Фотоаппараттың флеш-жадындағы суреттер

Қолыма фотоаппарат тисе, не болса соны түсіре беретін әдетім бар еді. Сонда не үшін дейсіңдер ғой. Жай. Үйге келген соң, флешкісін ноутбукқа салып, суретке түсірілген заттардың ұсақ-түйек детальдарына қарағанды жақсы көремін да )) Бірдеңені ермек қылу керек қой енді

Мына шыршаны Медеу жақта түсіріп едім. Ұшындағы сары шошағы аурудан ба, әлде ағаштың өзінің тұқымы сондай ма, біле алмадым.


Мынау — жай бір жабайы гүл. Түсіргім келді — түсіре салдым, нақтың.


Ал енді мынау — ауылдағы үйдің алдына шешеміз отырғызып кеткен раушан гүлі. Күзге қарай адамның бойымен бірдей болып тұрады


Суреттердің үстінен бассаңдар, Радикал.руда түпнұсқалары ашылады. Мына жерге превьюлерін үлкейтіп қоя салып едім
Бөлісу:

14 пікір

meirzhan
3-ші гүл әдемі екен.
omarbirat
Кешқұрым түсірген болатынмын. Фотоаппараттың жарқылынан түсі осендай боліп һалде
AKY
Атластай «ялтырап» тұр)))
Nurgisa
Ұстендеғі саре болеб тұірһан сұіретте қараб отереб мена бір олең оіһа оүраладе екен: «Ботаһанеем, сәседінен аумай халһан»…
AKY
Мынау — жай бір жабайы гүл.
«чистотел» емес пе?
omarbirat
Не өсімдік екенін білмедім. Әдемі көрінгесін түсіре салғанмын ғой.
AKA
Раушан гүлі ұнайды маған  Тамаша!!!
Arhun
Қолыма фотоаппарат тисе, не болса соны түсіре беретін әдетім бар еді.
/не болса соны емес, ұнағаным бойынша/ де
Бәрібір де адамға не ұнаса, көңіліне жақса соған ойын бөледі /подсознательно/
Үстіп түсіре берсең, машықтанасың кейін
Пікір түзетілген: 9 маусым 2011, 22:31
Altygradus
Түсіргім келді — түсіре салдым, нақтың
өртейсің
жабайы гүл ұнады түсі
asaubota
бұрынғы пленкалар дәуірі кеткелі дым фотоға түсіргім келмейді
omarbirat
Кезінде, фотоаппаратқа кез келген адамның қолы тиіп көрмеген заманда ұстап көрген жігіттер де пленканы мақтайды. Біздің қолға мұнда ғана тиіп жатыр ғой. Үйде фотолар үйіліп қалды. Шығартуға уақыт (ақша) жоқ. Цифровой фотоаппарат қолжетімді болғасын, суреттердің де қадірі кетеді екен )