Спорт туралы жаңа ақпараттық портал ашылды, орыс тілді бірақ

Спортсүйер қауымға арналған Sportinfo.kz ақпараттық порталы ашылды. Бүгін Алматыда сайт иелері арнайы баспасөз мәлихаты өткізіп, интернет-порталды таныстырды.

Порталдың құрылтайшысы – Ринат Тоғысов, бас редакторы белгілі спорт журналисті Гений Төлегенов екен. «Портал спортты сүйетін жандарға арналған. Мақсатымыз — спорт әдемінде болып жатқан жаңалықтар туралы интернет арқылы жылдам, жедел ақпарат тарату»,- деді порталдың бас редакторы Г.Төлегенов.

Сайттан футбол, хоккей, теннис, велоспорт, бокс, күрес және қысқы, жазғы спорт түрлері бойынша ақпарат алуға болады. Онлайн трансляция арқылы футбол матчтарын тамашалауға да мүмкіндік бар екен. Басымдылық футболға берілетін сияқты. Г.Төлегенов әлі қайта айта берді, өйткені.

Баспасөз мәслихатынан соң қарап отырып, қызық ақпаратты оқып қалдым. Президенттің «Астана» клубында доп тебетін жиені Айсұлтан Назарбаевты өткен жұмада түнгі клубтағы төбелес салдарынан полиция қызметкерлері соққыға жыққан көрінеді.Өткенде шеті шығып, рас-өтірік десіп жатыр еді.Бұл ақпарат ып-рас деп тұр сайттағы жаңалықта.
Бөлісу:

7 пікір

Onlasyn
@Erbol, қазақша сайт спорт туралы ашылса, ақпаратпен толтырар ма едіңдер?
konvict
Аламан.кз бар емес па?
Erbol
Әрине, дәл қазір кез-келген сайтты ақпаратпен қамтуға болады.Спорт саласы туралы қазақша жазатын тек Аламан кз мен footbolғана.kz ғана бар.Мына сайт орысша, жазылмай жатқан мәселе көп.Болады, толтыруға
saken
Президенттің жиені Айсұлтан Назарбаевты полиция қызметкерлері соққыға жыққан көрінеді.
Полицейлерді не күтіп тұр екен?
Erbol
Бұл іс бойынша 40 полиция қызметкері қамалыпты деп жатыр интернетте
Qojeke
Прокурордың арнайы баспасөз өкілі міз бақпайсатан «Ешқандай заң бұзышылық болмады» деді. Түріне қарап, «дамбалын бүлідіріп қойды ма?» деп ойладық.
asaubota
сайт әлсіз. спортс.кизеттерге бәсеке бола алмайды. жиі жаңартылмайды екен.