! Астынан санағанда екінші суреттегі сол жақта тұрған Орхон бей ғой! Менен сәлем айт көрсең тағы!
blackbeard
Бұл жолы ұлы флудшы бабалардың ізімен емес, дұрыстау жазайын!
Кофтенің отаны екені бірден білініп тұр әлгі жердегі ескерткіштен
Мәдениеттері де өте қызық екен! Шымкенттің ішінен помидор мен қиярдың үйлесім тапқан монументін жасайм әкім болғанда)
Жақсы демалыс тілейм
edige
Мен Парламенттің алдына «Майлы 7 Шелпектің» ескерткішін орнатар едім
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 09:18
VKM
@TERISKEY, күүүшті. Сен мұғалім сияқты жазыпсың, суретімен, түсінікті қылып.Тағы қызықты әңгімелер күтеміз
qisyq
Бла-бла-бла...)))))
Әдемі, Мейірбек! Котлетке арнаған ескерткіштері қызық екен))
Lyaila
Қандай зәулім ағаш! 600 жыл Бұл да бір табиғаттың ерекше сыйы шығар!
ushkin
Сапарың сәтті болып жатыр екен!
Erkekyz
Жазбаңнан саяхаттың қызықты өтіп жатқаны көрініп тұр.
AKA
Allah razı olsun süper olmuş!!! ULU CAMİ çok güzeeeel! Tek kelimeyle harika!
Rozatai
ой, қандай күшті!!! Мына жақта жер-көкке сыйғыза алмай жүрген түрікшеңіз (ық-ық) анау жақта еркін көсіліп жатқан болар, жарықтық! ))))))))))
manfan
Фергюсонның табаны тиген жерден топырақ салып алмаңдың ба? ))))))))))))))))))))) хехехеххехе
Bekjan
Кеше ғана мен жүріп өткен жерлер… Мен осы айдың 2-3 болдым Бурсада… Керуенсарай деген жердегі 600 жылдық моншасына түсіп қайттым..)) Ана «тарихи чынар» ағашында, әжептуір сыр жатыр..
aktobe88
мдааааа. Бурсаға тағы бір рет барып келу керек екен. Мен анау Орхан Газидің түрбесінен басқа ештеңені көрмеппін.
Сосын, Бурсаспордың стадионын көргеніңді жазыпсың да, Бешікташтың стадионын неге жазбағансың, қасынан пәленбей рет өттің ғо))))
Кестане(каштан) жемедіңдер ма? Бурсаны кестаненің де отаны дейтін.
Көфтесін білмеймін да сосын айтпақшы, бізге гид кебабтың отаны деген еді.
Dinara
Инегөл деген жер бар, Бурсаға жақындаған кезде, жолда, сол жер көфтенің отаны екен. Суреттегі ескерткіш те сол жерде қойылған. Біздің басқа жерлерде жеп жүрген инегөл көфтеміз ол жердікінің қасында жәй әншейін боп қалады екен
Сосын Бурса жібектерімен атақты, кезінде пәленбай гектар жерде тұт ағашын өсіріп, жібек өндірісімен айналысқан екен. Қазір де жібек орамалдары көздің жауын алады базарларында.
aktobe88
нағыз жібектер сол жақта дейтін
Dinara
http://pics.kz/view/2503058#
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 19:26
Dinara
ии сурет қоя салайын десем, жасай алмадым
TERISKEY
ық-ық мен де аша алмадым, Инегөлде де болдым, Инегөл Бурсаға қарасты бір иль ильче ме бірдеме екен, сол үшін Бурсаға телігенім ғой
AKY
Өй, айналайын, демалысың жақсы өтсін!
TERISKEI
рақымет, әпкееее!!